Осыған дейін Түркияның Астанадағы өкілетті елшісі қазақ-түрік лицейлерінің және жоғары оқу орындарының Түркия үкіметіне еш қатысы жоқ екенін айтқан еді.
Түркия Президенті Елбасын 28 маусымда Нью-Йоркте өткен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлаудағы Қазақстанның айқын жеңісімен құттықтады.
Жиналғандарға әкімдік пен прокуратура өкілдері бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы мәлімет беріпті.
Кездесу барысында Қазақстан мен қордың ынтымақтастығының негізгі бағыттары, сондай-ақ әлемдік қаржы-экономика жүйесінің дамуындағы маңызды үрдістер (трендтер) талқыланды.
Сапар аясында Президент Хасан Руханимен, рухани көшбасшы Али Хаменеймен, сондай-ақ Иран холдингтері мен компанияларының өкілдерімен кездесу жоспарланып отыр.
Іссапарлар барысында сауда-экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы, көлік-транзит салаларындағы ынтымақтастықты нығайту жолдары мен халықаралық және өңірлік қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл жайы қарастырылады.