30 маусым 2016 16:05

СҚО-да мерзімді әскери қызметтегі сарбаз сүйіктісіне ұсынысын ерекше жолмен жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

СҚО-да мерзімді әскери қызметтегі сарбаз сүйіктісіне ұсынысты ерекше жолмен жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


СҚО-да мерзімді әскери қызметтегі сарбаз сүйіктісіне ұсынысты ерекше жолмен жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев ауылынан келген мерзімді әскери қызметтегі сарбаз Алдияр Қазанбаев ант қабылдаған соң алаңға шығып, сүйіктісіне ұсыныс жасады. Жігіттің бұл романтикалық ұсынысын 300-ден аса адам тамашалады.

Айта кетейік, бүгін аймақтық бесінші механикаландырылған "Оңтүстік" (Жамбыл облысы) бригадасының жаңа шақырылған 90 сарбазы сенім антын қабылдады. Салтанатты шараға СҚО-нан Алдиярдың ата-анасы мен сүйіктісі келген екен. Жас жігіт ант қабылдаған соң, өзінің сүйіктісіне ұсыныс жасады. Жаңадан шақырылған 30 сарбаз мен Алдияр Қазанбаевтың бірге қызмет атқарып жүрген достары оның бұл ұсынысын қолдап, алаң ортасында сарбаздармен жүректің белгісін жасауға көмектескен. Ал мерзімді әскери қызметтегі сарбаздың сүйіктісі бұл ұсынысқа келісімін берді.

"Менің ұлым салмақты, сондықтан мен оны әрқашан қолдаймын. Әскерге дейін ол есепші-экономист мамандығы бойынша колледжді бітірген болатын. Жұмыс істеп те үлгерді. Қазір енді үйленуге ниеті бар. Біз Айжанды үйімізде тұруға шақырдым. Ол енді біздің туған қызымыздай", - деді сарбаздың анасы Ләзім Балтабекова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети