19 қараша 2020 12:21

Шымкенттік қыз Азияның үздік моделі атағынан үмітті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ясмин Нарқұлова. Жеке мұрағатынан алынған сурет Ясмин Нарқұлова. Жеке мұрағатынан алынған сурет

Шымкенттік Ясмин Нарқұлова биыл онлайн өтетін Asia Model Festival модельдері арасындағы жыл сайынғы байқауға қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкенттік Ясмин Нарқұлова биыл онлайн өтетін Asia Model Festival модельдері арасындағы жыл сайынғы байқауға қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бастапқыда Қазақстандағы кастингке еліміздің барлық агенттігінің модельдері қатысты. Нәтижесінде алғашқы іріктеуден 12 адам өтті. Олардың ішінен екі қыз бен бір жігіт іріктеп алынды, бірақ нәтижесінде финалға Шымкенттегі Sulu Models агенттігінің моделі өтті.

17 жастағы студент Ясмин Нарқұлова Шымкентте дүниеге келген. 2019 жылы Face of Shymkent байқауына қатысып, бас жүлдені жеңіп алып, Оңтүстік Кореяға Asian Model Festival фестиваліне жолдама алған.

"Командамызбен және жетекшілерімізбен бірге осы байқауға дайындалып жатқанымызға 2 ай болды. Олардың арқасында мен қазір финалға шықтым, оларға шексіз алғыс айтамын", - дейді модель.

Айта кетейік, Asia Model Festival модельдері арасында халықаралық байқау 2006 жылдан бері Оңтүстік Кореяда өткізіледі және ең ірі әрі беделді байқаулардың бірі болып саналады. Байқаудың финалистері жарнамалық акцияларға, фотосессияларға, бейнетүсірілімдерге әлемдік брендтерден ұсыныстар алады.

Фестивальде модельдер ғана емес, дизайнерлер де өз брендтерін ұсынады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети