бойынша жаңалық Люксембург

Фото:depositphotos.com "Мұнда бәрі тегін": турист-блогер таңғажайып тур көрсетті Саяхат блогері Ирина (@miladyfairy) өзінің TikTok аккаунтында көптеген ойын-сауық пен көлік, тіпті, туристер үшін тегін болатын ел туралы айтты.
14 желтоқсан 2023
Тоқаев Люксембург сыртқы істер министрін қабылдады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембургтің Сыртқы істер министрі Жан Ассельборнды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға
29 маусым 2023
Фото: Азаматтық авиация комитеті Люксембург әуекомпаниясы Қазақстанға қайта ұшқысы келеді Люксембург әуекомпаниясы Cargolux Қазақстанға ұшуды қайта бастағысы келеді. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың
10 қазан 2022
Люксембург. Фото: pixabay.com Еуропаның тағы бір елі туристер үшін COVID-19 шектеулерін өзгертіп жатыр Люксембург билігі 1 қазаннан бастап, елдің "ковид" мәртебесіне қарамастан, үшінші елдерден келген барлық саяхатшы үшін коронавирусқа байланысты
03 қазан 2022
Фото: ҚР СІМ ресми сайты Бельгия мен Люксембургте Наурыз мерекесі тойланды Наурыз мейрамын атап өту аясында Брюссель мен Люксембургте заманауи қазақ мәдениеті мен отандық шығармашылық топтардың өнімдері мен бұйымдарын
31 наурыз 2022
© pixabay.com Люксембург Қысқаша мәлімет
17 қыркүйек 2020
Фото: elements.envato.com Люксембург үкіметі Статиге қарсы қылмыстық тергеу бастады Люксембург үкіметі Қазақстанның шағымы бойынша Статиге қарсы қылмыстық тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
28 наурыз 2020
©Тұрар Қазанғапов Назарбаев Литваның және Люксембургтің премьер-министрлерімен кездеседі 22 мамырда Нұрсұлтан Назарбаев VIII Астана экономикалық форумының жұмысына қатысады.
19 мамыр 2015
Люксембург туы. ©РИА Новости Қазақстан Люксембургпен ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөледі Қазақстан Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Люксембург Ұлы Герцогтығы премьер-министрі Ксавье Беттельмен кездесті.
24 қаңтар 2015
©REUTERS Люксембург біржынысты некені заңдастырды Депутаттар бір жыныстылардың некеге тұруына және бала асырап алуына рұқсат беретін заңға енгізілген өзгертулерді мақұлдады.
19 маусым 2014

Қысқаша мәлімет

Орналасуы: Батыс Еуропада орналасқан мемлекет
Астанасы: Люксембург
Ірі қалалары: Люксембург, Эш-сюр-Альзет, Дифферданж, Дюделанж, Эхтернах
Жер көлемі: 2586,4 шаршы шақырым
Телефон коды: +352
Қазақстанмен уақыт айырмашылығы: -4 сағат
Сағаттық белдеуі: (GMT+2)
Виза: Шенген
Тілі: люксембург, неміс, француз
Валютасы: еуро
Халқы: 2019 жылы 613 894 адам
Діни сенімдері: католик
Жол қозғалысы: оң жақты қозғалыс
Тоқ көзінің түрі: С, F. 220 В,50 Гц

Люксембург географиясы мен климаты

Люксембург - Батыс Еуропадағы теңізге шыға алмайтын шағын мемлекет. Құрлық бойынша ел оңтүстігінде Франциямен (73 шақырым), батыста және солтүстік-батыста Бельгиямен (148 шақырым), шығыста Германиямен (138 шақырым) шектеседі. Люксембургтің аумағы - 2586 шаршы шақырым, биіктік айырмасы - 428 метр. Солтүстік бөлігі - жоғары, оңтүстік бөлігі - төмен. Рельефі көбінесе тегіс, солтүстігінде Арденн шоқылары бар, оңтүстік бөлігінде Люксембург үстірті орналасқан. Ең биік жері - Кнайф шоқысы (560 метр), ең төмен нүктесі - Зауэр (132 метр).

Геология тұрғысынан Люксембург екіге бөлінеді: солтүстікте теңіз деңгейінен 555 метр биіктікте орналасқан қалың ормандары мен ғажайып табиғатымен танымал Ойеслинг (Oesling) елдің үштен бір бөлігін алып жатса, теңіз деңгейінен 426 метр биіктікте орналасқан оңтүстігінде орманды және ауылшаруашылық жерлері бар Қайырымды ел (Good country) қалған бөлігін қамтиды.

Люксембургте климаттың қоңыржай түрі басым, теңізден континентальдыға ауысады, ол қыста ылғалды және жазда жұмсақ болып келеді. Ең ыстық ай шілде, күндіз ауа температурасы 22-24 градусқа дейін қызады, ал түнде +12 + 14 градусты көрсетеді. Қысы жұмсақ, ең суық ай - қаңтар. Қаңтарда күндіз ауа температурасы 1-ден 3 градусқа дейін, түнде -3 -1 градусқа дейін төмендейді.

Қаңтардың орташа температурасы 0 градус, шілде шамамен + 17 градус. Арденде қыста қар жиі жауады. Ең шуақты айлар - мамырдан тамызға дейін, бірақ қыркүйектің бірінші жартысына дейін күншуақты болады. Бір жыл ішінде елдің оңтүстігінде 760 миллиметр жауын-шашын түседі, ал жауын-шашынның ең көп мөлшері елдің солтүстігінде 900 миллиметрге дейін түседі, қыста қар жиі жауады. Жауын-шашын жыл бойы біркелкі таралады, мамыр, маусым және қараша, желтоқсанда көп мөлшерде түсетіні байқалады.

© pixabay.com

Люксембург экономикасы

Люксембург - жоғары дамыған индустриалды, Еуропадағы ең өркендеген елдердің бірі. ЖІӨ құрылымында қызметтер, қаржы және сауда басымдық көрсетеді. Бұл салаларда экономикалық белсенді халықтың шамамен 50 пайызы жұмыс істейді. Ұзақ уақыт бойы металлургия саласы ел экономикасында үлкен рөл атқарды. 1911 жылы құрылған ARBED металлургия концерні елдегі ең ірі өнеркәсіптік кәсіпорын болды. Люксембургте тұтынылатын энергияның барлығы импортталады, соның ішінде мұнай, табиғи газ, көмір бар. Химия, былғары, цемент, қыштан жасалған бұйымдар (шыны, фарфор), ағаш өңдеу, тігін, тоқыма, тамақ өндірісі дамыған. Телекоммуникация желілері үшін аудио және видео жабдықтар шығарылады.

XX ғасырда Люксембург әлемдегі ең ірі банк орталықтарының біріне айналды. Елде әлемнің 200-ден астам ірі банктері жұмыс істейді.

Өнеркәсіптің жоғары дамуымен ауылшаруашылығының дәстүрлі салаларына - ет және сүт шаруашылығы, бау-бақша, жүзім өсірумен айналысады. Мозель өзенінің бойындағы жүзімдіктер әсіресе керемет шараппен танымал. Бұл алқапта жүзімнің таңдамалы сорттары өсіріледі, олардан әлемге әйгілі "Рислинг", "Мозельское", "Риванер" шараптары шығарылады.

Люксембург Бенилюкс экономикалық одағының және Еуропалық Одақтың мүшесі болып табылады. Елдің ЖІӨ-нің 46 пайызы оның қаржы орталығы ретіндегі рөліне байланысты түседі. Жеке банк қызметінен басқа, соңғы он бес жыл ішінде Люксембург Еуропаның ең маңызды инвестициялық қор нарығына айналды.

Люксембургтің экономикасы сыртқы нарыққа барынша тәуелді. Экспортта басты орынды болат және метал өнімдері алады. Соңғы уақытта синтетикалық талшықтар, автомобиль доңғалақтары, машиналар, жабдықтар, тоқыма бұйымдары экспорты қарқынды дамуда.

Қазіргі уақытта Люксембургтің сыртқы саудасы Бельгияның сыртқы саудасымен байланысты және Бельгияның Ұлттық Банкі Люксембургте халықаралық операцияларды жүзеге асырады.

Люксембург тарихы
 
Біздің дәуірімізге дейінгі I -мыңжылдықта қазіргі Люксембург территориясын кельттер мекендеді. Біздің дәуірімізге дейінгі I ғасырда оны римдіктер жаулап алып, Бельгика Прима провинциясының құрамына кірді.

Ел атауы неміс тілінде "кішкентай қамал" деп аударылған. Люксембургтің тарихы Зауэр мен Альзет өзендерінің жанында орналасқан шағын бекіністі салудан басталады. Қамал құрылысы 963 жылы, Зигфред графтығына өткен кезде басталды. Содан бері бұл жер әртүрлі билеушілердің қолына өткен. Неміс бекінісі Англияға, Франциядағы Бурбон әулеті мен Испанияға, Австрияға, Пруссияға, Нидерландыға, Бельгияға кезек өтіп тұрды.
Люксембургтің бастапқы аумағы кеңейтілді, бірақ ол ешқашан үлкен болған емес.

Германиядағы Люксембург әулетінің атасы XIV басында Қасиетті Рим империясының императоры III Генрих болды. 1354 жылдан бастап Люксембург герман жерлеріне енген герцогтық болды. Бірақ 1443 жылы оны Бургундиялық Филипп, ал XVI ғасырда испандықтар жаулап алды. Соңғылардың үстемдігі Люксембургтің бүкіл тарихындағы ең қиын кезең болды: инквизиция, шектен тыс салықтар, материалдық байлықты тәркілеу, шаруалар езгісі мен күйреуі, жергілікті халықты әскер ретінде пайдалану т.б.

Алайда, 1566 жылы испандық Нидерландтың солтүстік бөлігі Голландия республикасы болып, ал Люксембург оңтүстік бөлігі ретінде испан билігінде қала берді. Тек 1714 жылы ғана ол Утрехт және Раштат келісімдері нәтижесінде Австрияға тапсырылды. Австрия Люксембургқа Франция революциясына дейін билік жүргізді. Осы кезеңдерде үздіксіз соғыс нәтижесінде Люксембург экономикасы әбден құлдырап, халық қалжырап барынан айырылды. Халық оба ауруынан зардап шегіп, Америка мен Канадаға бас сауғалап, көшуге мәжбүр болды. Соған қарамастан, Люксембург халқы барынша мойымады, бұрын-соңды өсіріп көрмеген картопты Фландриядан әкеліп егіп, шаруашылықпен айналыса бастады. Темір рудасының бай кен орындарының арқасында темір өңдеу жанданды. Бірқатар зауыттар мен фабрикалар бой көтерді.

Люксембургтің тәуелсіз тарихы 1867 жылдың 9 қыркүйегінде басталады. Екі дүниежүзілік соғыс князьдық үшін басқыншылықпен аяқталды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бүкіл патша әулеті қуғында болды.

1868 жылы қабылданған Люксембург Конституциясы мемлекетті тәуелсіз және бейтарап деп жариялады, сонымен бірге Ұлы Герцогті мемлекет басшысы ретінде мойындағанымен, оның құқықтарын шектеді. Енді заң шығару функциялары тікелей жалпыға бірдей сайлау құқығымен алты жылға сайланған депутаттар Палатасының құзырында болды. Люксембург экономикасы қарқынды дамып, халықтың әл-ауқатын арттыруға және Еуропадағы ең бай елдердің біріне айналуға мүмкіндік алды. Люксембург қазіргі уақытта Бенилюкс және НАТО құрамына кіреді.

Қазақстандық туристер үшін Люксембург несімен тартымды?

Люксембург - Еуропаның жүрегі іспетті, танымал курортты мемлекет. Жылына миллиондаған туристтерді қабылдайтын Люксембург сәулет өнерімен, тарихи-мәдени ескерткіштерімен, әсем табиғатымен көз тартады. Қызмет көрсету деңгейі мен қонақжайлылығы жоғары, көрнекті жерлері ерекше, асханасы өте дәмді, дәмі тіл үйірер Мозель шараптары Люксембургтің бағасын арттыра түседі.

Өте жайлы қонақүйлер тек қала орталығында ғана емес, герцогтық аумағындағы шағын елді мекендерде де орналасқан. Қонақүй бөлмесін алдын ала брондағаныңыз жөн болады, себебі, жоғары маусымдарда бөлме тапшылығы болатыны рас. Қонақүй қызметінің деңгейі, жабдықталуы қала орталығында орналасуына немесе жұлдызды санатына тәуелді емес.

Хостелде түнеу бәрінен арзан түседі. Мысалы, жатын орын мен таңғы ас бағасы бір түнге 25 еуроны құрайды. Апартаментте түнеу құны 70 еуродан, ал бес жұлдызды қонақүйде екі адамды бөлмеде түнеу құны 255 еуродан басталады. Ашық демалысты сүйетіндер бір түнге 40 еуродан Кендсфордта кемпинг жалдауларына болады. Вианденде үш жұлдызды қонақүйде тұру немесе Клервода төрт жұлдызды қонақүйде тұру 75 еуродан басталады.

© pixabay.com

Люксембургқа қалай жетуге болады?

Алматы қаласынан Люксембургқа дейін 5264 шақырым. Алматы - Люксембург бағытында 14 әуе компаниясы жұмыс істейді. Ең көп ұшатын әуе рейстері Luxair әуе компаниясына тиесілі. Қазақстаннан Люксембургқа Алматы-Люксембург, Нұр-Сұлтан-Люксембург әуе рейстері арқылы ұша аласыз.

Люксембургтағы көлік қозғалысы

Люксембургте ішкі автобустық қатынау жолға қойылған. Қаланың негізгі аудандары мен тарихи көрнекті жерлеріне қатынайтын 15 маршрут қарастырылған. Билеттер екі сағат жол жүруге 2 еуро, ал күні бойы қатынауға 4 еуроны құрайды. Билеттерді кез келген автоматтардан, кассалардан, пошта бөлімшелерінен алуға болады.

Жұма және сенбі күндері кешіккендерді түнгі автобус жеткізеді (3:30-ға дейін жүреді), ал сауда жасауды сүйетіндер үшін күнделікті тегін шоппинг-бас автобустары тасымалдайды, олар Glacis автотұрағынан бастап, рю Бомонға дейін жол бойы көрнекті жерлерге аялдама жасау арқылы жеткізіп отырады.

Люксембургте трамвайлар да жүреді, олар "Люксэкспо" көрме орталығынан Летуаль алаңына дейін қатынайды. Ал трамвай мен автобус аялдамаларының арасында жарықтандырылған электр сымдары бар электрошаттлдар жүреді, оларда жол жүру құны тегін.

Таксилерді қонақүй маңынан ұстауға немесе телефон арқылы тапсырыс беруге және көшеден де тоқтатуға болады. Қала орталығында жол жүру құны 3,5 еуродан басталады, түнде жол жүру құны 10 пайызға, ал демалыс күндері 25 пайызға дейін қымбаттайды. Люксембург бойынша велосипед жалға беру пункттері орналасқан. Бір сағатқа жалға алу құны 7,50 еуро, ал күні бойы жалға алу құны 30 еуроны құрайды.

Люксембургте қайда баруға болады?

Елдің курорттық орталығы - шипалы минералды бұлақтарымен, термалды суларымен және емдік балшықтарымен әйгілі Мондорф-ле-Бен шағын қаласы. Бальнеологиялық ем шараларынан басқа, курорт таңқаларлық жұмсақ климатымен туристерді қызықтырады. Қыста ызғарлы жел, ал жазда аптап ыстық болмайды.

Бұл қаланың географиялық орналасуына байланысты. Биік шоқылы төбелермен қоршалған, ол қолайсыз ауа-райынан сенімді қорғалған. Экотуризм жанкүйерлері тік тау жолдарымен жаяу серуендерді таңдайды. Тығыз ормандармен, жартасты шатқалдармен, Лиежеуа көлінің мөлдір таза суы мен әсем жартастары табиғат пен ашық ауада демалуды жақсы көретіндерге таптырмайтын демалыс.

Люксембургтің Еуропадағы ресми символы - Адольф көпірі. Петрюс өзенінің үстінде ауада қалқығандай әсем доғаларға қарап, бұл құрылым кем дегенде бірнеше жүз жыл бұрын салынғанын түсінесіз. Көпірдің әсемдігі готикалық сәулет өнерін еске түсіреді. Негізінде, құрылыс 1903 жылы аяқталған. Алайда, қазіргі Люксембургті ешкім теміржол вокзалы мен базар алаңын байланыстыратын және Корольдік бульвардың жалғасы болып табылатын осы автомобиль жолынсыз елестете алмайды.

Grand Ducal сарайы заңды түрде "астананың бет-бейнесі" және Ұлы Герцог және оның отбасының жұмыс орны болып саналады.

Испания Ренессансы стиліндегі сарай 1572 жылы салынған. Бірнеше жылдар ішінде ол мэрияға, губернатордың және Ұлы Герцогтің резиденциясы болды, фашистік оккупациядан және қалпына келтірудің қиын кезеңінен аман өтті. Осы уақытқа дейін Люксембург билеуші үйіне қызмет етуді жалғастыруда және көптеген туристер мен қала қонақтарын таңғалдыруда.

Люксембург көптеген қамалдарға бай. Берг, Үш жаңғақ, Мамерск сарайы, Альзетт өзенінің жоғарғы жағында орналасқан "Жеті қамал аңғары" романтика сүйетіндерге қатты ұнайды.

© pixabay.com

Люксембург асханасы

Неміс, француз, бельгиялық аспаздық дәстүрлердің әсерінен қалыптасқан Люксембург тағамдары өзіндік ерекшелікке ие. Ең танымал ет тағамдары - әлемге әйгілі Арденн ветчинасы, бұршақ қосылған ысталған шошқа еті, қышқыл қырыққабатпен бауыр тұшпарасы, сүт, көкөніс қосылған сиыр еті.

Еттің бұл таңғажайып дәмі шөптермен жақсы дәмделген қызылша, картопты қоса алғанда, дәстүрлі көкөністерге арналған тағамдармен ұсынылады. Жергілікті ірімшік пен маринадсыз бірде-бір тамақ болмайды Сары маймен пісіру - люкс тағамдарының ерекшелігі. Сонымен қатар, мұнда барлық жемістермен толтырылған ашық және жабық бәліштер, торттар мен печеньелер пісірледі. Жергілікті өндірілетін кәмпиттер мен шоколадтар Швейцариядан кем емес, әрі бүкіл әлемге танымал.

Кафеде түстену бір адамға ортша есеппен 20 еуро болса, мейрамханада түстену 70 еуродан басталады. Фастфуд орталықтарында тамақтану бір адамға 8-10 еуро болады.

Люксембургтегі қауіпсіздік

Люксембург жер шарындағы ең қауіпсіз елдер рейтингінде үздіксіз көш бастап келеді. Қылмыс деңгейі төмен болғандықтан ғана емес, жергілікті тұрғындар мейірімді және қонақжай, қоршаған орта жайлы әрі таза, су мен тамақ сапасы күмән тудырмайды, қауіпті аурулардың пайда болу ықтималдығы өте төмен. Әрине, бұл негізгі сақтық шараларын сақтаумау қажет дегенді білдірмейді, әрине, ақша мен құжаттарды қонақүй сейфінде сақтаған жөн, әйгілі көрнекті орындардың жанында әмияныңыз мен телефоныңызға мұқият болғаныңыз жөн.

Люксембург герцогтығында зәулім виллалар мен әр түрлі ғимараттар көп, туристтер оларды суретке түсіріп алғысы келетіні тағы бар. Бірақ олардың көбісі жеке меншік мүлік болғандықтан, заңсыз әрекетіңіз үшін көлемді айыппұл төлеуіңіз мүмкін, сондықтан тек сыртынан тамашалауыңызға болады.

Қала сыртына серуендеуге шықсаңыз, түнейтін жеріңізді мұқият қарап алыңыз. Себебі, сол жер аумағы жеке адамның меншігінде болса, сізді тәртіп сақтаушылар тіпті елден де шығарып жіберуге құқылы.

Люксембургтан қандай кәдесыйлар алуға болады?

Люксембург қаласы сауда-саттық жасауды сүйетіндер үшін таптырмайтын мекен. Унтерштадт пен Оберштадтта әр түрлі бағада керемет дүкендерде сауда жасай аласыз.Унтерштадт пен теміржол вокзалы маңында әлемдік брендтердің киім, аяқкиім, аксессуарлар дүкендері шоғырланған. Гран-рюде сурет галереялары бар, сонымен қатар, техника және кәдесый дүкендері де жетерлік. Қаланың төменгі жағында қаланың жоғарғы бөлігіне қарағанда бағалар арзан болып келеді.

Қаңтар айында 60-80 пайызге дейін жеңілдіктер болады. Герцогтықтың әйгілі символы ретінде Адольф көпірі барлық кәдесыйларда, сонымен қатар, магниттер мен дәмдеуіштер құтыларында да бейнеленген.
Люксембургтен кәдесый ретінде әсем өрнектелген ыдыстарды, интерьерге қажетті заттарды, жергілікті суретшілердің суреттерін, құс бейнесіндегі кішкентай ысқыруықтарды және шырша ойыншықтарын әкеледі. Сонымен қатар, жеуге арналған кәдесыйлар да жоқ емес, швейцарлық шоколадтардан кем түспейтін люксембургтық шоколадтарды, арденн ветчинасын, шай және шарап әкелінеді.

Көптеген сауда нүктелері жұмыс күндері 9:00-ден 17:00-18:00-ге дейін, сенбіде - 12:00-13: 00-ге дейін жұмыс істейді, жексенбі - демалыс күні. Азық-түлік дүкендері мен ірі супермаркеттер 20:00-22:00-ге дейін жұмыс істейді.

  • 1
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети