19 наурыз 2018 19:14

"Қазақ Аруы-2018" Нәбира Рахымжан: Әлі де сене алар емеспін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нәбира Рахымжан Нәбира Рахымжан

18 наурызда Алматыда "Қазақ Аруы-2018" сән байқауының ақтық сыны өтті. Бұл конкурста бас жүлдеге ие болған ақтаулық Нәбира Рахымжан  Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.


18 наурызда Алматыда "Қазақ Аруы-2018" сән байқауының ақтық сыны өтті. Бұл конкурста бас жүлдеге ие болған ақтаулық Нәбира Рахымжан  Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

"Әді сене алар емеспін. Бұл мен үшін өте маңызды. Мен "Қазақ Аруы" атағын абыроймен ұстап жүремін", - деді қыз бала.

Нәбираның жасы 20-да. Ол Ақтауда дүниеге келген. Қыз бала Астанадағы Лев Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеттің тарих факультетінде төртінші курста оқиды. 

"Байқаудан кейін, мен оқуымды тәмәмдап, магистратураға түсуды жоспарлап отырмын. Болашақта студенттерге тарихтан сабақ берсем деймін. Маған олармен жұмыс істеген қатты ұнайды, оларды оқытып, түсіндірген ұнайды. Бәлкім өмірімді сахнамен де байланыстыратын шығармын", - дейді ол. 

Нәбира бала кезден домбырада йнайды. "Қазақ Аруы-2018" байқауында ол өз өнерін паш етті. 

"Шығармашылық байқауда әнші Эльза Қарабалинамен бірге Ғарифолла Құрманғалиевтың туындысын орындайтынымызды естідім. Біз хабарласып, Құрманғазы атындағы консервоторияда дайындалатын болып келістік. Эльза маған саханада өзіңді қалай ұстау керектігін, орындау мәнерін үйретті. Негізі мен лирикалық әндерді жасқсы көремін. Мейрамбек Бесбаев пен Медеу Арынбаевтың орындауындағы "Сағындым" әні қатты ұнайды", - дейді Нәбира Рахымжан. 

Сонымен қатар Нәбира өз отбасы жайлы айтып берді. 

"Біздің отбасымызда алты адам: ата-анамыз, ағам мен екі сіңілім бар. Менің отбасым қазір Маңғыстау облысындағы Мұнаулы ауданында тұрады. Мен үшін ең бастысы - отбасым, ата-анам мен үшін - абыройлы, ал анам болса - ол менің кумирым. Анам бізді өзін мысал етіп өсірді, қандай әйел, қандай ана болу керектігін үйретті. Мен ол кісіден көп нәрсені үйрендім. Мен өз отбасым туралы ойладым, бірақ қашан болатынын білмеймін", - деді қыз бала.

Бірінші орын қарағандылық ару Ақбота Бақытқалиға, екінші орын - шымкенттік Ақмарал Айтбаеваға және үшінші орын Ресейден келген Самал Мурадиеваға бұйырды.  

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети