"Спарта" командасы КВН Жоғары лигасының 1/8 финалында 1-орын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Спарта" командасы КВН Жоғары лигасының 1/8 финалында 1-орын алды

Астаналық "Спарта" командасы КВН ойындарының Жоғары лигасындағы бірінші 1/8 финалында 1-орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Клубтың сайтындағы трансляцияға сілтеме жасап.


Астаналық "Спарта" командасы КВН ойындарының Жоғары лигасындағы бірінші 1/8 финалында 1-орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Клубтың сайтындағы трансляцияға сілтеме жасап.

Жүргізушілерінің айтуынша, "Спарта" командасы сәлемдесу байқауында да үздік өнер көрсеткен. 

Ал музыкалық байқауда "Спарта" "Ла-Ла-Лэнд" фильмінің өз нұсқасын көрсеткен. Ойыншылар фильмнің атауын "Ха-ха Лэнд" деп өзгерткен. Сондай-ақ, сахнаға "Казахи" командасының бұрынғы ойыншысы Гүлнар Сілбаева да шықты.

Айта кетейік, қазылар алқасы "Спартаның" өнерін жоғары бағалады. Ойын қорытындысы бойынша мына командалар 1/4 финалға өтті: "Спарта" (Астана), "Проигрыватель" (ТГУ , Тамбов) және Калининград облысының құрамасы.

Ойын қорытындысы:

"Спарта", Астана - 11 ұпай;
"Проигрыватель", Тамбов - 9,7 ұпай;
Калининград облысының құрамасы - 9,6 ұпай;
ГУУ және МИСиС жоғарғы оқу орындары, Мәскеу - 9,5 ұпай;
"Приказ 390", ФСИН Ресей - 9,5 ұпай;
"НАТЕ", Брюховецкая, Краснодар - 8,3 ұпай.

Ал қазылар алқасында Константин Эрнст, Юлий Гусман, Дмитрий Нагиев, Валдис Пельш, Михаил Галустян және Константин Лароненко болды.

Айта кетейік, 1/4 финал 26 ақпанда Бірінші арнадан көрсетіледі.

Читайте также

Валюта бағамы

 474.42   540.58   6.07 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +16
Астана +17
Ақтау +19
Ақтөбе +18
Атырау +21
Б
Балқаш +15
Ж
Жезқазған +17
Қ
Қарағанды +16
К
Көкшетау +17
Қ
Қостанай +17
Қызылорда +24
П
Павлодар +17
Петропавл +22
С
Семей +21
Т
Талдықорған +19
Тараз +19
Түркістан +18
О
Орал +16
Ө
Өскемен +18
Ш
Шымкент +19

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер