17 жастағы Еркеназ Сейфулла "Астана аруы-2018" атанды

13 Желтоқсан 2018, 09:19
0
17 жастағы Еркеназ Сейфулла "Астана аруы-2018" атанды - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

17 жастағы Еркеназ Сейфулла "Астана аруы-2018" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сұлулық байқауының жеңімпазы Қазақ Технология және бизнес университетінде "Дизайн" мамандығы бойынша оқиды.

Ал бірінші вице-ару атағын 22 жастағы Александра Беглова жеңіп алды. Ол "Наз" Мемлекеттік би театрында жұмыс істейді екен. Екінші вице-ару атағы 21 жастағы Сания Мерғалиеваға бұйырды. Ол Қазақ мемлекеттік заң университетінде (ҚазМЗУ) оқиды.

Диана Ыдрысова есімді қатысушы үшінші вице-ару жеңіп алды. Байқау қатысушысы кеше 22 жасқа толды. Ол Қазақ мемлекеттік заң университетінде "Юриспруденция" мамандығы бойынша оқиды.

Енді "Астана аруы-2018" байқауының жеңімпазы "Қазақстан аруы -2018" байқауына қатыса алады. Сондай-ақ, оған Еуропа елдерінің біріне саяхаттау мүмкіндігі беріледі. Айта кетейік, осы атаққа 20 қатысушы таласқан болатын. Олар екі апта бойы белсенді түрде дайындалған болатын.

Сондай-ақ, "Астана аруы-2018" сүйіктісі жоқ екенін айтып өтті.

Айта кетейік, байқау финалын тележүргізуші Динара Сәтжан мен әнші Бүркіт жүргізді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай