01 қараша 2016 15:02

Әлия Мергенбаева "Әлем аруы-2016" байқауында домбыра шертеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлия Мергенбаева. © Айжан Түгелбаева Әлия Мергенбаева. © Айжан Түгелбаева

"Қазақстан аруы - 2015" байқауының жеңімпазы Әлия Мергенбаева "Әлем аруы" халықаралық таланттар байқауында қазақ ұлтының биін билеп, соңында домбыра шертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымдастырушыларға сілтеме жасап.


"Қазақстан аруы - 2015" байқауының жеңімпазы Әлия Мергенбаева "Әлем аруы" халықаралық таланттар байқауында қазақ ұлтының биін билеп, соңында домбыра шертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымдастырушыларға сілтеме жасап.

"Әлем аруы" байқауындағы таланттар конкурсы ең бастыларының бірі, оған 100 ден аса елден қыздар қатысып, өз ұлтының әнін, биін және мәдениетін таныстыратын болады. Осы кезеңі қатысушылар үшін де төрешілер үшін де ең маңыздысы.

Әлия Мергенбаева балаық шағынан домбыраның үнін ұнататынын және осы аспапта ойнауды армандағанын айтты. Енді оның өнерін мыңдаған адамдар тамашалайтын болады. Қазіргі уақытта ол Ақтауда белсенді түрде хореографтармен және музыканттармен дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

"Әлем аруы" байқауына ұлттық нақыштағы көйлекті таланттар шоуына ақтаулық дизайнер Гауһар Әмірова дайындап жатыр.

 "Әлем аруы - 2016" байқауының финалы 18 желтоқсанда өтеді. Алайда 25 қарашадан бастап әлемнің әр түкпірінен арулар қызу дайындықты АҚШ-тың Вашингтон қаласында бастайды, қайырымдылық кештері, фототүсірілімдер, спорттық және әлеуметтік шараларға қатысады. Әлемнің жаңа аруына тәжді испаниялық Мирея Лалагуна кигізетін болады. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети