15 сәуір 2017 13:38

Ақтаулық мектеп оқушысы "Маңғыстау аруы-2017" атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

16 жастағы Аяжан Сақиева "Маңғыстау аруы-2017" байқауының жеңімпазы атанды. Енді мектеп оқушысы облыс атынан "Қазақстан аруы-2017" байқауынан қатысады, - деп хабарлайды Лада басылымы.


16 жастағы Аяжан Сақиева "Маңғыстау аруы-2017" байқауының жеңімпазы атанды. Енді мектеп оқушысы облыс атынан "Қазақстан аруы-2017" байқауынан қатысады, - деп хабарлайды Лада басылымы.

Байқаудың Татьяна Коробейникованың модельдік агенттігі мен Маңғыстау облысы әкімдігінің көмегімен өткізілгені айтылады. Байқаудың кастингіне қатысқан алпыс қыздың сегізі ғана финалға өткен. Биыл төрт кезеңнен тұрған байқауда қатысушылар өздері жайлы айтып беріп, "Таланттау шоуы" нөмірінде өнер көрсетіп, дефиле мен билеу керек болды.

Қатысушыларды қазылар алқасы мен фешн-индустрия өкілдері, сондай-ақ, байқаудың серіктестері бағалады. Осылайша №21 орта мектептің 10-сынып оқушысы Аяжан Сақиева жеңімпаз атанды. 

"Мен модельдік мектепте төрт жылдай оқыдым және осы жылдар бойы сұлулық байқауына қатысуды армандадым. Бірақ жасым жетпегендіктен кастингтен өте алмадым. Осы сәтті ұзақ күттім. Қатты қобалжыдым, жеңіске жетемін деп ойламадым"", - дейді Аяжан. 

Сондай-ақ, Аяжан бес жылдай хореографиямен айналысып, бортсерік болуды армандаған екен. "Маған осындай жауапкершіліктің түскеніне - Маңғыстауды республикалық байқауда таныстыруға өте қуаныштымын. Мен өңірімді лайықты түрде көрсетуге тырысамын және ертеңнен бастап "Қазақстан аруы" байқауына дайындықты бастаймын, - дейді жеңімпаз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети