Таяуда ғана "Қазақстан аруы-2018" атанған Алфия Ерсайын Ләйлә Сұлтанқызы мен Алмас Алтай жүргізетін "Өз ойым..." бағдарламасында шамына тиген сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Таяуда ғана "Қазақстан аруы-2018" атанған Алфия Ерсайын Ләйлә Сұлтанқызы мен Алмас Алтай жүргізетін "Өз ойым..." бағдарламасында шамына тиген сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстан аруларын кімдер таңдайды?" атты тақырыпта әңгіме өрбіген бағдарламада жүргізуші бүгінде арулардың кітап оқуына қатысты мәселені көтеріп, аруларға студияда бірнеше сұрақ қояды. Сонда арулар қойылған сұрақтардың бірін білсе, бірін білмейтін болып шығады. Осы кезде Алфия Ерсайын "Арулар кітап оқымайды" деген тұжырыммен келіспейтінін мәлімдейді.
Айта кетейік, бағдарламаның осы шығарылымына "Мисс Virtual Kazakhstan 2018" конкурсына қыз кейпінде танысып, халық таңдауы бойынша жартылай финалға жеткен Илай Дягилов келіп, өзі ең сұлу ару қандай болуы керектігі жайлы ойын айтып берді.
Бағдарлама ұйымдастырушыларының пікірінше, Тікелей эфирдің мақсаты адамдардың жалған емес, тек шынай эмоциясын көрсету. "Қызыққа толы ток-шоу отандық телевидениедегі жаңа бағыт болады. Әртүрлі адамның өз ойы, айтары бар. Біздің мақсат соны көрерменге жеткізу. Қазақстанда қоғамның өзекті мәселелерін көтеретін ток-шоулар аз. Сондықтан біздің бағдарлама өз уақытында, қажет арнадан шығып отыр", - дейді бағдарлама жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы.
Ләйләның айтуынша, бағдарламаның жаңа форматын директорлар кеңесі қабылдапты.
Естеріңізге сала кетейік, Ләйлә Сұлтанқызы "Жетінші арнаның" тікелей эфирінде жаңа бағдарламаны Алмас Алтаймен бірлесіп жүргізеді. "Өз ойым" деп аталатын ток-шоу қоғамда үлкен резонанс тудырған мәселелер мен адамдардың өмірінен сыр шертеді.