30 қараша 2016 15:30

"Қазақстан аруы 2016": қатысушылардың ресми фотосуреттері жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан аруы 2016" конкурсына қатысушылардың ресми фотосуреттері ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"Қазақстан аруы 2016" конкурсына қатысушылардың ресми фотосуреттері ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстанның әр түпкірінен қатысушылар Астанаға келіп, "Қазақстан аруы 2016" конкурсының финалдық шоуына дайындықты бастап кетті. Алғашқы күні белгілі фотограф Марета Келиговамен ресми фотосессия өтті. Фотосессия және негізгі дайындықтан бөлек, қыздар түрлі әлеуметтік және қайырымдылық шараларына қатысты. 

Сонымен қатар, спорттық шаралар шеңберінде конкурсқа қатысушылар  "Барыс" пен "Адмиралдың" ішкі матчында болды. Келесі күні қыздарды клуб ойыншыларының жаттығуына шақырды, ол жерде нәзік жандылар мұз айдынына шығып, атақты спортшылардың шеберлік сағатына қатысты.

"Қазақстан аруы 2016" конкурсының жеңімпазының есімі 10 желтоқсан күні Бейбітшілік пен Келісім сарайында белгілі болады. 30 қарашада финалға қатысушылар үшін халықтық дауыс беру басталып кетті. Дауыс беруден және конкурс финалына сатылатын билеттерден жиналған қаржы Астананың жағдайы нашар отбасыларына беріледі.

Қазылар алқасы финалға шығатын бес қызды ғана таңдайды, ал еліміздің ең сұлу қызын қазақстандықтар онлайн және SMS арқылы дауыс беріп өздері таңдайды. Жеңімпаз бес миллион теңге көлемінде қаржылай сыйлық алады және "Әлем аруы" халықаралық конкурсына Қазақстан атынан барады.

Енді барлық 25 қатысушының ресми суреттерін ұсынамыз:

 Камила Асылова, "Алматы аруы", 18 жаста. Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжін "хореограф" мамандығы бойынша аяқтаған.

Гүлжан Дәулетова (Алматы), 19 жаста. Алматы менеджмент университетінде білім алады. I2mar тобының әншісі.

Далида Наукенова (Алматы), 24 жас. Финалист. Самбодан Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері. Turkiss тобының әншісі.

Елназ Нұрсеитова, "Астана аруы", 18 жас. Қазақ технология және бизнес университетінің студенті. Армрестлинг, баскетбол, волейболмен айналысады.

Екатерина Подгородецкая (Астана), 19 жас. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің студенті. Вокалмен айналысады және домбырады ойнайды.

Бегайым Жорабекова (Астана), 21 жас. Клайпедтегі Халықаралық университет студенті, Литва. "Айару" тобының әншісі.

Мария Пятина, "Қарағанды аруы", 17 жас. № 97 гимназияның оқушысы. Бимен айналысады.

Айгүл Нұрманова (Қостанай), 19 жас. ЕҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде білім алады.

Екатерина Цыганова, "Петропавловск аруы", 24 жаста. Графика дизайнері.

Данара Бекмырзаева, "Семей аруы", 16 жас. Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищеде оқиды.

Анастасия Усольцева, "Өскемен аруы", 18 жас. Шығыс Қазақстан техникалық-гуманитарлық колледжінде білім алады.

Айнұр Шаймарданова, "Орал аруы", 18 жас. Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы техникалық университетінің студенті.

Кристиана Шлиммер, "Қостанай аруы", 17 жаста. Құрылыс колледжінің, сәулет бөлімінің студенті.

Айзат Қожабаева, "Павлодар аруы", 21 жас. Торайғыров атындағы университетті аяқтаған. Облыстық телевидениеде таңғы бағдарламаны жүргізеді.

Гүлбану Әзімханова, "Қызылорда аруы", 18 жас. Қызылорда медециналық колледжінде білім алады.

Зарина Загидуллина, "Түркістан аруы", 20 жаста. Қазан федералды университетінің Басқарма, экономика және қаржы институтының студенті, Қазанда білім алатын қазақстандықтардың өкілетті адамы. Бадминтоннан спорт төрешісі.

Бертай Қымбат, "Тараз аруы", 21 жас. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында "физик" манадығы бойынша білім алады. Қызыл жарты ай қоғамының еріктісі.

Тоғжан Бегжігіт, "Шымкент аруы", 20 жас. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті. 

Аруна Сағатбекова, "Талдықорған аруы", 16 жаста. № 5 мектеп-лицейінің оқушысы.

Дәния Күләрқанова, "Ақтөбе аруы", 17 жаста. № 11 гимназияның оқушысы. Жүзумен, шаңғы тебумен айналысады.

Ақкүміс Елемесова, "Атырау аруы", 21 жас. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенті. Қобызда ойнайды.

Балқия Сазанова, "Ақтау аруы", 18 жас. "Мейірбике" колледжінің студенті.

Айман Назенғалиева, "Instagram аруы", 18 жас. Дүтбаев атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенті. Өлең жазады.

Сандина Биссен, "Instagram аруы", 20 жаста. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті. Бимен айналысады.

Жазира Кәрібаева "Instagram аруы", 21 жаста. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенті. Жетіген, домбыра, сыбызғы мен саз сырнайда ойнайды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети