Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев партия Төрағасының жаңа орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің партияның қызметін одан әрі нығайту қажеттігін ескере отырып тағайындалғанын айтты.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылдың 3 мамырындағы Қаулысына сәйкес Сәдібеков Ғани Қалыбайұлы энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Мемлекеттік корпорацияға "Халыққа қызмет көрсету орталығы", "Жылжымайтын мүлік орталығы", "Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы" және "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" кіреді.
"Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында, сонымен қатар әлеуметтік желілердің қазақстандық сегментінде ауылшаруашылық жерлерін шетелдіктерге сату туралы айдап салу мәніндегі жалған мәлімет тарату деректері пайда болды", - делінген хабарламада.