18 ақпан 2021 09:15

Үндістанда сұлулық байқауында жүлде алған ару рикша жүргізушісінің қызы болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Instagram / missindiaorg Фото: Instagram / missindiaorg

Уттар-Прадеш штатындағы ауыл тумасы Манья Сингх есімді қыз туралы оқиға үндістандықтарды тәнті етті. Рикша жүргізушінің қызы "Үндістан аруы - 2020" конкурсында екінші орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Уттар-Прадеш штатындағы ауыл тумасы Манья Сингх есімді қыз туралы оқиға үндістандықтарды тәнті етті. Рикша жүргізушінің қызы "Үндістан аруы - 2020" конкурсында екінші орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үндістандық ару жеңіске жеткеннен кейін Instagram желісіндегі парақшасында жазба қалдырды. Манья 14 жасында Мумбаидағы үйінен арманына жету үшін кеткенін айтқан. Ол Pizza Hut-та жұмыс істеп, күн көрген. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Humans of Bombay (@officialhumansofbombay)

Маньяның сөзінше, оған ата-анасы үнемі қолдау білдірген. Ол Мумбаиға көшіп кеткеннен кейін бірнеше күннен соң ата-анасы да көшіп барған.   

"Үшінші күні әкеме хабарластым, ол жылай бастады. Менің қайда жүргенімді біліп келесі күні екеуі де Мумбаиға келді. Әкем жүргізуші болып жұмыс істей бастады. Ал мені жақсы мектепке жіберді. Мен жарты күн жұмыс істеп жүрдім, айына 15 000 рупий табатынмын", - деді үндістандық ару. 

Манья 15 жасында сұлулық байқауында бағын сынап, жеңіске жетуді армандай бастаған. Телевизиялық трансляцияны көріп, Манья Сингх: "Бір күні мен де сол тәжді жеңіп аламын, әкем мені мақтан ететін болады" деп ойлаған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Femina Miss India (@missindiaorg)

Алайда үндістандық аруды қолдамаған адамдар да болған. Одан бөлек, көптеген байқау ұйымдастырушысы Маньяны қабылдамаған. Тіпті бірде оған "түрің жаман" деп айтқан екен. 

"Мен 10-нан аса конкурсқа бардым. Маған "Түрің жаман", "Сен тіпті ағылшын тілін білмейсің ғой" деді. Үйдегі жағдай да қиын болды. Әкем барлық әшекейді сатып, менің шығындарымды төледі", - дейді Манья. 

Алайда үндістандық ару тайсалмаған. "Үндістан аруы - 2020" байқауында вице-мисс атанған ол бұл жеңіс оның армандарын орындап, отбасын қамтамасыз етуге көмектесетінін айтады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Femina Miss India (@missindiaorg)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети