Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Сәтбаевта қалалық әкімдік алдындағы жаңа көгалда жылқылар жайылып жүрген

06 Қазан 2016, 17:43
0
Куәгердің жолдаған суреттері
Куәгердің жолдаған суреттері

Сәтбаевта қалалық әкімдік алдына екі ай ғана бұрын төселген қымбат көгалда жылқылар жайылып жүрген. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Асқар Қошанов атты жергілікті тұрғын хабарлады. Оның айтуынша, жайылып жүрген жылқылардың суреті мен видеосын ол сағат 13:30 шамасында түсіріп алған. Болған жайт туралы ол әкімдікке де WhatsApp +77710674220 нөмірі арқылы хабарлауды жоспарлап отыр. 

Ер адам мұндай жағдайдың алғашқы рет болып тұрмағанын, алайда ешқандай шара қолданылмағанын атап өтті. "Қала орталығындағы әкімдік терезесінің алдында және академик Сәтбаевтың ескерткіші маңында жылқылар жайылып жүр, оларды ешкім қарап та жүрген жоқ. Оның үстіне онда дәл әкімнің үстелінде орналасқан монитордан болып жатқанды көрсетіп тұратын камера тұр. Қымбат көгал екі ай бұрын ғана төселген", - дейді ол. Сонымен бірге, ол жылқылар жақын маңдағы үйден келген деп болжайды. 

Ер адам Асқар Ыдрысовтың қала әкімі болып жақында келгенін және ескерткіштің айналасы да сол кезде абаттандырылғанын атап өтті. "Бұған дейін бюджеттен қылқан жапырақты ағаштар мен гүл егуге бюджеттен қаржы бөлінген, олар сол күйі өнбей қалды. Ал жақында "шахтерлер күні" мерекесінің қарсаңында "Мен Сәтбаевты сүйемін" деп сәнделіп жазылған диодты жарық шамдары орнатылды", - дейді ол. Оның сөзінше, ол жердегі өзге адамдар да наразылығын білдіріп жатты. Дегенмен, жылқының иесі табылмаған. 


Куәгер жолдаға суреттер

Айта кету керек, мұның алдында Қазақстан ІІМ қалаларда ірі қара, ұсақ мал мен басқа да ауылшаруашылық жануарлардың жүруіне болмайтындығын айтқан. Бұл - малдың жайылуы қала аумағындағы абаттандырылған орындарына, инфрақұрылымдық нысандарға нұқсан келеті, қалалар мен елді мекендердің жасыл көшеттері жойылып кететіндігімен байланысты. "Мал қаладан тыс, арнайы бөлінген жерлерде жайылуы керек", - деп түсіндірген болатын ІІМ-ден.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай