Әңгіме барысында екі елдің көшбасшылары екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады.
Елбасы Бүкіләлемдік экономикалық форумның бәсекеге қабілеті биылғы ғаламдық есебінің нәтижелеріне сай Қазақстан 144 елдің ішінде 50-орынға орналасқандығын атап өтті.
Сапар аясында Мемлекет басшысы жиын-терін науқанына дайындық барысымен танысады, сондай-ақ облыстың ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен кездеседі.