23 қараша 2018 22:49

"Отбасында жалғыз бала еді" - Гуанчжоуда қайтыс болған қазақстандық қыздың туыстары

ПОДЕЛИТЬСЯ

21 қарашаға қараған түні Қытайдың Гуанчжоу қаласында қайтыс болған Динара Еренованың туыстары ҚХР-ға қыздың денесін елге алып келу үшін аттанды. Қазақстандықтар қыздың денесін жеткізуге 15 мың доллар жинауға көмектесуде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


21 қарашаға қараған түні Қытайдың Гуанчжоу қаласында қайтыс болған Динара Еренованың туыстары ҚХР-ға қыздың денесін елге алып келу үшін аттанды. Қазақстандықтар қыздың денесін жеткізуге 15 мың доллар жинауға көмектесуде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қытайдағы біздің елшілік бізге шұғыл хабарласты. Бүгін Динараның немере ағасы Гуанчжоуға ұшып кетті. Виза алды. Динара отбасындағы жалғыз бала еді, оның тек анасы бар, әкесі қайтыс болған. Анасына ауыр тигені сөзсіз, сол үшін де ағасы барсын деген шешім шығардық. Елшілік өкілдері барлығын өздері істейтінін айтты, алайда туыстары келсе тезірек шешілетінін айтты. Тасымалдауға 15 мың доллар дайындау керек екен", - дейді қайтыс болған қыздың сіңілісі Аида. 

Оның айтуынша, мәйітке сараптама Қытайда жүргізіледі екен. 

"Кеше сараптама жүргізу үшін анасының рұқсатын жібердік. Рұқсатсыз олар бастамайды", - дейді Аида. 

Қыздың қайтыс болғанын бірінші оның көршісі Қазыбек білген. Ол жедел жәрдем мен полицейлерді шақырған. 

"Олар бірге тамақ ішкен. Кешкі астан соң қыздың іші ауырған. Олар бір тамақ жеген. Өзін жайсыз сезініп белсендірілген көмір ішкен. Содан кейін ұйықтаған. Ал таңғы уақытта жігіт келгенде, ол болмаған. Полиция Қазақстан елшілігімен хабарласқан. Қазыбекті куәлік алу үшін алып кеткен. Ол полициядан шыққан соң бізге хабарласты", - дейді Аида. 

Оның айтуынша, қыздың денесін елге жеткізу үшін қаражат жинастыруға көптеген адам ілтипат білдірген. 

"Бізге қажетті сома жиналып қалды. Қытайдағы қыз-жігіттер де, осындағылар да жинады. Әлеуметтік желіде көмек көрсеткісі келетіндер біршама көп болды, сонымен қатар, достары мен таныстары да қалыс қалмады. Біз мұндай соманы таба алмас едік. Оларға рақмет", - деді Аида. 

Айта кетейік, Қытайдың Гуанчжоу қаласында Қазақстанның 23 жастағы азаматшасы қайтыс болған еді. Қыз бала осы қалада білім алып, кейін жұмысқа орналасқан. Қазақстанға анасына келіп тұрған. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети