Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Сыйға тартылған тұмар жанжалға себеп болды

26 Тамыз 2015, 18:32
0
Наталья Брикс. © Tengrinews.kz
Наталья Брикс. © Tengrinews.kz

Оралдық суретшілер авторлық құқықты бұзғаны үшін белгілі "Әдемі-ай" компаниясын сотқа берді. Жанжалға 2012 жылы Барак Обаманың Қазақстаннан сыйға алған тұмары себеп болды. Бүгін соттың алғашқы отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Суретшілер ұжымының атынан тұмар авторларының бірі Наталья Брикс шағымданып отыр. Талапкер тараптың шағымын қанағаттандырушы заңгердің айтуынша, әйел Оралдағы дүкендердің бірінен бірнеше жыл бұрын ұжымдастарымен жасаған тұмардың көшірмесін көріп қалады. Авторлық құқықты бекіту үшін 2010 жылы Woman Art Юистиция министрлігіне өтініш жазып, оны жекеменшік деп тану үшін мемлекеттік тіркеуден өткізеді. Ал үш жыл өткен соң тұмар "Әдемі-айдың" дүкендерінде ғана емес, интернет-дүкендерінде де 29 мың теңгеге сатыла бастаған.

"Контрафактілік тұмарда аздаған өзгеріс бар, дегенмен негізгісі сол, - деді Наталья Брикс. - Бұл тұмарды заңсыз көшіргендердің тағы бір заңды бұзғанын дәлелдейді. Олар суретті автордың рұқсатынсыз өзгертті. Біздің бұл тұмарға авторлық құқығымызды заң қорғайды. Біз соңына дейін күресеміз", - деді ол.

Түпнұсқасы астында. © Tengrinews.kz

Тұмарды сатқан дүкеннің сатушысы кәдесыйды Алматыдағы "Әдемі-ай" ЖШС дүкенінен алғанын айтты. Картинада клмпанияның логотипі де бар. Суретшілер сондықтан да компанияға шағымдарын айтқан. Авторлар сотта 10 миллион теңге материалдық және 200 мың теңге моральдық шығын талап етті. 

Ал тұмарды сатқан кәсіпкерге: 400 мың көлемінде. 

"Мен компания өкілімен сөйлестім. Дегенмен олар бұл мәселені шынайы қабылдап отырған жоқ. Олар бұл салада бұрыннан жұмыс істеп келе жатыр. Сондықтан да авторлық құқықтың сақталуы - шығармашылық саласындағы басты қағида екенін олар білуі тиіс", - деді Woman Art Дизайн компаниясының заңгері Шәкір Суханбердин.

26 тамызда өткен алғашқы сот отырысында талапкер тарап сот үкіміне дейін осы тауарды сатуға, шығаруға тосқауыл қою туралы өтініш білдірді. Судья өтінішті қанағаттандырды. Келесі сот отырысы 10 қыркүйекте болады.

 

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай