бойынша жаңалық Мысыр

Көрнекі сурет: pixabay.com Жалғыз туристерге Мысырдың қонақүйлерінде тұруға тыйым салына бастады Мысыр қонақүйлері туристерге гендерлік негізде орналасудан ресми түрде бас тарта алмайды, бірақ іс жүзінде кейбір қонақүйлер мұны жасап отыр.
15 маусым 2022
Қазақстанның қай қалаларынан Мысырға ұшуға болады Мысыр - қазақстандықтардың демалуы үшін танымал бағыттардың бірі. Бүгінде Қазақстаннан тікелей тұрақты рейс жоқ, сондықтан операторлардан турпакет
17 мамыр 2022
Хургадада экскурсиялық яхта өртенді 19 сәуірде таңертең әйгілі Мысырдың Хургада курорттық қаласының жағалауында Scuba sin экскурсиялық яхтасы өртке оранды. Бортта 27 адам, оның
21 сәуір 2022
© pixabay "Шөлдегі киттер алқабы". Мысырлықтар демалатын Вади әл-Райан қорығы жайлы не білесіз? Мысыр – осы күні қазақстандықтар үшін ең қолжетімді бағыттардың бірі. Бұл африкалық елдегі туристерді қызықтыратын жер елдің ең көне қаласы
17 сәуір 2022
Фото: pixabay.com Мысырда туристерді тіркеу үшін жаңа сайт ашылды Мысырда туристерге арналған электронды платформаның қосылғаны туралы ресми түрде жарияланды. Онда вакцина паспорттарын немесе санитарлық бақылауды
13 сәуір 2022
Фото: pixabay.com Хургада мен Шарм-эль-Шейхте туристерден төмен ақы алу жалғасады Мысырда қонақүйлерде минималды бағаларды енгізу тағы алты айға кейінге қалдырылды. Бұл бағалар 25 мамырдан бастап 1 пайызға көтерілуі керек
11 сәуір 2022
© shutterstock Хургадада автобус апатқа ұшырады: туристер қаза тапты Осы аптада Мысырда жантүршігерлік жол апаты болды. Шетелдік туристерге толы автобус тасжолда аударылды. Туристер Сафага курортты қаласынан Хургаданың
10 сәуір 2022
Фото: pixabay.com Мысырда туристер үшін қонақүйлерде бағаны көтеруден бас тартылды Мысырдың министрлер кабинеті қонақүйлерде тұрудың ең төменгі бағасының өсуін алты айға кейінге қалдырды. Бұл туралы АТОР сайтында хабарланды.
09 сәуір 2022
Фото: pixabay.com Мысырда аптап ыстық жалғасады - синоптиктер Мысырдың метеорологиялық басқармасы жоғарғы Мысырда "өте ыстық", ал Үлкен Каирде, төменгі Мысырда және Оңтүстік Синайда "ыстық" болатынын уәде
05 сәуір 2022
Фото ©URB Мысырда бірегей "жасыл" қала салынады Мысыр астанасы Каирде "Nextgen тұрақты қала" жобасы жүзеге асырылмақ. Ол әлемдегі климатқа қолайлы, тұтынғаннан гөрі көп энергия мен тамақ өндіретін
30 наурыз 2022
Фото: pixabay.com Хургадаға нағыз жаз келеді Сәуірдің басында нағыз ыстық жаз Мысырдың курорттарына оралады. Бұл жаңалық жергілікті метеорологиялық басқарудағы қалған туристерді қуантты.
29 наурыз 2022
Фото ©Shutterstock Алматыдан Хургадаға тікелей рейс мамырда ашылады 31 мамырда қазақстандық әуекомпания Алматыдан Хургадаға тікелей рейс ашуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
25 наурыз 2022
@miss_lu_sea Ескендір Зұлқарнайын перғауын атанған Сива алқабы туристерді несімен қызықтырады? Сива алқабы Мысырда, Ливия шекарасына жақын орналасқан. Ежелде саяхатшылар сапар шеккенде құмда қаза боп жатса, қазір туристер бұл қалаға көне
22 наурыз 2022
Фото: pixabay.com Мысырда ресейлік және украиналық туристердің орнына басқа саяхатшылар табылды Мысырда туристер үшін түрлі экспорттық нарық бар. Бұл туралы қонақүй кәсіпорындары палатасының басқарушы комитетінің төрағасы Алаа Акель әріптестері
13 наурыз 2022
Көрнекі сурет: @Shutterstock Түркия, Мысыр, Шри-Ланка және Мальдив қонақүйлері қазақстандықтар үшін бағаны 40 пайызға дейін төмендетті TUI Kazakhstan-да жолдамаларға 40 пайызға дейін жеңілдік жарияланды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
03 наурыз 2022
© shutterstock Желіде ресейлік туристерді Мысырға Ақтау арқылы жеткізудің видеосы жарияланды Ресейлік "Северный ветер" әуекомпаниясы Ақтау әуежайын пайдаланып, Мәскеуден Хургадаға рейс орындады. Бұл туралы ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің
28 ақпан 2022
Фото: pixabay.com Операторлар Мысырдың қонақүйлерінде қалып қойған туристердің тұру ақысын төлейді Украинадағы жағдайдың салдарынан әуеқатынасының жабылуына байланысты Мысырдан ұшып кете алмайтын туристердің қонақүйде тұрудың барлық шығыны
28 ақпан 2022
© akorda.kz Тоқаев Әбдел Фаттах ас-Сисимен телефон арқылы сөйлесті Мемлекет басшысы Мысыр Араб Республикасының президенті Әбдел Фаттах ас-Сисимен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
24 ақпан 2022
Фото: pixabay.com Қазақстаннан Мысырға рейстер қайта ашылады Қазақстаннан Мысырға рейстер қайта ашылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
23 ақпан 2022
© shutterstock Мысырда тағы 19 қонақүй ашылады Мысырдың туризм және көне заман министрлігі алдағы жылдары 19 қонақүй кешенін салып, іске қосуды жоспарлап отыр. Соның арқасында қонақүйлердің
12 ақпан 2022

Қысқаша мәлімет

Орналасуы: Африка құрылығының солтүстік-шығысында және Азиядағы Синай түбегінде орналасқан мемлекет
Астанасы: Каир
Ірі қалалары: Александрия, Гиза, Шубра-эль-Хейма, Шарм-эль-Шейх
Жер көлемі: 1 001 450 шаршы шақырым
Телефон коды: +20
Қазақстанмен уақыт айырмашылығы: -4 сағат
Сағаттық белдеуі: GMT+2
Виза: әуежайға түскенде 30 күнге дейін виза беріледі
Тілі: араб тілі (80 пайыздан жоғары)
Валютасы: мысырлық фунт
Халқы: 2019 жылы желтоқсанда 100 704 000 адам
Діни сенімдері: ислам, 90 пайыз мұсылман
Жол қозғалысы: оң жақты қозғалыс
Тоқ көзінің түрі: A және В (Қазақстандыкімен бірдей емес) 50 Гц.

© pixabay.com

Мысыр географиясы мен климаты

Бүгінгі Мысыр - Африканың солтүстік-шығысында орналасқан ірі араб елі. Оның аумағының бір бөлігі - Синай түбегі - Азияда жатыр. Екі құрлықтың арасындағы шекара Суэц каналының бойымен өтеді. Мысырдың миллион текше километрден асатын аумағының 96 пайыз - бұл сирек кездесетін шұрайлы жерлерден тұратын шөлді дала, ал шөлді даланың аумақты бөлігі - құмды емес, таулы болып келеді. Қалғаны Ніл өзіненінің жағалауында тұрады. Тіпті ежелгі грек тарихшысы Геродот "Мысыр - Нілдің сыйы" деп айтқан. Ұлы өзеннің арнасы мың жарым шақырымға созылып, оңтүстіктен, Суданмен жалғасып жатқан шекарасынан солтүстікке, Жерорта теңізінің жағалауына дейін, шығыс Аравия шөлейтін Батыс Ливия шөлейтінен бөліп жатыр. Нілдің бойындағы "тіршілік жолағының" арнауы оңтүстігінде бір шақырымнан Каир ауданына дейін 20-25 шақырымға дейін жетеді. Құнарлы алқапты жан-жағынан шөл дала қоршаған. Бұл шөл далада су жоқ болғандықтан, адам өте сирек ұшырасады. Шөлейт жерлерінің өзі: құм, құм төбелер, көшпенділердің тілдерінде ғана атауы түсінікті - сарыдан, қою сары секілді күлгін түске дейінгі небір түстердің түрлері аса бір әсерде қалдырады.

© pixabay.com

Мысыр экономикасы

Барлық еңбекке жарамды тұрғындардың 30 пайыз ауыл шаруашылығымен айналысады. Өнеркәсіпте тоқыма фабрикалары мен азық-түлік өндіру жөніндегі кәсіпорындарының маңызы зор. Хелундағы орзан зор металлургиялық комбинаттын өздерінің мол жерасты қазба байлықтары шикізатпен қамтамасыз етеді. Электр энергиясын ең алдымен Асуан гидростансасы береді. Табиғи газдың ірі жерасты қоры бар.

1979 жылдан шетел капиталдарының құйылуы анағұрлым өсті. Елдің барлық аудандарын бірімен-бірін жалғастырып жатқан жол құрылысы кеңейді, мектептер, емханалар салынды, сымтетік байланысы жаңартылып, кеңейді. Мысырдық фунт тұрақты валютаға айналды. Туризм индустриясы қарқынды дамуда - ондаған жаңа қонақ үйлер бой көтерді, Қызыл теңізде жаңа курорт орталықтары құрылды, көптеген ежелгі ескерткіштер қалпына келтірілді.

Мысыр тарихы

Ежелгі Мысыр - Африканың солтүстік-шығысында Ніл өзені бойында құрылған ертедегі мемлекет. Мысыр жерін адам баласы палеолит дәуірінен мекендей бастаған. Неолит кезеңінен климат өзгеріп, бұрынғы саванналарды құм басып, адамдар Ніл өзені бойына жинала бастады. Б.з.б. 4-мыңжылдық шамасында Ніл өзені бойына жиналған тайпалар (протосемит, бербер, кушит, т.б.) өзара араласып, Мысыр халқы қалыптасты.

Қоғамның әрі қарай дамуы нәтижесінде алғашқы мемлекеттік бірлестіктер пайда болды. Олардың арасынан екі мемлекет іріктеліп шығып, елдің оңтүстігінде жоғарғы Мысыр, ал солтүстігінде төменгі Мысыр патшалықтары құрылды. Б.з.б. 3-мыңжылдық шамасында жоғ. Мысыр билеушісі Менес (Мена) төменгі Мысырды басып алып, елді біріктірді.

Мысырдың бірінші бөлінуі б.з.б. 2250 - 2050 жылы болды. Жер көлемінің тым ұлғайуына байланысты жергілікті тайпа көсемдерінің билігі күшейіп, нәтижесінде б.з.б. 23 - 22 ғасырларда Мысыр бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. Ұсақ мемлекеттер өзара қырқыса бастады. Дегенмен сауда мен қолөнердің дамуы елдің бір орталыққа бағынуын қажетсінді. Сөйтіп, б.з.б. XXI ғасырдың ортасына таман ел қайтадан бірікті.

Жаңа патшалық (б.з.б. 1580 - 1070) кезеңінде қола мен темірден әр түрлі бұйымдар (соқа, жіп иіретін құралдар, дөңгелек, шыны-пиала, т.б.) шығарылды. Сирияға, Палестинаға жасалған жорықтар нәтижесінде он мыңдаған тұтқындар құлға айналды. Арбакештер әскері пайда болды. Перғауындар - Тутмос І, Тутмос ІІІ, Аменхотеп ІІ заманында Мысырға Сирия, Палестина, оңтүстігінде Ніл өзенінің бастауына дейінгі жерлер қосылды. Вавилон, Хетт патшалықтарымен дипломат. қарым-қатынас орнады. Елдің күшейген тұсы Аменхотеп ІІІ (б.з.б. 15 ғ-дың 1-жартысы) заманы.

© pixabay.com

Грек-рим кезеңі (б.з.б. 332 - б.з. 395) Мысырды А.Македонскийдің жаулап алуымен басталды. Аса ірі сауда және мәдени орталық - Александрия қаласының негізі қаланып, бұдан басқа да көптеген сауда және қолөнер орталықтары құрылды. Орталық Азия, Үндістанға дейінгі елдермен байланыс орнатылып, Мысыр жерінде Батыс және Шығыс мәдениеттері біріктірілді. Алғашқы патшалықтар тұсында перғауын сарайларында арнайы мектептер ашылып, болашақ шенеуніктер даярланды.

7 ғасырда Мысырды арабтар жаулап алды. Мұнда араб тілімен бірге өз діндерін - исламды таратты. Мысыр 1952 жылғы революциядан кейін ғана шын мәніндегі ерікті мемлекетке айналды. Оған дейін көп жыл бойы Ұлыбритания үкіметі қол астында еді. Республикада 1952 жылғы революциядан соң көптеген зауыт, фабрикалар салынды.

Мысыр Израиль тарапынан талай шабуылға ұшырады. 1967 жылы Израиль Мысырдың Синай түбегін басып алды. Мысырдың халқы Израиль тартып алған Синай түбегін, басқа да араб жерлерін азат ету үшін қүресуде.

1974 жылы Мысыр халқы Суэц каналының шығыс жағасындағы Израиль әскерлерін кетуге мәжбүр етті. Канал бойымен Еуропа мен Америкадан Азия және Шығыс Африкаға кеме жолы ашылады.

© pixabay.com

Қазақстандық туристер үшін Мысыр қаншалықты тартымды?

Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Мысырға жолдама қанша тұрады? Египет- тарихы бай керемет ел. Фараондардың қабірлері, ежелгі Мысыр пирамидалары мен шөлдері ешкімді бей-жай қалдырмайды. Баға тікелей қонақ үйге, жыл мезгіліне, қашан ұшатыныңызға, қосымша қызметтерге байланысты.

Мысырда қонақ үйлердің инфрақұрылымы өте жақсы дамыған. Курортты жағалау аймақтарында олардың негізгі бөлігі бірінші сызықта орналасқан және олардың әрқайсысы өз жағажайларына ие, қонақ үйлердің қонақтарына арналған жағажай сүлгілерін пайдалану - тегін. 

© pixabay.com

Қалай жетуге болады?

Алматыдан Мысыр астанасына дейін 5 593 шақырым. Осы орайда көлікпен, не автобуспен бару мәселесіне қарастырмай-ақ қойған жөн болар. Әуе рейстері ең аз дегенде 12 сағат ұшады. 

Мысырдағы көлік қозғалысы

Мысырда ең ыңғайлы және қымбат емес көлік түрі - бұл такси. Баға туралы жүргізушімен алдын ала келіскен жөн. Таксидің құны 20 қашықтығына байланысты өзгереді LЕ дейін 50 LЕ. Көлікті жалға алуға болады, құны 70 доллардан бастап (жеңіл көлік) 300доллар/күніне дейін (жол талғамайтын) өзгереді. Бұл үшін жүргізуші куәлігі, несие картасы немесе кепіл қолма-қол ақша болуы керек. Автокөлік сақтандырылған болуын қадағалаңыз. Жергілікті жүргізшілер ЖҚЕ қатаң сақтай бермейді, сол себепті көлік тізгінінде болғанда абай болғаныңыз дұрыс.

© pixabay.com

Мысырда қайда баруға болады?

Каир - әлемнің ең ірі қалаларының үштігіне кіретін, Африка континентінің ең ірі қаласы. Каирде 19 миллионнан астам (ел халқының төрттен бір бөлігі) халық тұрады. Елдің өнеркәсіп орындарының жартысына жуығы осы қалада орналасқан. Ежелгі Каир Египеттік Вавилон ретінде белгілі болған және христиандықтың маңызды орталығы болды. Египеттік христиан шіркеулері коптық деп аталады. Каирдың барлық көзтартарлық жерлерін бір күнде тамашалап шығу мүмкін емес. Бірақ олардың ішіндегі ең әйгілі жерлерін тіпті қысқа мерзімдік сапар кезінде де тамашаламай кету мүмкін емес. Олар: ежелгі египеттік пирамидалар (Гиза, Хеопс, Хефрен, Микерин), Египеттік мұражай, Цитадель және сол заманғы сырт пішінін еш өзгертпеген Ескі Каирдың коптық шіркеулері.

Каир сонымен қатар мұсылмандықтың ірі орталығы. Қалада 300-ден асам мешіт бар. Төбесі күмбез тәріздес және екі жіңішке минареті бар алып мешіт Каирге ерекше әсемдік беріп, көкпен таласып тұрғандай. Бұл мешіт өткен ғасырдың екінші жартысында Цитаделде бой көтерген. Оған сол заманда ел басқарушысы болған Мұхаммед Әли есімі берілді. Осы мешіт ішінде Мұхаммед Әлидің сүйегі жерленген.

Қала өзінің қайталанбас ерекше иісімен таң қалдырады. Бұл шөл даланың, мускустың және дәстүрлі араб кофесінің ғажайып хош иістерінің қосындысы. Каирге ерекше сұлулық беретін Ніл өзенгі екендігі сөзсіз. Түнгі уақытта жағалауда орналасқан биік "Семирамис", "Найл Хилтон" және "Рамзес" отелдерінің жарықтары су бетіне қайталанбас көрік беріп, нұрлы сәуле шашып тұрады. Ніл бетінде әсем теплоход-мейрамханалар қалқып жүреді, осыған орай араб тағамдарымен өзендегі саяхат барысында танысуға болады.

Луксор - Мысырдың ең үлкен туристік орталығы және әлемдегі ең ірі ашық аспан астындағы мұражай болып табылады. Бүгінгі таңда Луксор өзінің 80 000 тұрғынымен шетелдік туризмнің ең ежелгі орталығына айналды. Жағалауда көптеген экскурсиялық қайықтар, қалқымалы отелдер, ал Ніл жағасындағы көркем бульварда көптеген мейрамханалар орналасқан.

Бұл храмдар кешені бүгінге дейін әлемдегі ең айтулы орындардың бірі болып келеді. Әр фараон осы алып құрылыстардың бой көтеруіне өз үлестерін қосып отырған. Бұл ғажайып құрылыстар сол заманда өмр сүрген халықтың архитектуралық шеберліктерінің, олардың ой өрістерінің, олардың мәдениетінің өте жоғары деңгейде болғандығын дәлелдейді. Әлемге әйгілі "Өлілер қаласының" храмдары және Хатшепсут патшайымның қайталанбас храмы да осында орналасқан.

© pixabay.com

Шарм Эль Шейх. Каир қаласынан 120 шақырым қашықтықта, Синай түбегінің оңтүстігінде Шарм Эль Шейх курорты орналасқан. Оның атауы араб тіліне аударғанда "Патша шығанағы" дегенді білдіреді. Шарм Эль Шейх Синай түбегінің ең таңдаулы әрі жоғары қарқынмен дамып келе жатқан курорттарының бірі. Жылдан жылға ол туристерді өзінің тыныш жағажайлық демалыстарымен, Қызыл теңіздің ғажайып су асты дүниесімен, сонымен қатар шулы дискотекаларымен, мейрамханаларымен және казиноларымен қызықтырып келуде. Қызыл теңіздің басқа курорттарындағыдай Шарм Эль Шейхте туристік сезон ешқашан аяқталмайды. Шарм Эль Шейхты су астында жузуді ұнатататындар жоғары бағалайды. Курортқа жақын маңда кораллдар және мұхит флорасы мен фаунасының алуантүрлілігі жағынан Солтүстік жарты шардағы теңдесі жоқ Рас-Мұхаммед ұлттық паркі орналасқан. Жиырмаға жуық дайвинг орталықтары су астында жузушілерге барлық қызмет түрлерін ұсынады. Шарм Эль Шейхке келген туристер Синай түбегіндегі ең қызықты орындардың бірі Әулие Екатерина монастырына экскурсияға шығады. Монастырь Синай тауының етегінде орналасқан. Әр түн сайын әлемнің түкпір-түкпірінен келген табынушылар таң шапағын қарсы алу мақсатында монастырден Синай тауының басына көтеріледі.

Қазіргі таңда Шарм Эль Шейх Египеттің ең көрікті курорттарының бірі болып саналады.

Хургада - Қызыл теңіз жағалауында орналасқан таңдаулы туристік аймақ. Қала британдық мұнайшылардың ауылынан пайда болып, жақсы жерде орналасуына байланысты әлемге әйгілі туристік орталыққа айналды. Жағымды климаттық жағдайлар жыл бойы серфинг және су астында жүзуге шексіз мүмкіндіктер сыйлайды.

Хургада - бұл тек қана теңіз емес, сонымен қатар ол бедуиндер жүретін шөл. "Бедуин" сөзі араб тілінен аударғанда "көшпенді" мағынасын білдіреді. Бұл олардың өмір сүру стильдерін білдіреді. Бедуиндер тайпаларға бөлініп, өмір сүреді. Әр тайпаны шейх басқарады. Олар өте қонақжай болып келеді.

Хургаданың оңтүстік бөлігінде "1001 түн" сарайы орналасқан. Мұнда шөлдің көшпенділері, үйлену тойы салттары, ескі аңыздар және т.б. әртүрлі қызықты шоуларды тамашалауға болады.

Пирамидалар. Египеттің әлемге әйгілі ғажайып туристік обьектілері - бұл "дүниенің жеті кереметінің" бірі саналатын құпиялы пирамидалар. Ол Ніл өзенінің батыс жағалауындағы "Өлілер қаласында" орналасқан. Пирамидалардың жалпы саны жүзге тарта және олардың басым көпшілігі Саккара, Дашура және Абу-Сирде орналасқан. Ал ең атақты Хеопс, Хефрен және Микерин пирамидалары Каир қаласының сыртында, Гиза қаласында орналасқан.

© pixabay.com

Ерте заманнан бері Гиза пирамидалары адам қолымен салынған ең таңқаларлық құрылыс ретінде саналды. Ал бүгін олар құпиясы толығымен ашыла қоймаған "Әлемнің жеті кереметінің" бірі болып есептелінеді.

Ең алып пирамида бұл - Хеопс пирамидасы. Оның жалпы құрылысына салмағы кем дегенде 2,5 тоннаны, ал ең ауыры 15 тоннаны құрайтын 19 миллион тас блоктар жұмсалған.

Әр кеш сайын пирамидалардың жанында светомузыкалық шоу өткізіледі. Онда әр түрлі тілдерде құпия пирамидалардың тарихы жайлы баяндалады.

Нілдегі круиздер. Осыдан 100 жыл бұрын ағылшын аристократтары туристік маршруттардың ең қызықтыларының бірі - Ніл арқылы арнайы жабдықталған теплоходтармен круиз ұйымдастыруды үйренді. Ніл өзенінің жағалауларында ежелгі египет өркениетінің ең атақты ескерткіштері орналасқан.

Қазіргі таңда круиздер ұйымдастыруға арналған 250-ге жуық теплоходтар бар. Олардың 100-ден астамы мейрамханалары, барлары, дискотекалары және бассейндері бар қалқымалы отелдер болып табылады.

Теплоходтар Асуаннан Луксор аралығында жүзеді. Сол жағалаудың ең атақты ескерткіштері - Луксор мен Карнакадағы храмдар болып табылады. Бүгінгі таңда Карнакадан б. з. д. 20-шы ғасырдан б. з. д. 1-ші мыңжылдық аралығында салынған храмдар кешенін тамашалауға болады. Сонымен қатар осы аймақтан әлемге әйгілі Хатшепсут ханшайымның храмын да көруге болады.

Джип-сафари. Сафариді ұнатушыларға шексіз Синай шөлі арқылы джиппен өтетін қызықты тур ұсынылады. Әдетте бұл экскурсия Синай тауларының күн батар алдындағы қайталанбас пейзаждарын тамашалау мақсатымен кешкі уақытта ұйымдастырылады. Бұл экскурсияда сіз Араб шығанағы жағалауының ғажайып панорамасын тамашалап, қонақжай бедуиндармен жүздесе аласыз.

© pixabay.com

Мысыр асханасы

Мысыр ұлттық тағамдары, әдетте, өте ащы болып келеді, себебі тағамдар тұздықтар мен дәмдеуіштерді қолдана отырып дайындалады. Іс жүзінде әрбір қонақ үйде ұлттық мейрамханалар мен шағын кафелер орналасқан.

Мына тағамдар Мысыр мәзірлерінде жиі кездеседі: Tahina-соус пюресі, тұздық; Ta ' ameya - бұршақ гарнир котлеттер; Kofta - қой немесе сиыр еті туралған котлеттер; Kebab - жақсы туралған қой немесе грильде қуырылған сиыр еті; Mehallabeya - қант және кептірілген жемістермен сүттегі күріш.

© pixabay.com

Мысырдағы қауіпсіздік

Мысырдағы қылмыс деңгейі Батыс елдерінің көпшілігіне қарағанда әлдеқайда төмен. Ауыр қылмыстар сирек кездеседі. Қалалар мен туристік аудандарда тек қалта ұрыларнан абай бол керек. Туристер сирек қылмыс құрбандарына айналады: қылмыскерлер туристерден қорқады, сол себепті олар тек өз отандастарын тонайды. Қалалар мен туристік аудандар бойынша күндіз және түнде қыдыру кезінде еш қорықпасаңыз болады.

Мысырда туристер үшін барлық туристік аймақтарда қатысатын арнайы туристік полиция құрылды. Tourist police жазуы бар жеңдегі таңғышпен оңай туристік құқық қорғашыны таба аласыз. Егер сіз туристік полиция өкілін таба алмасаңыз, онда кез келген полицейден көмек сұрай аласыз. Рас, бұл жағдайда, сіз тіл кедергісін еңсеруге тура келеді, өйткені барлық полиция қызметкерлері шет тілдерін меңгермеген.

© pixabay.com

Қандай кәдесыйлар әкелуге болады

- былғарыдан және мақтадан жасалған бұйымдар
- хош иісті майлар, алтын және күміс әшекейлер, тас (базальт, гранит немесе алебастр) мүсіншелер
ежелгі грек құдайлары, кальян ("шиша") және папирус
- барлық формадағы сауыттардағы шығыс благовониясы және оның көптеген түрлері
- картуш - сопақ немесе тікбұрышты медальондар, онда фараонның аты түсірілген
- Араб оюлары - өрнегі бар нақыштан жасалған бұйымдар, шырақтар, түрлі мүсіндер. Қандай кәдесыйлар әкелуге болады

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети