Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Назарбаев мақтау сөзді қалай қабылдайтынын айтып берді

29 Қаңтар 2016, 19:09
1
© akorda.kz
© akorda.kz

Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс XVII съезі өт, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Съезде партияның сайлауалды бағдарламасы жарияланды, сонымен қатар, Мәжіліске 127 үміткерден тұратын партиялық тізім таныстырылды. Оның құрамына боксшы Геннадий Головкин, әншілер Жанар Дұғалова мен Қайрат Нұртас, ҚР мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин, Премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаева, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов және тағы да басқалар кірді. 

Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне съездің бірнеше делегаты алғысын білдірді. "Сіз десе жүрегім жиі соғады. Сіз қазақстандық барлық әйелдің жүрегін жиі соқтырасыз. Себебі сіз ұлтты рухтандыратын нағыз көшбасшысыз", - деді тележүргізуші Майя Бекбаева.

"Маған қарата айтқан жылы сөздеріңізге рақмет. Барлығыңыз да жақсы білесіздер, менің жасым - даналық жасы. Мен мұны қалыпты түрде қабылдаймын. Барлық адам секілді мен де мұндай сөзді естіген жағады. Бірақ жалғыз адам мұны жалғыз істей алмайды. Халқымыздың даналығының, бірлігінің, сенімінің арқасында қолымнан келді. Бірлігі мықты халық сәттілікке жетеді. Сондықтан соңғы өткен Президент сайлауында қазақстандықтар бірлігін көрсетті. Біздің көпұлтты еліміз бір қарқынмен бірікті, сонда мен ұлттың қалыптасқанын сездім. Мыңдаған адамнан тұратын қазақстандық ұлт. Бір адамға - барлығы бірдей, тіпті кейде кезекте тұрып та (дауыс берді - Авт.). Бір адам үшін өз халқының қарым-қатынасын көруден артық қандай бақыт, қандай қуаныш, қандай сый керек. Дәл солай осы сайлауда да бірігеміз деп сенемін. Менің бар өмірім, тәжірибем мен еңбегім, денсаулығым халқым артқан сенімді ақтауға жұмсалады", - деді съездің соңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай