бойынша жаңалық Мысыр

Фото ©Pixabay БАҚ түрік және мысыр қонақүйлерінің қулықтарын атады Ресейлік онлайн брондау қызметінің сарапшылары Түркия мен Мысырдағы қонақүйлер үнемдеу үшін қолданатын ең көп таралған амалдарды атады, - деп
20 қыркүйек 2022
Фото: pixabay.com Мысырда туристер келуге міндетті 10 орын аталды Мысырда турист міндетті түрде көруі керек көрікті орынды сарапшылар Daily News Egypt сайтында ұсынды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
29 тамыз 2022
Көрнекі сурет: pixabay.com Мысырда жыл бұрын жоғалған турист күтпеген жерден тірі болып шықты Өткен жылдың 10 тамызында Мысырда жоғалып кеткен Янн Бурдон бір жылдан кейін Каирдегі Француз елшілігіне келді. Турист дін аман, тек жоғалу
25 тамыз 2022
Фото pixabay.com Мысырда "ұзақ мерзімді маусымдық депрессия" болжанды "Ұзақ мерзімді маусымдық депрессия" жақын арада Мысырдағы, соның ішінде курорттардағы ауа райын анықтайды. Бұл туралы мысырлық БАҚ-қа елдегі
19 тамыз 2022
Фото: pixabay.com Банк маманы туризм министрі болып тағайындалды Мысырда туризм және ежелгі министрі болып банкир Ахмед Иса тағайындалды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі АТОР сайтына сілтеме жасап.
17 тамыз 2022
Фото ©REUTERS Мысырда шіркеуде өрт болып, 41 адам қаза болды Мысырда шіркеуде өрт болып, 41 адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.
15 тамыз 2022
Видеодан алынған кадр Сауд Арабиясының дипломаты Мысырда сөз сөйлеп тұрып қайтыс болды Сауд Арабиясының белгілі дипломаты Мұхаммад әл-Кахтани Мысырдағы араб-африкалық конференциясында сөз сөйлеп тұрып кенеттен қайтыс болды, - деп
10 тамыз 2022
Фото: Тourprom Мысырда туристер үшін танымал ойын-сауыққа тыйым салынды Жақында Хургада жағажайларында және Қызыл теңіз провинциясында мотоциклмен жүруге тыйым салынуы мүмкін, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz
08 тамыз 2022
Фото: pixabay.com Мысыр туризмі саяхатшыларды жаппай эвакуациялау режиміне көшті Мысыр билігі украиналық туристердің курорттардан бірден Еуропа елдеріне жаппай кетуіне алаңдады, - деп хабарлайды Тourprom сайты.
03 тамыз 2022
© pixabay Мысырда қонақүй өртенді Мысырдың Хургада қаласындағы танымал туристік променадта орналасқан қонақүйде өрт шықты. Абырой болғанда өрт дереу сөндірілген және ешкім зардап
27 шілде 2022
© pixabay Мысырда суретке түсірудің жаңа ережелері бекітілді Мысыр билігі ел аумағында фото және видео түсірілім жасаудың жаңа ережелерін бекітті. Өзгерістер туралы Al Arabiya телеарнасы хабарлады. 
22 шілде 2022
© pixabay Мысырда туристер мінген әуе шары 60 метр биіктіктен құлады Мысырдың оңтүстігіндегі Луксорда ежелгі мысырлық ескерткіштерді әуеден тамашалау үшін ұйымдастырылған экскурсия кезінде 28 турист мінген әуе
19 шілде 2022
Фото ©Pixabay Мысырда лоукостер пайда болады Мысыр үкіметі қыста Аir Sphinx бюджеттік әуекомпаниясын ашу жоспарын жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі АТОР сайтына сілтеме
13 шілде 2022
Көрнекі сурет: Tourprom Мысырдағы қонақүйде бала уланып қайтыс болды 46 жастағы турист және оның жүкті әйелі алты жасар ұлымен Мысырдағы Шарм-эль-Шейх жағажай курортында демалды. Демалыс кезінде бала асқазан инфекциясын
11 шілде 2022
Фото: pixabay.com Мысырға тур бағасы қашан күрт төмендейтіні айтылды Саяхатшылар шілденің ортасынан бастап Мысырға тур бағасының 20-30 пайыз төмендеуін күте алады. Себебі бұл уақытта Мысырда күн қатты ысып, төмен
07 шілде 2022
Фото © pixabay Мысырдағы акула шабуылы: жаңа видео пайда болды «Крыша ТурДома» телеграм-каналында Хургададағы Сахл Хашиш шығанағында австриялық туриске акуланың шабуыл жасаған жерінен жаңа видеолар пайда
05 шілде 2022
© pixabay Мысырдағы акула шабуылының ықтимал себебі белгілі болды Мысыр курорттарында демалушыларға акулалардың шабуылы сирек кездеседі. Бұған Қызыл теңіз арқылы өтетін кемелер кінәлі, олар органикалық қалдықтарды
04 шілде 2022
Көрнекі сурет Мысырда тағы бір әйел акула шабуылынан қаза болды Мысырдың Хургада қаласында тағы бір әйел акула құрбаны болды. Жергілікті билік оқиғаны ғылыми талдауға кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
04 шілде 2022
Фото: elements.envato.com Мысырда акула туристің қолы мен аяғын тістеп алды Мысырдың Хургада курортында акула австриялық туристке шабуыл жасады. Бұл туралы 1 шілдеде Ресейдің Хургададағы бас консулдығы мәлімдеді, - деп
02 шілде 2022
Тунис. Фото: pixabay.com 2022 жылы бағасы қолайлы қонақүйлері бар үш ел аталды Түркия, Мысыр және Тунис Жерорта теңізі аймағындағы ең арзан қонақүйлер рейтингінің алғашқы үштігін сенімді түрде сақтайды, - деп хабарлайды
30 маусым 2022

Қысқаша мәлімет

Орналасуы: Африка құрылығының солтүстік-шығысында және Азиядағы Синай түбегінде орналасқан мемлекет
Астанасы: Каир
Ірі қалалары: Александрия, Гиза, Шубра-эль-Хейма, Шарм-эль-Шейх
Жер көлемі: 1 001 450 шаршы шақырым
Телефон коды: +20
Қазақстанмен уақыт айырмашылығы: -4 сағат
Сағаттық белдеуі: GMT+2
Виза: әуежайға түскенде 30 күнге дейін виза беріледі
Тілі: араб тілі (80 пайыздан жоғары)
Валютасы: мысырлық фунт
Халқы: 2019 жылы желтоқсанда 100 704 000 адам
Діни сенімдері: ислам, 90 пайыз мұсылман
Жол қозғалысы: оң жақты қозғалыс
Тоқ көзінің түрі: A және В (Қазақстандыкімен бірдей емес) 50 Гц.

© pixabay.com

Мысыр географиясы мен климаты

Бүгінгі Мысыр - Африканың солтүстік-шығысында орналасқан ірі араб елі. Оның аумағының бір бөлігі - Синай түбегі - Азияда жатыр. Екі құрлықтың арасындағы шекара Суэц каналының бойымен өтеді. Мысырдың миллион текше километрден асатын аумағының 96 пайыз - бұл сирек кездесетін шұрайлы жерлерден тұратын шөлді дала, ал шөлді даланың аумақты бөлігі - құмды емес, таулы болып келеді. Қалғаны Ніл өзіненінің жағалауында тұрады. Тіпті ежелгі грек тарихшысы Геродот "Мысыр - Нілдің сыйы" деп айтқан. Ұлы өзеннің арнасы мың жарым шақырымға созылып, оңтүстіктен, Суданмен жалғасып жатқан шекарасынан солтүстікке, Жерорта теңізінің жағалауына дейін, шығыс Аравия шөлейтін Батыс Ливия шөлейтінен бөліп жатыр. Нілдің бойындағы "тіршілік жолағының" арнауы оңтүстігінде бір шақырымнан Каир ауданына дейін 20-25 шақырымға дейін жетеді. Құнарлы алқапты жан-жағынан шөл дала қоршаған. Бұл шөл далада су жоқ болғандықтан, адам өте сирек ұшырасады. Шөлейт жерлерінің өзі: құм, құм төбелер, көшпенділердің тілдерінде ғана атауы түсінікті - сарыдан, қою сары секілді күлгін түске дейінгі небір түстердің түрлері аса бір әсерде қалдырады.

© pixabay.com

Мысыр экономикасы

Барлық еңбекке жарамды тұрғындардың 30 пайыз ауыл шаруашылығымен айналысады. Өнеркәсіпте тоқыма фабрикалары мен азық-түлік өндіру жөніндегі кәсіпорындарының маңызы зор. Хелундағы орзан зор металлургиялық комбинаттын өздерінің мол жерасты қазба байлықтары шикізатпен қамтамасыз етеді. Электр энергиясын ең алдымен Асуан гидростансасы береді. Табиғи газдың ірі жерасты қоры бар.

1979 жылдан шетел капиталдарының құйылуы анағұрлым өсті. Елдің барлық аудандарын бірімен-бірін жалғастырып жатқан жол құрылысы кеңейді, мектептер, емханалар салынды, сымтетік байланысы жаңартылып, кеңейді. Мысырдық фунт тұрақты валютаға айналды. Туризм индустриясы қарқынды дамуда - ондаған жаңа қонақ үйлер бой көтерді, Қызыл теңізде жаңа курорт орталықтары құрылды, көптеген ежелгі ескерткіштер қалпына келтірілді.

Мысыр тарихы

Ежелгі Мысыр - Африканың солтүстік-шығысында Ніл өзені бойында құрылған ертедегі мемлекет. Мысыр жерін адам баласы палеолит дәуірінен мекендей бастаған. Неолит кезеңінен климат өзгеріп, бұрынғы саванналарды құм басып, адамдар Ніл өзені бойына жинала бастады. Б.з.б. 4-мыңжылдық шамасында Ніл өзені бойына жиналған тайпалар (протосемит, бербер, кушит, т.б.) өзара араласып, Мысыр халқы қалыптасты.

Қоғамның әрі қарай дамуы нәтижесінде алғашқы мемлекеттік бірлестіктер пайда болды. Олардың арасынан екі мемлекет іріктеліп шығып, елдің оңтүстігінде жоғарғы Мысыр, ал солтүстігінде төменгі Мысыр патшалықтары құрылды. Б.з.б. 3-мыңжылдық шамасында жоғ. Мысыр билеушісі Менес (Мена) төменгі Мысырды басып алып, елді біріктірді.

Мысырдың бірінші бөлінуі б.з.б. 2250 - 2050 жылы болды. Жер көлемінің тым ұлғайуына байланысты жергілікті тайпа көсемдерінің билігі күшейіп, нәтижесінде б.з.б. 23 - 22 ғасырларда Мысыр бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. Ұсақ мемлекеттер өзара қырқыса бастады. Дегенмен сауда мен қолөнердің дамуы елдің бір орталыққа бағынуын қажетсінді. Сөйтіп, б.з.б. XXI ғасырдың ортасына таман ел қайтадан бірікті.

Жаңа патшалық (б.з.б. 1580 - 1070) кезеңінде қола мен темірден әр түрлі бұйымдар (соқа, жіп иіретін құралдар, дөңгелек, шыны-пиала, т.б.) шығарылды. Сирияға, Палестинаға жасалған жорықтар нәтижесінде он мыңдаған тұтқындар құлға айналды. Арбакештер әскері пайда болды. Перғауындар - Тутмос І, Тутмос ІІІ, Аменхотеп ІІ заманында Мысырға Сирия, Палестина, оңтүстігінде Ніл өзенінің бастауына дейінгі жерлер қосылды. Вавилон, Хетт патшалықтарымен дипломат. қарым-қатынас орнады. Елдің күшейген тұсы Аменхотеп ІІІ (б.з.б. 15 ғ-дың 1-жартысы) заманы.

© pixabay.com

Грек-рим кезеңі (б.з.б. 332 - б.з. 395) Мысырды А.Македонскийдің жаулап алуымен басталды. Аса ірі сауда және мәдени орталық - Александрия қаласының негізі қаланып, бұдан басқа да көптеген сауда және қолөнер орталықтары құрылды. Орталық Азия, Үндістанға дейінгі елдермен байланыс орнатылып, Мысыр жерінде Батыс және Шығыс мәдениеттері біріктірілді. Алғашқы патшалықтар тұсында перғауын сарайларында арнайы мектептер ашылып, болашақ шенеуніктер даярланды.

7 ғасырда Мысырды арабтар жаулап алды. Мұнда араб тілімен бірге өз діндерін - исламды таратты. Мысыр 1952 жылғы революциядан кейін ғана шын мәніндегі ерікті мемлекетке айналды. Оған дейін көп жыл бойы Ұлыбритания үкіметі қол астында еді. Республикада 1952 жылғы революциядан соң көптеген зауыт, фабрикалар салынды.

Мысыр Израиль тарапынан талай шабуылға ұшырады. 1967 жылы Израиль Мысырдың Синай түбегін басып алды. Мысырдың халқы Израиль тартып алған Синай түбегін, басқа да араб жерлерін азат ету үшін қүресуде.

1974 жылы Мысыр халқы Суэц каналының шығыс жағасындағы Израиль әскерлерін кетуге мәжбүр етті. Канал бойымен Еуропа мен Америкадан Азия және Шығыс Африкаға кеме жолы ашылады.

© pixabay.com

Қазақстандық туристер үшін Мысыр қаншалықты тартымды?

Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Мысырға жолдама қанша тұрады? Египет- тарихы бай керемет ел. Фараондардың қабірлері, ежелгі Мысыр пирамидалары мен шөлдері ешкімді бей-жай қалдырмайды. Баға тікелей қонақ үйге, жыл мезгіліне, қашан ұшатыныңызға, қосымша қызметтерге байланысты.

Мысырда қонақ үйлердің инфрақұрылымы өте жақсы дамыған. Курортты жағалау аймақтарында олардың негізгі бөлігі бірінші сызықта орналасқан және олардың әрқайсысы өз жағажайларына ие, қонақ үйлердің қонақтарына арналған жағажай сүлгілерін пайдалану - тегін. 

© pixabay.com

Қалай жетуге болады?

Алматыдан Мысыр астанасына дейін 5 593 шақырым. Осы орайда көлікпен, не автобуспен бару мәселесіне қарастырмай-ақ қойған жөн болар. Әуе рейстері ең аз дегенде 12 сағат ұшады. 

Мысырдағы көлік қозғалысы

Мысырда ең ыңғайлы және қымбат емес көлік түрі - бұл такси. Баға туралы жүргізушімен алдын ала келіскен жөн. Таксидің құны 20 қашықтығына байланысты өзгереді LЕ дейін 50 LЕ. Көлікті жалға алуға болады, құны 70 доллардан бастап (жеңіл көлік) 300доллар/күніне дейін (жол талғамайтын) өзгереді. Бұл үшін жүргізуші куәлігі, несие картасы немесе кепіл қолма-қол ақша болуы керек. Автокөлік сақтандырылған болуын қадағалаңыз. Жергілікті жүргізшілер ЖҚЕ қатаң сақтай бермейді, сол себепті көлік тізгінінде болғанда абай болғаныңыз дұрыс.

© pixabay.com

Мысырда қайда баруға болады?

Каир - әлемнің ең ірі қалаларының үштігіне кіретін, Африка континентінің ең ірі қаласы. Каирде 19 миллионнан астам (ел халқының төрттен бір бөлігі) халық тұрады. Елдің өнеркәсіп орындарының жартысына жуығы осы қалада орналасқан. Ежелгі Каир Египеттік Вавилон ретінде белгілі болған және христиандықтың маңызды орталығы болды. Египеттік христиан шіркеулері коптық деп аталады. Каирдың барлық көзтартарлық жерлерін бір күнде тамашалап шығу мүмкін емес. Бірақ олардың ішіндегі ең әйгілі жерлерін тіпті қысқа мерзімдік сапар кезінде де тамашаламай кету мүмкін емес. Олар: ежелгі египеттік пирамидалар (Гиза, Хеопс, Хефрен, Микерин), Египеттік мұражай, Цитадель және сол заманғы сырт пішінін еш өзгертпеген Ескі Каирдың коптық шіркеулері.

Каир сонымен қатар мұсылмандықтың ірі орталығы. Қалада 300-ден асам мешіт бар. Төбесі күмбез тәріздес және екі жіңішке минареті бар алып мешіт Каирге ерекше әсемдік беріп, көкпен таласып тұрғандай. Бұл мешіт өткен ғасырдың екінші жартысында Цитаделде бой көтерген. Оған сол заманда ел басқарушысы болған Мұхаммед Әли есімі берілді. Осы мешіт ішінде Мұхаммед Әлидің сүйегі жерленген.

Қала өзінің қайталанбас ерекше иісімен таң қалдырады. Бұл шөл даланың, мускустың және дәстүрлі араб кофесінің ғажайып хош иістерінің қосындысы. Каирге ерекше сұлулық беретін Ніл өзенгі екендігі сөзсіз. Түнгі уақытта жағалауда орналасқан биік "Семирамис", "Найл Хилтон" және "Рамзес" отелдерінің жарықтары су бетіне қайталанбас көрік беріп, нұрлы сәуле шашып тұрады. Ніл бетінде әсем теплоход-мейрамханалар қалқып жүреді, осыған орай араб тағамдарымен өзендегі саяхат барысында танысуға болады.

Луксор - Мысырдың ең үлкен туристік орталығы және әлемдегі ең ірі ашық аспан астындағы мұражай болып табылады. Бүгінгі таңда Луксор өзінің 80 000 тұрғынымен шетелдік туризмнің ең ежелгі орталығына айналды. Жағалауда көптеген экскурсиялық қайықтар, қалқымалы отелдер, ал Ніл жағасындағы көркем бульварда көптеген мейрамханалар орналасқан.

Бұл храмдар кешені бүгінге дейін әлемдегі ең айтулы орындардың бірі болып келеді. Әр фараон осы алып құрылыстардың бой көтеруіне өз үлестерін қосып отырған. Бұл ғажайып құрылыстар сол заманда өмр сүрген халықтың архитектуралық шеберліктерінің, олардың ой өрістерінің, олардың мәдениетінің өте жоғары деңгейде болғандығын дәлелдейді. Әлемге әйгілі "Өлілер қаласының" храмдары және Хатшепсут патшайымның қайталанбас храмы да осында орналасқан.

© pixabay.com

Шарм Эль Шейх. Каир қаласынан 120 шақырым қашықтықта, Синай түбегінің оңтүстігінде Шарм Эль Шейх курорты орналасқан. Оның атауы араб тіліне аударғанда "Патша шығанағы" дегенді білдіреді. Шарм Эль Шейх Синай түбегінің ең таңдаулы әрі жоғары қарқынмен дамып келе жатқан курорттарының бірі. Жылдан жылға ол туристерді өзінің тыныш жағажайлық демалыстарымен, Қызыл теңіздің ғажайып су асты дүниесімен, сонымен қатар шулы дискотекаларымен, мейрамханаларымен және казиноларымен қызықтырып келуде. Қызыл теңіздің басқа курорттарындағыдай Шарм Эль Шейхте туристік сезон ешқашан аяқталмайды. Шарм Эль Шейхты су астында жузуді ұнатататындар жоғары бағалайды. Курортқа жақын маңда кораллдар және мұхит флорасы мен фаунасының алуантүрлілігі жағынан Солтүстік жарты шардағы теңдесі жоқ Рас-Мұхаммед ұлттық паркі орналасқан. Жиырмаға жуық дайвинг орталықтары су астында жузушілерге барлық қызмет түрлерін ұсынады. Шарм Эль Шейхке келген туристер Синай түбегіндегі ең қызықты орындардың бірі Әулие Екатерина монастырына экскурсияға шығады. Монастырь Синай тауының етегінде орналасқан. Әр түн сайын әлемнің түкпір-түкпірінен келген табынушылар таң шапағын қарсы алу мақсатында монастырден Синай тауының басына көтеріледі.

Қазіргі таңда Шарм Эль Шейх Египеттің ең көрікті курорттарының бірі болып саналады.

Хургада - Қызыл теңіз жағалауында орналасқан таңдаулы туристік аймақ. Қала британдық мұнайшылардың ауылынан пайда болып, жақсы жерде орналасуына байланысты әлемге әйгілі туристік орталыққа айналды. Жағымды климаттық жағдайлар жыл бойы серфинг және су астында жүзуге шексіз мүмкіндіктер сыйлайды.

Хургада - бұл тек қана теңіз емес, сонымен қатар ол бедуиндер жүретін шөл. "Бедуин" сөзі араб тілінен аударғанда "көшпенді" мағынасын білдіреді. Бұл олардың өмір сүру стильдерін білдіреді. Бедуиндер тайпаларға бөлініп, өмір сүреді. Әр тайпаны шейх басқарады. Олар өте қонақжай болып келеді.

Хургаданың оңтүстік бөлігінде "1001 түн" сарайы орналасқан. Мұнда шөлдің көшпенділері, үйлену тойы салттары, ескі аңыздар және т.б. әртүрлі қызықты шоуларды тамашалауға болады.

Пирамидалар. Египеттің әлемге әйгілі ғажайып туристік обьектілері - бұл "дүниенің жеті кереметінің" бірі саналатын құпиялы пирамидалар. Ол Ніл өзенінің батыс жағалауындағы "Өлілер қаласында" орналасқан. Пирамидалардың жалпы саны жүзге тарта және олардың басым көпшілігі Саккара, Дашура және Абу-Сирде орналасқан. Ал ең атақты Хеопс, Хефрен және Микерин пирамидалары Каир қаласының сыртында, Гиза қаласында орналасқан.

© pixabay.com

Ерте заманнан бері Гиза пирамидалары адам қолымен салынған ең таңқаларлық құрылыс ретінде саналды. Ал бүгін олар құпиясы толығымен ашыла қоймаған "Әлемнің жеті кереметінің" бірі болып есептелінеді.

Ең алып пирамида бұл - Хеопс пирамидасы. Оның жалпы құрылысына салмағы кем дегенде 2,5 тоннаны, ал ең ауыры 15 тоннаны құрайтын 19 миллион тас блоктар жұмсалған.

Әр кеш сайын пирамидалардың жанында светомузыкалық шоу өткізіледі. Онда әр түрлі тілдерде құпия пирамидалардың тарихы жайлы баяндалады.

Нілдегі круиздер. Осыдан 100 жыл бұрын ағылшын аристократтары туристік маршруттардың ең қызықтыларының бірі - Ніл арқылы арнайы жабдықталған теплоходтармен круиз ұйымдастыруды үйренді. Ніл өзенінің жағалауларында ежелгі египет өркениетінің ең атақты ескерткіштері орналасқан.

Қазіргі таңда круиздер ұйымдастыруға арналған 250-ге жуық теплоходтар бар. Олардың 100-ден астамы мейрамханалары, барлары, дискотекалары және бассейндері бар қалқымалы отелдер болып табылады.

Теплоходтар Асуаннан Луксор аралығында жүзеді. Сол жағалаудың ең атақты ескерткіштері - Луксор мен Карнакадағы храмдар болып табылады. Бүгінгі таңда Карнакадан б. з. д. 20-шы ғасырдан б. з. д. 1-ші мыңжылдық аралығында салынған храмдар кешенін тамашалауға болады. Сонымен қатар осы аймақтан әлемге әйгілі Хатшепсут ханшайымның храмын да көруге болады.

Джип-сафари. Сафариді ұнатушыларға шексіз Синай шөлі арқылы джиппен өтетін қызықты тур ұсынылады. Әдетте бұл экскурсия Синай тауларының күн батар алдындағы қайталанбас пейзаждарын тамашалау мақсатымен кешкі уақытта ұйымдастырылады. Бұл экскурсияда сіз Араб шығанағы жағалауының ғажайып панорамасын тамашалап, қонақжай бедуиндармен жүздесе аласыз.

© pixabay.com

Мысыр асханасы

Мысыр ұлттық тағамдары, әдетте, өте ащы болып келеді, себебі тағамдар тұздықтар мен дәмдеуіштерді қолдана отырып дайындалады. Іс жүзінде әрбір қонақ үйде ұлттық мейрамханалар мен шағын кафелер орналасқан.

Мына тағамдар Мысыр мәзірлерінде жиі кездеседі: Tahina-соус пюресі, тұздық; Ta ' ameya - бұршақ гарнир котлеттер; Kofta - қой немесе сиыр еті туралған котлеттер; Kebab - жақсы туралған қой немесе грильде қуырылған сиыр еті; Mehallabeya - қант және кептірілген жемістермен сүттегі күріш.

© pixabay.com

Мысырдағы қауіпсіздік

Мысырдағы қылмыс деңгейі Батыс елдерінің көпшілігіне қарағанда әлдеқайда төмен. Ауыр қылмыстар сирек кездеседі. Қалалар мен туристік аудандарда тек қалта ұрыларнан абай бол керек. Туристер сирек қылмыс құрбандарына айналады: қылмыскерлер туристерден қорқады, сол себепті олар тек өз отандастарын тонайды. Қалалар мен туристік аудандар бойынша күндіз және түнде қыдыру кезінде еш қорықпасаңыз болады.

Мысырда туристер үшін барлық туристік аймақтарда қатысатын арнайы туристік полиция құрылды. Tourist police жазуы бар жеңдегі таңғышпен оңай туристік құқық қорғашыны таба аласыз. Егер сіз туристік полиция өкілін таба алмасаңыз, онда кез келген полицейден көмек сұрай аласыз. Рас, бұл жағдайда, сіз тіл кедергісін еңсеруге тура келеді, өйткені барлық полиция қызметкерлері шет тілдерін меңгермеген.

© pixabay.com

Қандай кәдесыйлар әкелуге болады

- былғарыдан және мақтадан жасалған бұйымдар
- хош иісті майлар, алтын және күміс әшекейлер, тас (базальт, гранит немесе алебастр) мүсіншелер
ежелгі грек құдайлары, кальян ("шиша") және папирус
- барлық формадағы сауыттардағы шығыс благовониясы және оның көптеген түрлері
- картуш - сопақ немесе тікбұрышты медальондар, онда фараонның аты түсірілген
- Араб оюлары - өрнегі бар нақыштан жасалған бұйымдар, шырақтар, түрлі мүсіндер. Қандай кәдесыйлар әкелуге болады

Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети