22 қараша 2018 09:29

Шымкентте алғашқы "Адал дүкен" ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте алғашқы "Адал дүкен" ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкентте алғашқы "Адал дүкен" ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Адал дүкенін" ашу бастамасын Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті қаладағы барлық жоғарғы оқу орны мен колледжге ұсынған. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті алғашқылардың бірі болып қолдау білдірген.

"Адал дүкені" жұмысы өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі бойынша ұйымдастырылды. Мұнда оқытушылар мен студенттер өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өз-өздеріне қызмет көрсетеді. Мұндай дүкендерді енгізу жастардың жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге бағытталған", - дейді ведомство өкілдері.


© infomedia.kz

"Жобаның басты мақсаты - қоғамда сенім атмосферасын біртіндеп құру және студент жастарға өзін жақсы, адал адам ретінде анықтауға мүмкіндік беру",  - деді Департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Ерғали Тілесбайұлы.

Департаменттегілердің айтуынша, "Адал дүкендерін" қаланың барлық жоғарғы оқу орны мен колледжінде ашу жоспарланып отыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети