25 шілде 2016 15:25

16 жастағы қазақстандық жігіт Таиландта өткен сән байқауында 1-орын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

16 жастағы Сүлеймен Сұлтанов Таиландта өткен Mister Teen International 2016 байқауында 1-орын иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


16 жастағы Сүлеймен Сұлтанов Таиландта өткен Mister Teen International 2016 байқауында 1-орын иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сонымен қатар, ол дарындылар байқауында өзінің домбыра тартудағы өнерін де көрсетті. Бұл байқауға ол "Қазақстанның жас мырзасы-2016" жүлдесін иеленген соң қатысып отыр екен.

"Мен көп тырыстым және бұл бекер емес. Бұл Таиландта өткен ең тамаша күндер болды. Әрине, байқау халықаралық деңгейде өткізіліп жатқандықтан қиын болды. Барлық қатысушы мықты, әрқайсысының қымбат ұлттық киімдері бар. Барлығы жақсы ән айта алады, билей алады. Осылайша 56 елдің қатысуымен өткен байқауда жеңіске жеттік", - деді Сүлеймен Сұлтанов.

Айта кетейік, Junior Mister International 2016 ("Кішкентай мырза")  номинациясындағы 1-орынды қазақстандық Алмаз Қадыров иеленді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети