бойынша жаңалық Таиланд

Адамдар шошынып қалды: әйел адам көпшіліктің көзінше аяғынан айырылды Бангкок әуежайында жолаушылар конвейірінен құлаған әйел адамның аяғына ампутация жасауға тура келді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
03 шілде 2023
Фото:facebook.com/ThePhuketExpress СІМ өкілі Таиландта ұсталған қазақстандыққа қандай айып тағылғанын айтты Сыртқы істер министрлігінің өкілі Қазақстан азаматы Таиландта ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
14 маусым 2023
Фото:elements.envato.com Таиландта тағы бір қазақстандық қайтыс болды Сыртқы істер министрлігі Таиландта тағы бір қазақстандық қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.
05 маусым 2023
Марқұмның әпкесі ұсынған сурет СІМ Таиландтағы бірнеше өлім оқиғасынан кейін қазақстандықтарға үндеу жолдады Сыртқы істер министрлігі Таиландтағы отандастар өлімінің көбеюіне байланысты Қазақстан халқына үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.
05 маусым 2023
pexels.com СІМ Таиландта зардап шеккен Қазақстан азаматы туралы пікір білдірді Таиландта Қазақстан азаматы зардап шекті. Оның жағдайы ауыр, қазір комада, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің
04 маусым 2023
© facebook.com/phuketinfocenter Төрт қазақстандық болды: Таиландтағы апатқа қатысты тың дерек шықты Таиландта қазақстандық туристер мінген катердің апатқа ұшырауына капитан кінәлі екені мәлім болды. Тергеу кезінде жасалған медициналық сараптамадан
25 мамыр 2023
© facebook.com/phuketinfocenter Таиландтағы катер апаты: екі қазақстандық ауруханада жатыр Таиландта катер апатынан қанша қазақстандық зардап шеккені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігі
18 мамыр 2023
© facebook.com/phuketinfocenter Таиландта 9 қазақстандық отырған катер апатқа ұшырады Таиландтың Пхукет аралының жағалауында асқан жылдамдықпен жүретін катердің апатқа ұшырау салдарынан 30 шақты шетелдік турист зардап шекті, -
18 мамыр 2023
pixabay.com/photosforyou Таиландта туристер үшін жаңа салық енгізілмек Таиланд билігі "кету салығын" енгізу ұсынысын талқылап жатыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
10 мамыр 2023
Фото: ViralPress Турист қонақүйдегі жанжалдан кейін "өрт шығарды" Ұлыбританиядан келген турист қонақүй әкімшісімен жанжалдасқаннан кейін номерін өртеп жіберді деген күдікке ілінді. Таиланд полициясы оқиға орнынан
25 сәуір 2023
© elements.envato.com Таиландта мейрамхана қызметшілері мен туристер жаппай төбелесті Туристер мен мейрамхана қызметшілері арасындағы жаппай төбелес Пхукет аралында болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
17 сәуір 2023
© elements.envato.com/imagesourcecurated Танымал туристік елдің жағажайын акула жайлады Таиландтың оңтүстік-батысындағы туристер көптеп баратын Ко-Пхи-Пхи-Ле аралдарының маңындағы мүйісті акула жайлаған. Енді демалушылар суға тізеден
14 сәуір 2023
Ата-анасын алдап пайда көрмек болған турист опық жеді Оңтүстік Корея азаматы өзін Таиландта жоғалып кетті деп ақша таппақ болған, алайда пайданың орнына басы дауға қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz
12 сәуір 2023
видеодан үзінді Таиландта туриске таласқандардың видеосы жарияланды Таиландта жергілікті тұрғындар мен мафияның жанжалы видеоға түсіп қалды: қаскөйлер табыс көзін тартып алмақ болып, екі тарап арасында төбелес
11 сәуір 2023
видеодан үзінді "Есінен адасып, адамдарға шабуылдаған". Таиландта қазақстандық турист ұсталды Полиция Таиландтың Пханган аралының Хаад-Рин жағажайында "адамдарға шабуыл жасап, мүлкін қасақана бүлдіргені" үшін қазақстандық туристі ұстады,
11 сәуір 2023
© elements.envato.com/LeaMallo 2023 жылы Жердегі ең үздік жағажай рейтингінде Таиланд көш бастады Ұлыбританиялық World Beach Guide сайтының тұжырымы бойынша таиландтық бес жағажай "2023 жылы жердегі үздік жағажайлар" рейтингіне енді. Тіпті
10 сәуір 2023
© elements.envato.com/manfredxy Таиландта ер адамды ара шағып мерт болды Пхукетте көптен бері тұрып келе жатқан шетелдік турист ара шаққаннан кейін қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Phuket Express
04 сәуір 2023
© pixabay.com Таиландта турист маймылдармен төбелесті - видео Таиландта аустралиялық туристің бірнеше маймылмен төбелесі видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.
30 наурыз 2023
видеодан үзінді Таиландта турист тарзанкадан секіру кезінде арқан үзілді - видео Гонконгтік турист банджи-джампинг жаттығуымен айналысқан кезінде арқан үзіліп кетіп, суға құлады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі CNN
28 наурыз 2023
© pixabay.com Таиландта демалған үш туристен Денге вирусы анықталған Таиландта демалып келген ресейліктерге "Денге қызбасы" диагнозы қойылған. Олардың арасында бір жасқа толған сәби де бар. Бұл туралы Красноярск
14 наурыз 2023

Қысқаша мәлімет

Орналасуы: Оңтүстік-шығыс Азия, Үндіқытай түбегінің оңтүстік-батысындағы мемлекет
Астанасы: Бангок
Ірі қалалары: Пхукет, Чиангмай, Самуи, Паттайя
Жер көлемі: 514 000 шаршы шақырым
Телефон коды: +66
Қазақстанмен уақыт айырмашылығы: +1 сағат
Сағаттық белдеуі: GMT+7
Виза: Туристерге 15 күнге беріледі
Тілі: тай тілі (санскрит пен қытай тілінің қосындысы), ағылшын тілі екінші тіл ретінде жүреді
Валютасы: Бат
Халқы: 2018 жылы 68 615 858 адам, оның ішінде тай халқы - 75 пайыз
Діни сенімдері: 95 пайызы - будизм
Жол қозғалысы: сол жақты қозғалыс
Тоқ көзінің түрі: A және В (Қазақстандыкімен бірдей емес) 50 Гц.

Таиландтың географиясы мен климаты

Таиланд Оңтүстік-Шығыс Азияда, Үндіқытай және Малакка түбегінде орналасқан, оның батысында Андаман теңізі жатыр, ал шығысында Оңтүстік-Қытай теңізінің Сиам шығанағы жатыр. Таиланд аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр (1860 шақырым). Орналасуына байланысты Таиланд Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең алуан климатқа ие, сондықтан негізгі дақылдардың өнімі жылына бірнеше рет жиналады, ал туристер мұнда жыл он екі ай ағылады. Ормандар ел аумағының 37 пайызын алып жатыр: солтүстігінде тропикалық түспежапырақты орман, оңтүстік аудандары ылғалды - мәңгі жасыл тропикалық болып келеді. 

Елдің солтүстік бөлігін Тай таулары алып жатыр, мұнда елдің ең биік нүктесі, Дойинтанон (2565 м) орналасқан. Исан деп аталатын солтүстік-шығыс бөлігінде Корат үстірті бар. Таиландтың Орталық аймағының негізгі бөлігі - Чаупхрая өзенінің алқабы. Таиландтың солтүстік-батысы мен батысында Мьянмамен (бұрын Бирма деп аталған), солтүстік-шығысы мен шығысында - Лаоспен (шекараның бір бөлігі Меконг өзенінің бойымен өтеді), оңтүстік-шығысында - Камбоджбен, оңтүстігі - Малайзиямен шектеседі.

© pixabay.com

Таиланд экономикасы

Таиланд тұрақты нарықтық экономикаға тиімді көше білді. Төмен инфляция (3.2 пайыз). Экономиканың өсуі салыстырмалы түрде жоғары және мемлекеттік қарызы да аз. Азия мен Еуропаның дамыған елдерімен салыстырғанда білім саласы біршама арзан және сапалы. Таиланд экономикасы экспортқа тәуелді, оған елдің жалпы ішкі өнімінің жартысынан астамы тиесілі. Негізгі экспорттық тауарлар: көліктер, жабдықтар және электроника, одан әрі каучук және пластмассадан жасалған бұйымдар, сондай-ақ химикаттар, ауыл шаруашылығы өнімдері, оның ішінде азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп бұйымдары.

Таиланд - әлемдегі ең ірі күріш өндірушілер мен экспорттаушылардың бірі: жыл сайын ел әлемдік нарыққа 9 миллион тоннаға дейін түрлі сұрыпты күріш шығарады. Оның ішінде табиғи хош иісі бар атақты "Жасмин" күріші де бар. 

© Shutterstock

Таиланд тарихы

Таиландтың біртұтас тәуелсіз мемлекет ретіндегі тарихы 1238 жылы құрылған Сукотай патшалығынан бастау алады. 1350 жылы құрылған Аютия патшалығы (Аюттхайя) оның мұрагері болды. Тай мәдениетінің дамуына Қытай мен Үндістан ықпалы ерекше болды. Еуропамен байланыс XVI ғасырда басталды. Таиланд - Оңтүстік-Шығыс Азиядағы отар болмаған жалғыз ел.

II ғасырда мондар мекендейтін қазіргі Таиланд территориясы Фунан Кхмер империясының құрамына кірді.

1238 жылы тай халқы Кхмер билігіне қарсы көтеріліс жасап, Сукхотай атты жаңа мемлекет құрады. Үшінші патша Рамакхамхаенге кезінде мемлекеттің аумағы едәуір ұлғаяды. Оның билігі Малакка түбегінің, Мьянма мен Лаосқа да таралады. 1298 жылы патша қайтыс болады, мемлекет әлсірей бастайды. 1438 жылы ол Аютияның құрамына енеді.

1932 жылы Халықтық партия әскери күштерге сүйене отырып, төңкеріс жасайды, нәтижесінде Сиамда конституциялық монархия орнайды. Патша тақтан құлатылмай, тек құқықтары шектелді. Премьер-министр Приди Паномионг болады.

1947 жылы елдегі мемлекеттік төңкеріс нәтижесінде Пибунсонграм билікке отырады, ол қырғи қабақ соғыс жағдайында АҚШ билігімен қарым-қатынасты жақсартты. 1949 жылы жаңа конституция қабылданып, оған сәйкес патша тағайындайтын Сенат құрылады.

1980 жылдары Таиландта туризм индустриясы өркендеді, бірақ ел ешқашан Тайвань немесе Оңтүстік Корея тәрізді «Азиялық жолбарыс» бола алмады, алайда бұл 1997 жылғы Азия дағдарысынан құтқара алмады.

2004 жылы жойқын цунами Таиландтың оңтүстік-батыс жағалауына соққы берді. Таиландта 5000 адам қаза тапты, олардың тең жартысы - туристтер.

2007 жылы 23 желтоқсанда Таиландта әскери төңкерістен кейінгі алғашқы парламенттік сайлау өтті, онда НАТО-ға қарасты халықтық билік партиясы жеңіске жетті. 2008 жылдың қаңтарында әскери күштер билікті премьер-министр Самак Сундаравай бастаған жаңа үкіметке берді, бірақ жаңа дағдарыс елді дүр сілкіндірді.

Қазақстандық туристер үшін Таиланд қаншалықты тартымды?

Кез келген турист тропикалық жұмақ, әдемі ландшафт, экзотикалық табиғат, өркениеттен алшақ орналасқан аймақта болуды немесе керісінше, түнгі өмір мен есте қаларлық сәттен кешіруді армандайды. 

Таиланд - күні ыстық, тамаша теңіз және керемет драйв елі. Тайландта жыл бойы ауа райы жайлы болып келеді. Таиландқа барған әрбір турист өзіне керегін алады, мұнда тыныш аймақтар, шулы курорттар мен жайлы шағын жағажайлар бар. Таиландта мәңгі жаз екенін айттық, алайда сәуір-қазан айларының аралығында жаңбыр маусымы болады. Ауасы ыстық, нөсер жауын, теңіз дауылы тұратынына қарамастан ашық күндер көп болады. Курорттарда туристер аз, қонақ үй мен тамақ бағасы төмен. Серферлер мен виндсерферлер толқынды ұстау үшін дәл осы уақытта келеді.

Сонымен қатар, Таиланд асыл тастармен зергерлік бұйымдарды сатып алуға болатын орын ретінде танымалі. Паттайяда мысалы, зергерлік орталыққа бару, әдетте, қала бойынша шолу экскурсиясына кіреді. Әшекейлерді таңдауда өте мұқият болу керек және оларды қолдан сатып алмау керек - тіпті баға өте тартымды болса да.

Қалай жетуге болады?

Қазақстаннан Таиландқа автокөлікпен, пойыз және автобустармен бару - экстремалды саяхат болады. Арада бірнеше елдің шекарасынан өту керек және 4 мың шақырым жол адамды қажытып жіберуі мүмкін, сол себепті ең абзалы - әуе рейстер. Алматыдан және Нұр-Сұлтаннан Бангокқа тікелей рейстер бар.

Таиландтағы көлік қозғалысы

Таиланд жер көлемі кішкентай ел болып көрінеді, іс жүзінде қалалар арасындағы қашықтық өте алыс, ал сапарлар екі тәулікке созылады. Әрине, барлығы көліктің бағыты мен таңдалған түріне байланысты. Тез және ыңғайлысы - ұшақтар, лоукостер сайттарын ақтарып отырып, арзандарын табуға болады. Шытырман оқиға толы болар қозғалыстың бірі - пойызбен қатынау. Арзан және ыңғайлысы - автобустар. 

Таиландта автокөлікті жалға алу - нағыз экстрим. Бір жағынан, ел аумағын толықтай шарлап шығуды жоспарлаған адамдар үшін тамаша шешім. Көлікпен Чиангмая мен Чианграйдың Солтүстік сұлулықтарымен танысуға, Пхукет жағажайларымен серуендеуге және бүкіл корольдік бойынша ұлттық қорықтарға баруға ыңғайлы. Екінші жағынан, жергілікті жолдар - дайындалмаған жүргізуші үшін қатаң сынақ: сол жақты қозғалыс, тұрақ мәселесі, мәңгі асығыс тай халқы, жол қозғалысының барлық қатысушыларының жол қозғалысы ережелерін елемеу, шиеленіскен тасжолдар, Бангкоктағы кептелістер сондай-ақ заң тай халқының жағында болатыны. Мұндай жағдайда екі шешім бар: жүргізушімен автокөлікті жалға алуға немесе бағыңызды сынап, көлікті өзіңіз тізгіндеу. 

© pexels.com

Таиландта қайда баруға болады?

Таиланд - бұл айтарлықтай біркелкі қоныстанған азиялық ел. Барлық негізгі туристік орталықтар Таиландтың оңтүстігінде, солтүстігінде және орталығында шоғырланған.

Бангкок. Таиланд астанасы - бұл оның әкімшілік және іскерлік орталығы ғана емес, сонымен қатар мәдени ескерткіштердің керемет үйлесімі. Шулы демалыс орындары бірегей мыңжылдық ғибадатханалармен, қамалдармен және мұражайлармен көршілес орналасқан.

Бангкокта өмір сүру қымбат. Бірақ іс жүзінде әрбір турист Зүбәржат Будда немесе Корольдік сарайды өз көзімен көру үшін экскурсияға келуге өзінің міндеті деп санайды.

Паттайя. Сиам шығанағының жағалауында Бангкоктан бір жарым сағаттық қолжетімділікте Таиландтың ең танымал туристік орталықтарының бірі. Бұл қала үшін келесі ерекшеліктер: жеткілікті арзан курорттар; жастар үшін түнгі ойын-сауық (барлар, дискотекалар, кештер); көптеген заңды жезөкшелер үйі (Паттайя Тай секс-туризмінің көрінісі болып саналады); отбасылық және балалар ойын-сауық орталықтары; жыл бойы жауын-шашынның болмауы; орыс тілді туристердің көптігі;

Пхукет бағаның қол жетімділігімен ерекшеленеді - бұл жерде көптеген тауарлар мен қызметтердің құны Таиланд бойынша орташа бағадан төмен. Жағалау белсенді демалудың көптеген нұсқаларын ұсынады: дайвинг, снорклинг, су шаңғысы, аквапарк.

Районг - Паттайядан 60 шақырым жердегі шағын қалашық. Мұнда адам аз, арзан және жайлы. Районг сондай-ақ Паттайя мен Самет аралының арасындағы буферлік қала болып саналады.

Чианг Май - елдің мәдени астанасы, Ланн Корольдігінің орталығы - 500 жыл бұрын салынған көптеген ғибадатханалар мен сарайлардың отаны.

Чианг Рай. Мьянма және Лаос шекарасында орналасқан. Дамыған туристік инфрақұрылымға ие. Туристерді ең алдымен атақты Ақ ғибадатхана тартады.

Таиланд асханасы

Таиландтың асханасы - нағыз аспаздық сиқыр, онда Үнді дәмдеуіштері, француз корольдігінің дәмі, Қытай сорпасының өзгермейтін сапасы, сондай-ақ Малайзия, Бирма және Лаос тайпалары мен қоныс аударушылар әкелген дәстүрлер үйлеседі. Теңіз өнімдері, жаңа піскен және хош иісті шөптер, көптеген дәмдеуіштер, ерекше сорпалар.

Елдегі негізгі азық-түлік күріш болып саналады, ал Таиландтың әр аймағында өз сұрыптарын өзгеден артық көреді. Көбінесе Тай асүйінде күріш "өрт сөндіргіш" қызметін атқарады, онда ащы сорпа немесе карриден зардап шеккен ауызды құтқаруға болады. 

Елде әртүрлі көкөністерден, жемістер мен көксөктен, теңіз және өзен балықтарынан, тауық, шошқа етінен жасалған тағамдар танымал, ал сиыр еті мен әртүрлі қояндар дәстүрлі түрде "сән-салтанат заты" болып саналады. Мұнда күріштен жасалған кеспенің түрі өте көп. Алғашқы тағамдар асшаяндармен, тауықпен, балықпен және әр түрлі теңіз өнімдерімен танымал "том ям" сорпасын немесе аз танымал, бірақ саңырауқұлағы бар тауық етінен дәмді "том кха кай" дәмін татуға кеңес беріледі. 

© pixabay.com

Таиландтағы қауіпсіздік

Жолға шығарда тырысқаққа, А гепатитіне, сары безгекке, дифтерияға және іш сүзегіне қарсы екпе салу ұсынылады. Дәрі қобдишада репеллент (үркіткіш) болуы керек: ауру тасымалдайтын масалар күндіз де, түнде де белсенді. Дегенмен, статистика бойынша, Таиландта тропикалық ауру немесе инфекция жұқтыру қаупі өте аз.

Көшедегі және жағажайлық аспаздар мен саудагерлерден тамақ сатып алуға асықпаңыз - улану қаупі бар. Мұнда өнімдер өте тез бұзылады, сол себепті сүт өнімдерінен аулақ болу керек. Ауыз су-тек шөлмектен, мұз сусынға - аса қажет болған жағдайда ғана: оны су құбырынан дайындауға болады.

Елде нудизмге толық тыйым салынған, бірақ жағажайда топлесс сирек кездесетін жағдай емес. Дін өкілдерінің сеніміне нұқсаң келетін сөздер айту және әрекеттер қылмыс болып саналады. Ұшақ бортындағы дәретханада темекі шегіп немесе кез келген басқа тыйымдарды бұзғаны үшін қомақты айыппұл салынады. 

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети