27 тамыз 2014 09:42

Қызтекелерді өзіміз тәрбиелеп жатқан жоқпыз ба?

ПОДЕЛИТЬСЯ

vk.com vk.com

Соңғы күндердің беделінде қазақ халқы үшін жаға ұстатарлық біраз жағдайлар орын алды. Ілгеріде мұндай қоғамға жат қылықтар жайында естіп те, көріп те үйренбеген байғұс басымыз төбеден жай түскендей күй кешіп қалғанымыз рас. Әлеуметтік желілерде жарияланған Нұрлыбек есімді қызтекенің қыз секілді қылымсыған қылығы талай намысы бар азаматтың қанын қайнатса, одан кейін қазақ пен орыстың асыл тұлғалары – Құрманғазы мен Пушкинді сүйістіріп қойған адамдарға да наразылық білдірген кісілер саны аз болған жоқ. Осыдан оншақты жыл бұрын мұндай тақырыпта "Ешкім естіп қоймасын" деп бір-біріміздің құлағымызға сыбырлап қана айтатын едік. Қазір біздің де бетіміз ашылып кеткендей ме, оны дауыстап жеткізетін халге түсіп келеміз. Тіпті, оны арзан ұпай жинаймыз деп жаһанға жар салатын жағдайды бастан өткіземіз. Кейбір БАҚ өкілдері жерден жеті қоян тапқандай оны тезірек елге жеткізуге асығып, оны егжей-тегжейлі баяндайтын болды. Әрине, қай нәрсе де ашық жазып, ашық айтудың да қоғамға тигізетін зиянды тұстары кездесетіні тағы да белгілі.

Кешегі кеңестік жылдарда мұндай ауыр тақырыптар құлпы бар сандықта сақталғандай болатын. Адамның азғындығына байланысты ешқандай әңгіме айтыла бермейтін. Соның нәтижесінде елдің арасында ілуде бір болмаса, ондай қоғамға жат қылықтарға баратын адамдар кездесе қоймайтын. Сондықтан бүгінгі таңда осы жағын ойланғанымыз артық емес. Жалпы, қай кезде де БАҚ-тың атқаратын қызметі орасан емес пе? Бір нәрсені қайталап айта берсең, соған көңіл бөлген кейбір адамдар қайта кері әрекет жасауы әбден мүмкін ғой. Әсіресе, бұл тұрғыда жас өрендерге беретін тәрбиеміз қалай болады? Әр нәрсені әңгімелердің алдында осы жағын ойланып алғанымыз артық болмас, сірә!

Негізінде адамдар өзінің жыныстық қабілетіне қарсы әрекет жасауы неден? Елдің арасында қызтеке немесе еркекшора неге көбейіп барады? Сондай жат адамдар біздің халқымызда бұрында да кездескен бе? Қызтеке, еркекшора сынды ұғымдар бізде неге бұрыннан бері бар? Осы тұрғыда қаншалықты зерттеу жүргізіп көрдік? Рас, елдің іші болғандықтан, жұмыр басы пенденің барлығы бірдей болуы мүмкін емес. Әркімнің тәрбиесі де әртүрлі. Кейбір отбасылар атұстарын қыз секілді нәзік етіп тәрбиелеп жатады. Жалпы, ұл бала нәзіктіктен гөрі қайсар, жігерлі, батыл болып өседі емес пе? Біз осындай қағидаға қалт тұрып, соны қатаң сақтап келеміз бе? Өтірік демей-ақ қоялық, кейбір жігіттердің боркемік болып өсуі қазіргі таңда толғандырады. Олар дегеніңіз әрбір отбасының тұтқасы саналған сайыпқыран емес пе? Сол себепті осы тұрғыда жақсылап бас қатырғанымыз орынды болар еді-ау...

Қазіргі таңда некенің бұзылу жағдайы жиі орын алып жатады. Бұл құбылысқа қалай тоқтау сала аламыз? Бұрынғы жылдарда қазақ қоғамында отбасының бұзылуы сирек кездесіп жататын. Ерлі-зайыптылар дәм-тұзы жараспай, ажырасып жатса, ол көрер көзге түрпідей көрінетін. Қазіргі оған ешкім таңғалмайтын болды. Оны несіне жасырамыз? Тұрмыс құрған қызына ата-аналар "Тастай батып судай сің" деудің орнына оның қолтығына су бүркіп, "Күйеу баланы басыңа шығарып алма" деп қояды. Мұндай ақылдан кейін қыз кері шегіне қоя ма? Барған жеріне тастай батып судай сіңудің орнына "су бетінде қалқып" жүретін жағдайға жетеді. Күйеуінің сөзін көтере алмастан "ә десе мә" деп әрекет етеді. Бұдан кейін отбасы ұзақ өмір сүре ала ма? Бұл тұрғыда қаншалықты ойлана алдық? Айналып келгенде, шаңырақтың шайқалуынан үйдегі кішкене балалар зиян шегеді. Бізде көп жағдайда ерлі-зайыптылар ажырысқан сәтте баланы анасының қарауына беріп жатады. Сондықтан...

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети