26 наурыз 2016 17:49

Чувашиялық велосаяхатшы Алматыға жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/cheb_travel © instagram/cheb_travel

Чувашиялық велосаяхатшы Никита Васильев Алматыға дейін 6000 шақырымнан аса жолды жүріп өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Чувашиялық велосаяхатшы Никита Васильев Алматыға дейін 6000 шақырымнан аса жолды жүріп өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

22 жастағы Никита Васильев осыдан жарты жыл бұрын велосипедпен саяхатқа аттанған. Ол бұған дейін Кавказда болған, ол бұл қысты Орта Азияда өткіземін деп шешті, осыдан кейін Таяу Шығысқа жол тартпақшы. Ол географ мамандығы бойынша оқыған және кейін мектептегі оқушыларына басынан өткен оқиғалары жайында айтып беремін деп ұйғарыпты. Осы уақыт ішінде ол 6500 шақырым жолды жүріп өтіп үлгерді.

"Неліктен Қазақстан? Бағыт Орта Азиямен өтеді, Ақтөбеден Шымкентке дейін мың шақырым жол жүрдім, әрі қарай Ташкентке, Өзбекстан, Тәжікстан, сонда қыстадым. Кейін Қырғызстанға жол тарттым. Қазір тағы Қазақстанда, Алматыдамын. Бұдан әрі Өскемен, Алтай және Таяу Шығыс. Мені ешқашан ештеңе қынжылтпайды. Бәрі қызық", - дейді саяхатшы.

"Өз блогымды жүргіземін, көптеген адам жазылып, қонаққа шақырады, кейбірі мысалы былай деп жазады: Алматыда болғаныңда біз сені қарсы аламыз. Түнде шатырда жатамын, бақырашым бар, барлығы көшпелі спарталық режимде. (...) Орта Азияның қалаларын салыстырсақ, Алматы - ең заманауи, үлкен мегаполис. Өте ұнайды", - деді ол.

"Жолда барлығын көресің. Бір-екі аптадан соң қарқын аласың, режим. Қиналмайтындай етіп жүремін. Күніне 100 шақырым. Рекорд - 245 шақырымды Қазақстанда жасадым. Желтоқсанда қазақстандық даламен жүрдім, боран соқты, бірақ ауылдағы адамдар көмектесіп, үйлеріне шақырды, мүлдем бейтаныс адамдар. Ауа райы әртүрлі. Бұл шыңдай түседі", - деді Никита Васильев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети