Жаңа жыл түнінде бауырға салмақ түспеу үшін не істеу керек?

18 Желтоқсан 2018, 16:02
1
© pixabay.com
© pixabay.com

Тәтті әрі өткір күшті ішімдіктер бауырға қосымша күш түсіреді. Мұндай ескертуді жаңажылдық кешке орай ресейлік психиатр-нарколог Евгений Брюн жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас маманы психиатр-наркологтың мәлімдеуінше, жаңажылдық кеш үшін ішімдік алғанда ақ құрғақ шарапты таңдау керек, себебі оның ағзаға зияны айтарлықтай төмен.

"Ең дұрысы, ақ құрғақ шарап, ол бауыр үшін айтарлықтай жеңіл. Бастысы - өткірлігі күшті ішімдіктерді ішпеу", - деді ол.

Брюннің айтуынша, тәтті ішімдіктер денсаулық үшін зиянды, себебі олар бауырға түсетін салмақты арттырады. "Ішімдік пен қант бір-бірімен бәсекелес болып келеді, сондықтан ішімдік одан әрі қорытылмай қояды", - деп түсіндірді Брюн.

Оның сөзіне қарағанда, түнде ішімдік ішу денсаулық үшін зиянды, себебі бауыр түнгі уақытта ішімдікті өте нашар қорытады, соның салдарынан ішімдік токсикозы күшейеді.

Получить короткую ссылку


Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай