Министрліктің мәліметінше, биыл төрт айда азық-түлік тауарларының бағасы 3,9 пайызға, азық-түлік емес тауарларының бағасы және ақылы қызметтер 3,5 пайызға өскен.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет пен Ұлттық банкке 2014 жылдың 1 мамыр айына дейін инфляцияны 3-4 пайызға төмендетудің кешенді шараларын әзірлеуді тапсырды.