Қазақстан хоккейінің финалында – "Ертiс" пен "Арлан"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан хоккейінің финалында – "Ертiс" пен "Арлан" Сурет hc-ertic.kz сайтынан

Шайбалы хоккейден Павлодардың &quotЕртiсі&quot мен Көкшетаудың &quotАрланы&quot Қазақстан чемпионатының финалында кездесіп, саф алтынды сарапқа салатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Плей-офф жүйесімен жалғасып жатқан ел чемпионатының жартылай финалдық ойындары толықтай аяқталды. Екі жұптағы мұзайдын додасы да 4:1 есебімен аяқталды. Екі жұпта да ақтық сынның жолдамасы бес-ақ ойында шешілгенімен, жартылай финалдық ойындардың барлығы дерлік шектен тыс тартысты өтті.

&quotЕртiс&quot - &quotАрыстан&quot (Теміртау) жұбында павлодарлықтардың жеңіске жететіндігіне ешкім де күмән келтірмеген болар. Десек те, Теміртау клубы намысты қолдан берген жоқ. Аталған екі команда арасындағы бірінші ойында жеңімпаз тек овертаймда анықталды (3:2 ОТ).

Рас, екінші ойында &quotЕртіс&quot үстемдік танытты (4:0). Бірақ бұдан кейінгі екі матч өте шиеленісті болды. Бір шайба айырмасымен үшінші матчта &quotЕртіс&quot басым түссе (4:3), төртінші кездесуде &quotАрыстан&quot жеңіске жетті (3:2).

Бірақ бұдан әріге азулы &quotАрыстанның&quot шамасы жетпеді. Көктемгі &quotағысы&quot қатты &quotЕртіс&quot Қазақстан Магниткасы хоккейшілеріне дес бермеді. Бесінші матчта 4:1 есебімен жеңіске жетіп, жалпы есепте де тура осындай есеппен басым түсіп, финалға шықты.

&quotАрлан&quot (Көкшетау) - &quotБейбарыс&quot (Атырау) жұбындағы дода ұзаққа созылар деп күткенбіз. Бірақ бұл жұптағы кездесулер де бес ойынмен шектелді. Көкше клубы өз айдынындағы екі матчта да жеңіске жетіп, алға шыққан (4:2 және 3:1).

20-21 наурыз күндері Атырауда өтуі керек болған екі ойынның біріншісі өтпей қалып, бұл матч кейінге шегерілді. Ал 21 наурыздағы үшінші кездесуде &quotБейбарыс&quot 4:1 есебімен жеңіске жетіп, жалпы есеп айырмасын қысқартты. Бұдан кейінгі Көкшетауда өткен төртінші матчта &quotАрлан&quot шайбалы хоккейден гөрі футболға тән есеппен жеңіске жетті (1:0).

Содан соң 20 наурыз күні Атырауда өтпей қалған ойын өткізілді. Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының ресми сайтының мәлімдеуінше, екі команданың келісімі бойынша бұл матч Астанада өтті.

Ал Астанадағы &quotҚазақстан&quot спорт сарайы &quotАрлан&quot үшін - өте құтты мұзайдын. Дәл осы мұзайдында 2012 жылдың тамыз айында &quotАрлан&quot Қазақстан кубогын жеңіп алған. Финалдағы қарсыласы дәл осы &quotБейбарыс&quot болған...

Бұл жолы да &quotАрланның&quot айдарынан жел есті. Көкшетаулықтар шектен тыс шиеленісті матчта 4:3 есебімен жеңіске жетіп, тұңғыш рет финалға шықты.

Ал &quotБейбарыс&quot Қазақстан чемпионаты осындай үлгімен өткізіле бастағалы бірінші рет (!) финалға шыға алмай қалды. Еліміздің екі дүркін чемпионы (2010/2011 және 2011/2012 жылдар маусымындағы) енді тек қола медаль үшін додаға түсетін болады.

Ал финалда еліміздің өткен маусымдағы чемпионы мен қола жүлдегері, яғни &quotЕртіс&quot пен &quotАрлан&quot кездеседі. Көреміз, &quotЕртіс&quot екпінді ме, &quotАрлан&quot азулы ма?..

Қазақстан чемпионаты. Финал (төрт жеңіске дейін).

/1/ Ертiс - /2/ Арлан - (6-7.04; 10-11.04; 14.04; 17.04; 20.04)

Үшінші орын үшін. (үш жеңіске дейін).

/3/ Бейбарыс - /4/ Арыстан - (2-3.04; 6-7.04; 10.04)

Жартылай финал.


/1/ Ертiс - /4/ Арыстан - 4:1 (3:2 ОТ, 4:0, 4:3, 2:3, 4:1)
/2/ Арлан - /3/ Бейбарыс - 4:1 (4:2, 3:1, 1:4, 1:0, 4:3)

Ширек финал.

/1/ Ертiс - /8/ Астана - 4:0 (5:4 ОТ, 3:0, 5:3, 6:0)
/2/ Арлан - /7/ Горняк - 4:1 (4:0, 2:1, 1:3, 3:1, 8:2)
/3/ Бейбарыс - /6/ Бүркіт - 4:1 (5:3, 1:0 ОТ, 1:4, 5:3, 4:1)
/4/ Арыстан - /5/ Номад - 4:2 (5:2, 5:3, 2:1, 0:2, 3:4 ОТ, 4:2)

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +19
Астана +16
Ақтау +22
Ақтөбе +18
Атырау +23
Б
Балқаш +17
Ж
Жезқазған +15
Қ
Қарағанды +17
К
Көкшетау +16
Қ
Қостанай +23
Қызылорда +18
П
Павлодар +17
Петропавл +19
С
Семей +21
Т
Талдықорған +21
Тараз +21
Түркістан +17
О
Орал +20
Ө
Өскемен +23
Ш
Шымкент +23

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер