Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

"Жастар ақша үшін не істеуге дайын" атты атышулы эксперименттің жалғасы түсірілді

17 Мамыр 2016, 09:54
0
© Youtube.com
© Youtube.com

Қазақстандық WSC pranks жобасының авторлары атышулы әлеуметтік эксперименттің жалғасын түсірді. Олар жұмыс сұрап келушілерге "бай және егде адамдарға қызмет көрсетуді" ұсынды. Ролик пранкерлерлдің YouTube сайтындағы арнасында жарияланды.

Пранкерлер жігіттерге "жастардың ортасын қызық көретін" егде әйелдермен жұмыс істейтіндерін айтты. Ал жұмыс іздеп келген қыздарға "жасы үлкен ықпалды ер адамдармен" жұмыс істеуді ұсынды. Сонымен қатар, пранкерлер оларға "200 мың теңге және одан жоғары" жалақы берілетінін айтып, "барлығының құпия болатынын" жеткізді.

Роликте бес адаммен болған әңгіме бейнеленген. Дегенмен экспериментке нақты неше адамның қатысқаны белгісіз. "Біз ешкімді кінәраттамаймыз, шешімді өздеріңіз қабылдаңыздар", - делінген видео соңындағы жазбада.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай