бойынша жаңалық Хоккей
Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталды
Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы Латвияда өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы екі кездесуін өткізіп, екеуінде де ұтылып қалды.,
08 сәуір 2014 23:00
"Сарыарқа" екінші жыл қатарынан финалға шықты
Қарағандының "Сарыарқасы" "Торос" (Нефтекамск) клубын төртінші рет тізерлетіп, Ресей Жоғары хоккей лигасындағы Братина кубогының финалына шықты.
08 сәуір 2014 02:13
"Сарыарқа" "Торосты" үшінші рет тобықтан қақты
Қарағандының "Сарыарқасы" Ресей Жоғары хоккей лигасындағы Братина кубогының жартылай финалында "Торос" клубын үшінші рет ұтты. Бұл – жолы овертаймда.
07 сәуір 2014 09:32
"Сарыарқа" түзде "Торосты" екінші рет тізерлетті
Ресейдің Жоғары хоккей лигасындағы Братина кубогының жартылай финалында қазақтың "Сарыарқасы" мен башқұрттың "Торосы" кездесуде. Алғашқы екі ойында Қарағанды клубы 4:1 және 3:2 есептерімен жеңіске жетті.
03 сәуір 2014 22:23
Әлем чемпионатына әзірленетін ұлттық құрама тізімі
Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы мамыр айында әлем чемпионатына қатысады. Осыған орай, ұлттық құрамамыз оқу-жаттығу жиынына шақыртылатын ойыншыларының кеңейтілген тізімін жариялады.
30 наурыз 2014 22:23
"Барыс" биылғы маусымды Уфада тұйықтады
Астананың "Барысы" үшін биылғы маусым аяқталды. Гагарин кубогының ширек финалында Қазақстан клубы "Салават Юлаев" (Уфа) командасынан өте алмады. Жалпы есеп – 2:4.
30 наурыз 2014 11:40
Қазақстан хоккейінің финалында – "Ертiс" пен "Арлан"
Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының финалында "Ертiс" пен "Арлан" кездесетін болды. Ал «Бейбарыс» тұңғыш рет (!) финалға шыға алмай қалды.
26 наурыз 2014 22:03
"Барыс" Уфада ұтылып қалды
Гагарин кубогының ширек финалындағы үшінші кездесуін Уфада өткізген "Барыс" Башқұртстан клубынан ұтылып қалды. Сөйтіп, 2:1 есебімен "Салават Юлаев" алға шықты.
25 наурыз 2014 11:27
"Сарыарқа" бәрінен бұрын жартылай финалға шықты
Қарағандының "Сарыарқасы" "Кубань" (Краснодарь) клубын төрт рет қатарынан жеңіп, Ресейдің Жоғары хоккей лигасы аясындағы Братина кубогының жартылай финалына шықты.
24 наурыз 2014 18:04
Бойжеткендеріміз әлем чемпионатын жеңіліспен бастады
Шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Польшада өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіліспен бастады. Бойжеткендеріміз айдын иелерінен 1:4 есебімен ұтылды.
20 наурыз 2014 13:14
"Барыс" Еуропадағы жанкүйерлері ең көп жиналатын жүз команданың қатарына қосылды
Халықаралық хоккей федерация (IIHF) 2013/14 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Еуропадағы жанкүйерлері ең көп жиналатын командалардың тізімін жасақтады.
20 наурыз 2014 11:14
Ковач "Гангнам стайл" әуеніне билеуін қайта бастады
Сарыарқа төсінде Краснодарь командасымен өткен бірінші кездесуде кеншілер клубы жеңіске жеткен соң Владимир Ковач тағы да ортаға шығып биледі.
19 наурыз 2014 14:11
"Барыс" Башқұртстан клубымен кездесетін болды
Кеше Гагарин кубогының ширек финалындағы "Барыстың" қарсыласы анықталды. Қазақстан командасы азуын айға білеген "Салават Юлаев" (Уфа) клубымен кездесетін болды.
19 наурыз 2014 11:08
Бойжеткендер арасындағы әлем чемпионаты
Ертең Польшада шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионаты басталады. Онда Қазақстан бойжеткендері де сынға түседі.
18 наурыз 2014 12:56
Әттең, "Ак-Барс" қолға түспедің
Биыл Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф додасында Астананың "Барысы" Қазанның "Ак-Барсымен" кездеспейтін болды. Оған "кінәлі" – "Ак-Барстың" өзі...
17 наурыз 2014 13:12
"Сарыарқаның" ширек финалдағы қарсыласы – "Кубань"
Қарағандының "Сарыарқасы" Братина кубогының ширек финалында "Кубань" (Краснодарь) клубымен кездесетін болды. Бірінші және екінші матчтар 18-19 наурыз күндері Қарағандыда өтеді.
13 наурыз 2014 19:46
"Қазцинк-Торпедоның" пәрмені Пенза клубына жетпеді
Жоғары хоккей лигасының маңдайалды клубтары сарапқа салып жатқан Братина кубогының 1/8 финалында Өскеменнің "Қазцинк-Торпедосы" Пензаның "Дизелінен" аса алмады. Жалпы есеп – 2:4.
13 наурыз 2014 19:28
"Барыс" қалай шынықты
"Барыс" Гагарин кубогы додасында тұңғыш рет ширек финалға шығып, қазақ хоккейінің тарихына тың жетістік енгізді. «Барыстың» бұл жетістігі – бірнеше жыл бойы төккен терлері мен еңбектерінің жемісі.
13 наурыз 2014 17:54
"Барыс" тұңғыш рет ширек финалға шықты
"Барыс" хоккейшілері "Автомобилист" (Екатеринбург) клубын төрт мәрте тізерлетіп, тұңғыш рет Гагарин кубогының ширек финалына шықты. Жалпы есеп – 4:0.
12 наурыз 2014 22:04
"Барыс" Екатеринбург клубын үшінші рет ұтты
"Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының "Шығыс" конференциясындағы ширек финалдық додасында "Автомобилист" клубын үшінші рет тізе бүктірді. Бұл жолы – Екатеринбургте. Есеп – 2:1.
11 наурыз 2014 22:14