31 желтоқсан 2020 13:24

Швед блогері әлемнің ең сымбатты жігіті атағына лайық деп танылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/pewdiepie Фото: instagram.com/pewdiepie

Independent Critics жыл сайынғы рейтингі бойынша, Швецияда тұратын танымал блогер Фелекс Чельберг әлемдегі ең сымбатты жігіт атанды, ол Pew Die Pie лақапатымен танымал. Бұл туралы Film Daily басылымы жазды.


Independent Critics жыл сайынғы рейтингі бойынша, Швецияда тұратын танымал блогер Фелекс Чельберг әлемдегі ең сымбатты жігіт атанды, ол Pew Die Pie лақапатымен танымал. Бұл туралы Film Daily басылымы жазды.

Independent Critics тәуелсіз сыншылары 2020 жылдың ең сымбатты 100 ер адамының рейтингін жасаған. Тізім TC Candler YouTube-каналында жарияланды.

Рейтингте көш бастаған Фелекс Чельбергтің YouTube-каналында 108 миллион жазылушысы бар. Forbes мәліметінше, 31 жастағы блогердің байлығы 2018 жылы 15,5 миллион долларға тең болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от PewDiePie (@pewdiepie)

Екінші орында - оңтүстіккореялық әнші, BTS музыкалық тобының мүшесі Ким Тхэхен. Оның лақапаты - Ви.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TAEHYUNG (@btstae)

Үшінші орынға аустралиялық актер Крис Хемсворт лайық деп танылды. Ол Marvel кинематография ғаламындағы Тордың ролінде ойнап, жұлдызы жанған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Chris Hemsworth (@chrishemsworth)

Төртінші орынға BTS тобының тағы бір мүшесі Чон Джонгука жайғасты. Әнші бойзбендтегі бас вокалшы әрі ең жасы. Корея дыбыс жазу компаниялары қауымдастының мәліметінше, Джонгук - топ дискографиясының алты композициясының авторы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от JUNGKOOK (@bts.jungkook)

Бестікті ұлыбританиялық актер Генри Кавилл қорытындылап тұр. Өнер иесі көрерменге "Война богов: Бессмертные", "Средь бела дня", "Человек из стали", "Бэтмен против Супермена: На заре справедливости", "Лига справедливости", "Миссия невыполнима: Последствия" фильмдері мен "Тюдоры" және "Ведьмак" сериалдары арқылы жақсы таныс.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Henry Cavill (@henrycavill)

Рейтингке 40 елдің өкілдері енген. Тізімде актерлер, модельдер, блогерлер, музыканттар мен спортшылар бар. Рейтингті жасағандар ең сымбатты адамды таңдау оңай емесін, сондықтан көптеген қолданушы бұл тізіммен келіспеуі мүмкін екенін айтады. Алайда авторлар қатты сынамауды сұрап отыр, өйткені 125 мың үміткердің ішінен 100 адамды таңдағанын мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети