бойынша жаңалық Дания

@facebook.com/akweyatv Дания жағалауында мыңдаған бәтіңке шашылды Дауыл салдарынан Дания жағажайларына Maersk компаниясына тиесілі кемеге тиелген аяқ киімдер шашылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі
11 қаңтар 2024
Фото: Instagram/@onceuponasaga Жиһанкез ұшпай-ақ әлемнің 203 елінде болған Дания азаматы ұшақ қызметін пайдаланбай әлемдегі барлық елде болған алғашқы адам болды. Тор Педерсен 9 жыл 7 ай және 13 күн бойы үздіксіз саяхаттаған,
31 қазан 2023
Фото: Reuters Копенгагенде сауда орталығында атыс болып, бірнеше адам қаза тапты Копенгагендегі Field's сауда орталығында болған атыс салдарынан бірнеше адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне
04 шілде 2022
Фото: elements.envato.com Стелс-омикронның ауырлық дәрежесі алдыңғы нұсқамен бірдей - ДДСҰ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілі омикрон BA.2 штамының жаңа түрі алдыңғы мутациямен бірдей екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
02 ақпан 2022
Көрнекі сурет: ©Shutterstock Әлемдегі ең үздік 50 мейрамхана аталды Пандемия басталғаннан бері әлемдегі ең үздік 50 мейрамхананың алғашқы рейтингі жасалды. Сізге ең дәмді тағам қайда екенін Kaz.tengritravel.kz
07 қазан 2021
Копенгаген. Фото: elements.envato.com Әлемдегі ең қауіпсіз қала аталды Халықаралық зерттеушілер әлемнің 60 қаласындағы қылмыс деңгейін талдап, ең қауіпсіз деп атады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
23 қыркүйек 2021
Фото: pixabay.com Вакцина салдырған туристер кіре алатын ЕО елдерінің тізімі жарияланды Сарапшылардың айтуынша, коронавирустың жаңа толқыны жақындап келеді, ал жеңіл нұсқада болса да, туристік маусым әлі де жалғасып жатыр, - деп
13 қыркүйек 2021
Цюрих, Швейцария. Фото: pixabay.com Туристер үшін Еуропадағы ең қымбат қалалардың рейтингі жарияланды Еуропада тұру үшін ең қымбат қала Цюрих болды. Британиялық Сheaprooms брондау порталының жақында жүргізген зерттеуі Еуропаның ең қымбат қалаларын
12 қыркүйек 2021
Фото ©REUTERS Дания коронавирусқа байланысты барлық шектеуді алып тастады Дания коронавирусқа байланысты барлық шектеуді алып тастаған алғашқы еуропалық ел болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елдің Денсаулық
10 қыркүйек 2021
Фото: TripAdvisor Данияда Ханс Кристиан Андерсеннің музей-үйі ашылды Данияның Оденсе қаласында Ханс Христиан Андерсенге арналған жаңа музей ашылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме
10 шілде 2021
Фото: twitter.com/EURO2020 EURO-2020: Ресей турнирмен қоштасты, Украинаның әлі мүмкіндігі бар Футболдан Еуропа чемпионатының В және С топтарынан плэй-офф кезеңіне шыққан командалар белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
22 маусым 2021
Фото: twitter.com/EURO2020 EURO-2020: тағы екі құрама плэй-офф кезеңіне шықты Бельгия мен Нидерланды құрамалары футболдан Еуропа чемпионатының плэй-офф кезеңіне жолдама алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
18 маусым 2021
Фото ©REUTERS Матчте жүрегі тоқтап құлаған Эриксен жағдайын айтты Дания құрамасының 29 жастағы футболшысы, Еуропа чемпионатының матчінде жүрегі тоқтап құлаған  Кристиан Эриксен Instagram-да ауруханада
15 маусым 2021
©️ Futbol-u Alîyye, @0smanlisporFK EURO-2020: Дания-Финляндия матчінде тосын оқиға болды Дания құрамасының футболшысы Кристиан Эриксен EURO-2021 турнирінің топтық кезеңіндегі Финляндияға қарсы матчте есінен танып қалды, - деп хабарлайды
12 маусым 2021
Фото: pixabay.com Әлемдегі ең таза жағажайлар аталды Испания әлемдегі ең таза жағажайлары бар ел деп аталды. Бұл туралы жыл сайын суы жоғары стандарттарға сәйкес келетін, қауіпсіз жүзуге жарамды
05 маусым 2021
Фото: pixabay.com Түркия екі елмен әуе қатынасын жаңартты Түрік ұлттық әуе тасымалдаушысының басқарма төрағасы Билал Экши екі елмен: Ұлыбритания және Даниямен әуе қатынасы қайта ашылғанын мәлімдеді.
25 сәуір 2021
© pixabay.com Данияда автожолдар бойымен веложолақтар салуды жоспарлап отыр Дания үкіметі елдегі велосипед инфрақұрылымын дамытуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы "ЕвроПульс" басылымына сілтеме
28 ақпан 2021
© Reuters Данияда коронавирустың мутацияланған түрі 214 адамнан анықталды Данияда қаракүзендерден анықталған мутацияланған коронавирус жаздың басынан қазанның ортасына дейінгі аралықта 214 адамнан анықталды. Бұл туралы
06 қараша 2020
© pixabay.com Дания Қысқаша мәлімет
15 қыркүйек 2020
© pixabay.com Апталап киюге болатын киім өндірілді Даниялық стартап Organic Basics деген жаңа технология ойлап тапты. Оның арқасында ішкиімді апталап киюге мүмкіндік пайда болды, - деп хабарлайды
04 қаңтар 2019

Қысқаша мәлімет

Орналасуы: Солтүстік Еуропаның Ютландия түбегінде және Дания архипелагында орналасқан
Астанасы: Копенгаген
Ірі қалалары: Орхус, Оденсе, Ольборг, Эсбьерг, Раннерс
Жер көлемі: 43 094 шаршы шақырым
Телефон коды: +45
Қазақстанмен уақыт айырмашылығы: -4 сағат
Сағаттық белдеуі: GMT+2
Виза: Шенген
Тілі: дат
Валютасы: дат кронасы
Халқы: 2019 жылы 5,806 миллион адам
Діни сенімдері: евангелиялық лютерандықтар 91 пайыз
Жол қозғалысы: оң жақты қозғалыс
Тоқ көзінің түрі: C, К, 230 В, 50 Гц

Дания географиясы мен климаты

© pixabay.com

Дания жер аумағының көп бөлігі толқынды онша биік емес жазықтықтардан құралған. Мемлекеттің ең биік нүктесі Идинг-Сковх тауы (173 метр), Ютландияның шығысында орналасқан. Ең төменгі жері (12 метр) - батыс бөлігінде орналасқан. Дания жер бедері плейстоцендердің мұздық қабаттарының әрекеті нәтижесінде пайда болған. Жерінде көптеген қазаншұңқырлар бар, оларда көл және батпақтар орналасқан. Елдің солтүстігінде қабатты теңіздік жазықтықтар тарқалған. Негізгі жынысы - әктастар, олар кейінгі бор және кайнозой эраларында пайда болған. Осы жыныстармен жер асты сулары тығыз байланысты. Данияның шығыс бөлігі көп терең шұңқырлармен бөлінген. Батыс және солтүстік бөлігінде құмды төбелер кездеседі. Оңтүстік батысы теңіздік әрекетер нәтижесінде пайда болған. Осы аралықта су тасқынынан қорғайтын көптеген бөгендер, дамбалар салынған.

Дания теңіздік жұмсақ қысқа ие. Мұхит әсері қыста қатты байқалады. Ақпан айының орташа температурасы 0 градус, шілдеде 15-16 градус. Жыл бойы батыстан көптеп жел соғады. Қыста бұлтты күндер көп болады. Жазда күншуақты болып келеді. Көктем кеш түседі. Жылдық орташа шауын-шашын көлемі Ютландияның батысында 800 миллиметр, Үлкен Бельт бұғазында 450 миллиметр. Көп мөлшерлі жауын-шашын күз және қыс уақытына тура келеді. Жауын жаңбыр түрінде түседі.

© pixabay.com

Дания экономикасы

Дания - жоғары деңгейде дамыған өнеркәсіптік, дамыған мемлекет. Экономикасында жеке сектор басты орында. Дания өнеркәсібі әртараптанған. Негізгі ерекше дамыған электронды құрылғылар өндірісі, тамақ, кеме өндірісі және құрылыс. Ауылшаруашылығында басты рөлді балық шаруашылығы алады. Дания экономикасын екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана қалпына келтіре алды. Ауыл шаруашылығының ұлттық кірістегі үлесі 20 пайыз пайызға 1953 жылы, 3,9 пайыз пайызға 1995 жылы кеміген. Данияда қызмет көрсетуде 74,7 пайыз халық жұмыс істейді.Жалпы ішкі өнімде сыртқы сауда үлесі 54,9 пайыз құрайды. Экспорт және импорт ЖІӨ-нің 1/3 құрайды. 2/3 сыртқы сауда - бұл ЕуроОдақ елдерімен жүргізіледі. Негізінен Германия мен Еуро Одақтан басқа АҚШ және Жапония бар.

75 пайыз экспортты өнеркәсіптік тауарлар құрайды. Бұлар құрылғылар, химиялық өнімдер, ауылшаруашылық өнімдері. Ауылшаруашылығы экспорттың 15 пайызын құрайды. Қызмет көрсету экспорттың 10 пайызын құрайды. Импорт бойынша 70 пайызын шикізаттық тауарлар құрайды. 30 пайыз экспортты тұрмыстық тауарлар, яғни автомобильдер де бар. Негізгі қызмет көрсету саласына банктер, туризм, қаржылық, транспорт және сауда жатады.

© pixabay.com 

Дания тарихы

Даниядағы адамның алғашқы іздері рисс-вюрмдік мұздық аралығында (шамамен 100-70 мың жыл бұрын) болған. Алғашқы қоныстар Бромме мәдениетіне жатады (жоғарғы палеолит дәуірінің соңы). Мезолит кезеңі Маглемоза және Эртебелл мәдениеттерінің археологиялық олжаларымен танымал. Біздің заманымызға дейінгі 3900 жылы Данияда алғаш ауыл шаруашылығы пайда болды.

IV ғасырда юттар мен англдер Дания аумағына келді, халықтардың Ұлы қоныс аударуы кезінде олар Британияға қоныс аударды, ал Скандинавия түбегінің оңтүстігінен келген дандар Ютландияны мекендеді. Олар туралы алғашқы мәліметтер VI-VII ғасырлар дереккөздерінде кездеседі.

Даниялар VIII ғасырдың соңы мен XI ғасырлар аралығында өткен Викингтік жорықтардың белсенді қатысушылары болды. Осы кезеңде Исландия игеріліп, Гренландия мен Солтүстік Америкада елді мекендер құрылды. Ютландтың оңтүстігіндегі Хедеби кенті маңызды сауда орталығы болды.

965 жылы Харальд шоқыну рәсімін жасап, даниялықтардан христиан дінін қабылдауды талап етеді. XI ғасырдан бастап христиан діні таралды. Данияның ірі қалаларында Рим-католиктік және готтық соборлардың
 
құрылысы басталды. XII ғ. Данияға жаңа жерлер қосылды. Олардың ішінде бүгінгі Шлезвиг-Гольштейн, Померания, Мекленбург және Эстония бар.

XIV ғасырдың 1332-1340 жж. аралығында жалғасқан азаматтық соғыс нәтижесінде монархиялық билік әлсіреді. Дания корольдігі патшасыз өмір сүріп жатты.

1340 жылы II Вальдемар XIV ғасырдың аяғында патша билігін қалпына келтіреді. 1397 жылы Вальдемардың қызы Маргарет I Кальмар одағын құрады. Оның ішіне Норвегия, Швеция, Финляндия мен Исландияның біраз бөлігі кірді.

XVI-XVII ғғ. Дания мәдениеті мен өнерінің өркендеу ғасыры болды. Осы кезеңде Солтүстік Ренессанс деп аталатын стильде (Кронборг, Розенборг, Фредериксборг және т.б.), барокко және рококко стилінде (Кристианборг және Амалиенборг сарайлары) көптеген сарайлар мен қамалдар салынды. Еуропада бірінші обсерватория Вена аралында тұрғызылды.

XVIII-XIX ғғ. соғыстар мен көтерілістер аумақтық шығындарға алып келді. Осыған қарамастан, Дания экономикалық тұрғыдан өркендеген ел болып қала берді және бірқатар ішкі реформаларды сәтті жүзеге асырды (жер, әлеуметтік, білім беру реформалары және т.б.).

ХХ ғасырда Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін (Дания үшін ол 1945 жылы 5 мамырда аяқталды, содан бері даттар 5 мамырда азаттық күнін атап өтеді) Дания мәдениеті дамуын жалғастыруда және бұл әсіресе кинематография, әдебиет, музыка және балет саласында ерекше байқалады.

© pixabay.com

Қазақстандық туристер үшін Дания қаншалықты тартымды?

Барлық артықшылықтарға қарамастан, Данияда тұру өте қымбат. Бұл азық-түлік бағасына да, күнделікті шығындарға да, жылжымайтын мүліктің және автомобиль сияқты басқа да материалдық құндылықтардың құнына да қатысты. Соның ішінде, даниялықтардың 86 пайызы қалада велосипедпен жүргенді жөн көреді.

Данияда қаланың орталығында бір бөлмелі пәтерді жалға алу айына шамамен 640 крон (890 еуро), ал шалғай аудандарда шамамен 4 830 крон (645 еуро) тұрады. Орталықтағы жылжымайтын мүліктің бір шаршы метрінің бағасы 32 410 крон (4340 еуро), ал қала сыртында 22 070 (2 955 еуро) болады.

Дания әлемдегі салық құны бойынша ең жоғары көрсеткішке ие. Соған қарамастан, жергілікті тұрғындар түрлі әлеуметтік жеңілдіктерге ие бола алады, оның ішінде ақысыз білім мен медицина қызметін пайдалануға болады. Салықтар мемлекеттік және муниципалды деңгейде өндіріледі.

Даниядағы отельдер негізінен таза, ұқыпты, бағасына, көрсетілген жұлдыз санатына сәйкес келеді: классификациясы стандартты, еуропалық, 1-ден 5-ке дейін есептеледі. Қонақүйлердің ең үлкен таңдауы - Копенгагенде, бірақ кез-келген қалада қонақүйге орналасу оңай. Ең арзаны - хостелдерде тұру, купюрерлерге түнді тегін өткізу ұсынылады.

© pixabay.com

Данияға қалай жетуге болады?

Даниядағы ең ірі Каструп әуежайы Копенгагеннің орталығынан 8 км қашықтықта орналасқан. Сіз Алматыдан Данияға тікелей рейс, ауысымдық рейс немесе чартер арқылы жете аласыз. Ауысымдық рейс әдетте тікелей рейске қарағанда арзанырақ түседі. Чартерлік рейстер тек жоғары маусымда болады, және сіз оларды туристік агенттікте қонақүймен бірге брондай аласыз. Алматыдан Данияға тұрақты рейстер жоқ. Ауысымдық рейстерді таңдауға тура келеді.

Даниядағы көлік қозғалысы

Метро және қоғамдық көліктер 5:00-ден (жексенбі күндері 6:00-ден) түн ортасына дейін жұмыс істейді. Түнгі автобустар да бар, олар әр жарты сағат сайын 1:00-ден 4:30-ға дейін жүреді. Олар Redhus Pladsen-дегі автовокзалдан қаланың көптеген аудандары мен қала маңына қатынайды. Билеттер метро мен автобустар үшін бірдей. Копенгаген үш көлік аймағына бөлінген. Метроның 2 зонаға бір сағаттық билеті 24 DKK, барлық аймақтар үшін бір күндік билет 108 DKK тұрады. Билеттерді бекеттерде немесе автобустарда сауда автоматтарына салу керек.

Данияның барлық қалаларында таксилер бар, жүргізушілер ағылшын тілінде сөйлейді. Көліктерде fri (бос) деген белгі бар. Таксилерді көшеде тоқтатуға, тұраққа апаруға немесе телефон арқылы тапсырыс беруге болады. Әуежайға бару 250-350 DKK тұрады.

Копенгаген картасы сізге қоғамдық көлікте шексіз саяхаттауға және астананың 40-тан астам мұражайларына тегін кіру құқығын береді. Тәулік бойы карта 389 DKK, 48 сағат - 549 DKK, 72 сағат - 659 DKK, 120 сағат - 889 DKK тұрады. Балаларға екі есе жеңілдік қарастырылған.

© pixabay.com

Данияда қайда баруға болады?

Копенгаген - Викинг кеме мұражайы, Христианборг сарайы (XVIII ғасыр), онда Дания парламенті, Ұлттық кітапхана, Арсеналдың корольдік мұражайы, Розенборг қамалы, әлемге әйгілі "ойын-сауық саябағы", Амалиенборг сарай кешені (XVIII ғасыр), әйгілі мәрмәр соборы шоғырланған қала.

Нюхавн - суретшілердің, фотографтардың, журналистер мен туристердің сүйікті орны, Ньюхавннің қасында Ұлттық музей мен "Глипотека" сурет галереясы, сонымен қатар 2 мың жануарлары бар зообақ орналақан. Ең үлкен алаң - Шарлоттенборгтың бұрынғы корольдік резиденциясындағы Өнер академиясының ғимараты, Конгенс-Нитор ("Жаңа король"), сонымен қатар 1722 жылы құрылған Король театры.

Копенгагеннің орталығы - Ратушный алаңы, ал жағалаудан қаланың символына айналған Су перісінің мүсінін көруге болады. Копенгагеннен алыс емес жерде готика стиліндегі сарай (Королеваның жазғы резиденциясы) және Еуропадағы ең әйгілі заманауи өнер мұражайы Луизиана орналасқан.

Копенгагеннен 10 шақырым жердегі Баккен паркі - әлемдегі ең көне ойын-сауық саябағы, ал Тайн Холл алаңының оңтүстігінде тағы бір ойын-сауық паркі Тиволи орналасқан. Орхус қаласында әлемге әйгілі Леголенд паркі бар.

Фюнен ("Дания бағы") - бұл ашық аспан астындағы мұражай: ортағасырлық сарайлар, мен ескі саябақтар бұрынғы қалпында сақталған және әлі күнге дейін мұқият қорғалады.

Оденсе - Ганс Христиан Андерсеннің туған жері, шілде-тамыз айларында бұл жерде оның құрметіне мерекелер өткізіліп тұрады, осы қалада ұлы ертекшінің құрметіне ашылған мұражай бар.

Хельсингер - бұл Кронбеорг қамалы, Скандинавиядағы ең үлкен ғимарат және Шекспирдің "Гамлет" алаңы, Фредериксборг қамалы, қазір Ұлттық тарих мұражайы, Роскилде соборы (XII ғасыр), Викинг мұражайы және Скольденсхолмдағы Трамвай мұражайы.

Хесселе және Ворсе ұлттық парктері солтүстік Еуропаның табиғатын сол күйінде сақтаған.

© pixabay.com

Дания асханасы

Даниялық тағамдар скандинавиялық дәстүрлерге сай: қарапайым, жылы, теңіз өнімдерімен және көкөністермен дайындалған. Оның басты символы - "смурреброд" деп аталатын бутерброд: әйгілі мейрамханаларда және қарапайым асханаларда ет, балық, ірімшік, шөптер, тұздықтар мен дәмдеуіштері бар қабаттардан тұратын өте дәмді тағам. Көбінесе салаттармен ұсынылады, сонымен қатар, өте тойымды, жоғары калориялы: ветчинамен, макаронмен, бұршақпен және майонезмен бірге беріледі.

Дат халқы балықты сүйіп жейді: майшабақ, лосось, скумбрия және т.б., қуырылған, тұздалған, кептірілген және ысталған түрлері бар. Шошқа етінен котлеттер, паштеттер, шұжықтар жасалады. Тағы бір қызықты тағам - ананас қосылған тұздалған тауық еті, ол ыстық та, салқын күйінде де ұсынылады. Әр тағам үшін мұқият таңдалған тұздық та бар: қыша, қоңыр, ақжелкен немесе жидек тұздықтары.

© pixabay.com

Даниядағы қауіпсіздік

Дания - қауіпсіз ел, қылмыс деңгейі өте төмен десе болады. Соған қарамастан, кешкілік уақытта баруды қажет етпейтін жерлер бар: мысалы, Нерребро, Неррепорт және Броншой аудандарында иммигрантар көп тұрады, олар кездейсоқ жолаушыларды өздерінің қылмыстарына тартуы мүмкін.

Көшедегі ұрлықтар да жиі кездеседі: теміржол вокзалдарында, қоғамдық көліктерде және танымал туристік аудандарда қалта ұрыларынан абай болыңыз. Олардың барлығы жақсы киінген, сырт келбетінен байқатпайды, бірақ сіз сәл босаңсып кетсеңіз, ақшаңыз да, құжатыңыз да қалай ұрылар қолына түскенін сезбей қаласыз.

© pixabay.com

Даниядан қандай кәдесыйлар алуға болады?

Даниядан әкелінетін ең жақсы гастрономиялық кәдесыйлар - марципандар, ірімшіктер және шөптер, жемістер мен дәмдеуіштердің ерекше қоспасы бар күшті Гаммель Данск тұнбалары.

Янтарь тастарынан, хрустальдан жасалған ыдыстар, күміс зергерлік бұйымдар, викинг атрибуттары туристер арасында ерекше танымал. Өзіңізге және жақын адамдарыңызға арналған қымбат сыйлық іздесеңіз, тик жиһазы, қымбат Скаген сағаттары, Корольдік өндірістен фарфор жиыны және бай, әйгілі адамдар сүйіп тағатын Линдберг көзілдірігін алсаңыз болады. Балаларға ең жақсы сый - "Лего" конструкторы, себебі, Дания - оның Отаны.

Шағын дүкендер 9:00-10:00-ден 17:00-18:00-ге дейін, жұма күндері 19:00-20:00 аралығында, сенбіде 13:00-14:00-ге дейін, жексенбі - демалыс күні. Ірі супермаркеттер ұзағырақ жұмыс істейді, туристік аймақтардағы сауда нүктелері келушілерді аптасына 7 күн қабылдайды.

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети