30 наурыз 2018 14:50

Интернетте 294 мың теңгелік смартфонға тапсырыс берген алматылық әйелге кір сабын келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы тұрғыны смартфон орнына екі кесек кір сабын алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы тұрғыны смартфон орнына екі кесек кір сабын алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жариялаған видеосында мәлімдейді. Қыз 294 мың теңгеге Samsung Galaxy S9 смартфоны мен AirPods құлаққапқа тапсырыс бергенін айтады. 

"Мен ұялы телефон сатумен айналысамын. Танысым қоңырау шалып, бағаларын сұрады. Ол досының сайт арқылы арзанырақ алғанын айтып, сапасын тексеріп беруді сұрады. Сілтемесін жіберді. Расымен бағалары арзан, суреттері тамаша болды", - дейді Евгения Tengrinews.kz тілшісіне (тегін жазбауды сұрады).

Ол бағалардың өте төмен болғандығын атап өтті. 

"Бағасы өте арзан, қоңырау шалып оригинал ма деп сұрадым. Егер ұнамаса, қайтарып бере алатынынымды айтты. Интернет арқылы ғана тапсырыс бере аласың. 29 наурызда курьер хабарласты, ақша дайын ба деп сұрады. Ақша бар, бірақ, алдымен қараймын деп айттым. Қорапты аштық, ішінен кір сабын шықты. Қасымда тұрғандар куә. Бәріміз абдырып қалдық. Курьерге не ақша, не қорапты ұстатып жіберу керек. Мен қорапты бергім келмей отыр", - деп жалғастырды ол. 

Қыздың сөзінше, компанияның сайтта көрсетілген мекенжайы мен қорапта көрсетілген мекенжай сәйкес келмейді. 

"Қорапта жеке кәсіпкерлік атауы тұрды. Ал бұл мекенжайда балабақша орналасқан, карта солай көрсетіп тұр. Полицейлер бұл істі тексеруге алмайтынын айтты, өйткені зиян келген жоқ, мен ақшаны бермедім ғой. Назарға алады, бірақ, әрекет етпейді", - дейді ол. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети