бойынша жаңалық Эстония

pixabay.com Эстонияда 100-ге жуық жаңа арал пайда болды Эстонияның Жер қатынастары департаменті ел картасын жаңартты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі 34travel.me сайтына сілтеме жасап.
26 ақпан 2024
Таллин, фото @Pixabay Эстонияда Сутегі алқабы пайда болады Таллин әуежайы серіктестерімен бірге Эстонияда сутегі алқабын жасайды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі әуе айлағының сайтына сілтеме
26 шілде 2022
Көрнекі сурет Фото pixabay.com ЕО туристерге баруға қауіпті 7 елді атады Еуропаның жеті танымал туристік елінде коронавирус жағдайы едәуір нашарлады. Осыған байланысты Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығы
06 қараша 2021
Еуроодақ сапарға қауіпті елдердің картасын жариялады Аурулардың алдын алу және бақылау жөніндегі ууропалық орталық (ECDC) коронавирус жұқтырғандар саны артып келе жатқан бірқатар елді саяхат үшін
17 қазан 2021
Музей директоры Эстония президенті болып сайланды Эстония ұлттық музейінің директоры Алар Карис ел президенті болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Estonian World басылымына
31 тамыз 2021
Фото: lechim-nasmork.info Эстония ғалымдары коронавирустың барлық штамына қарсы спрей жасады Эстония ғалымдары коронавирустың барлық штамынан қорғайтын спрей жасағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Rostimees-ке сілтеме
02 тамыз 2021
© РИА Новости "Анық жаугершілік". Ресейде эстон консулы ұсталды Санкт-Петербургте эстон консулы Марта Лятте ұсталды. РФ ФТБ Қоғаммен байланыс орталығы өкілдерінің мәліметінше, дипломат жабық сипаттағы материалдарды
07 шілде 2021
Фото: pixabay.com Еуропа карантин шектеуін біртіндеп алып тастап жатыр Мамырдың басынан бастап Еуропаның бірқатар елінің билігі коронавирус пандемиясының үшінші толқынына байланысты Еуропалық Одақта енгізілген қатаң
05 мамыр 2021
© pixabay.com Латвия, Литва және Эстония туристердің кіру ережелерін өзгертті 15 қаңтардан бастап Латвияға кіру үшін елге келмей тұрып 72 сағат бұрын тапсырылған COVID-19-ға ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы көрсету
15 қаңтар 2021
© РИА Новости Эстония Ресейге қатысты аумақтық наразылық туралы мәлімдеді Эстония Парламентінің спикері (Ригикогу) Хенн Пыллуаас ERR сайтында жарияланған жаңажылдық үндеуінде Ресейге қатысты аумақтық наразылық туралы
03 қаңтар 2021
© pixabay.com Эстонияда дүйсенбіден бастап белгісіз мерзімге дейін шектеулер енгізіледі Пандемияның таралуын тоқтату мақсатында көптеген елдің үкіметі түрлі шаралар істеп жатыр. Соның бірі Эстония. Бұл елде мейрамханалар, театрлар
14 желтоқсан 2020
© pixabay.com Эстония Қысқаша мәлімет
17 қыркүйек 2020
РИА Новости© Балтық елдері Лукашенкоға кіруге тыйым салды Латвия Беларусьтің 30 азаматына, оның ішінде президент Александр Лукашенко және оның әкімшілігінің қызметкерлеріне елге кіруге тыйым салды.
01 қыркүйек 2020
Эстонияда Димаш Құдайбергеннің құрметіне ескерткіш белгі қойылды Эстонияда қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің құрметіне ескерткіш белші қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Эстониядағы
25 мамыр 2020
© REUTERS Эстонияда COVID-19-дың тарауы тоқтады Эстонияның қоғамдық істер министрі Танел Кийк ел бойынша коронавирус инфекциясының тарауы тоқтағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Lenta.ru. 
15 мамыр 2020
© REUTERS Эстонияда бұған дейін кездеспеген коронавирустың екі мутациясы анықталды Эстониядағы Тартуск университетінің ғалымдары елде ғана кездескен коронавирус ерекше екі мутациясын анықтады, - деп хабарлайды Lenta.ru.
12 мамыр 2020
Эстонияны БҰҰ-дан шығару ұсынылды Мемлекеттік думаның білім және ғылым комитеті жөніндегі төрағасының орынбасары Борис Чернышов БҰҰ бас хатшысы Антон Гутеррешке Эстонияны
05 сәуір 2019
© akorda.kz Нұрсұлтан Назарбаев Эстония премьер-министрімен кездесті Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Эстония Республикасының премьер-министрі Юри Ратаспен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
06 қараша 2018
Салтанат Қазыбаеваның Instagram желісіндегі парақшасынан Қазақстандықтар Таллинде өткен IRONMAN жарысында үздік нәтиже көрсетті Қазақстандық триатлоншылар Салтанат Қазыбаева мен Алексей Сидоренко Эстония астанасы Таллинде өткен IRONMAN жарысында толық дистанцияны бағындырды,
05 тамыз 2018
Иллюстрациялық сурет: agentika.com Эстонияда қоғамдық көлік толықтай тегін болады 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Эстонияда қоғамдық көліктің барлық түрінде жолақы алып тасталады, - деп хабарлайды World Economic Forum порталы. 
07 маусым 2018

Қысқаша мәлімет

Орналасуы: Шығыс Еуропаның солтүстік-батысында орналасқан мемлекет
Астанасы: Таллин
Ірі қалалары: Таллин, Нарве, Кохтла-Ярве, Палдиски, Тарту, Пярну, Маарду, Тапа
Жер көлемі: 45,1 мың шаршы шақырым
Телефон коды: +372
Қазақстанмен уақыт айырмашылығы: -3 сағат
Сағаттық белдеуі: (GMT+3)
Виза: Шенген
Тілі: эстон
Валютасы: еуро
Халқы: 2020 жылы 1,328 миллион адам
Діни сенімдері: лютеран, православ
Жол қозғалысы: оң жақты қозғалыс
Тоқ көзінің түрі: C, F. 230 В, 50 Гц

Эстония географиясы мен климаты

Эстония Шығыс Еуропа жазығының солүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Жерінің басым бөлігі ойпатты жазық. Эстонияның батыс бөлігі мен Батыс Эстон топаралында, сондай-ақ қиыр шығысында ойпатты жерлер басым, Батыс Эстон жазығында шымтезекті батпақтар көп. Солтүстік және орталық бөлігін биіктігі 166 метрге дейінгі (Пандивере биіктігі) толқынды ойпат алып жатыр. Выртсъярв көлінен оңтүстік-шығысқа қарай аумағының неғұрлым көтеріңкі жерлері - Отепя (биіктігі 217 метрге дейін) мен Хаанья (биіктігі 318 метр), батысқа қарай Сакала (биіктігі 145 метрге дейін) жатыр. Биіктіктер негізінен түпкі жыныстардан (әктастар, құмтастар) қалыптасып, мұздану шөгінділерімен жабылған.

Климаты теңіздіктен континентікке қарай ауыспалы. Жағалауларындағы аудандарда климат неғұрлым жұмсақ; шығыс және оңтүстік-шығыс бағыттарда оның континенттігі артады. Ақпандағы орташа температура -6 градус, шілдеде 17 градусқа тең.

Эстония аралас ормандар аймағында орналасқан, ел аумағының 50 пайызына жуығын ормандар алып жатыр. Ормандарының басым бөлігі - қылқан жапырақты (қарағай, шырша) ағаштардан тұрады. Эстонияның жануарлар дүниесі үшін тайгалық және жалпақ жапырақты ормандардың, сондай-ақ теңіз жағалауы фаунасының өкілдері тән. Сүт қоректілерден бұлан, елік, жабайы шошқа, қоян, ақ қоян, қасқыр, түлкі; құстардан - құр, шіл, сандуғаш, т.б. мекендейді.

Эстония экономикасы

Бүгінгі таңда Эстонияда ЖІӨ-нің негізгі бөлігі қызмет көрстеуден келеді, оның көрсеткіші - 68 пайыз, 29 пайыздан азы өнеркәсіптің үлесіне, ал 3 пайыздан азы ауыл шаруашылығына тиесілі. Елдің негізгі экономикалық салалары: энергетика және химия өнеркәсібі, машина жасау, жанармай өндірісі, целлюлоза және қағаз өндірісі, сондай-ақ ағаш өңдеу өнеркәсібі.

Біріншіден, барлық жылу электр станциялары сланецті жергілікті өндіруге негізделген. Бүгінде Эстония ең жоғары тұтыну деңгейінде елді толық қуатпен қамтамасыз ете алады. Эстония энергия тұтынуды теңгеру мақсатында Финляндиямен тығыз жұмыс істейді.

Машина жасау салаларының ішінен неғұрлым дамығандары - электр және радиотехникалық өнеркәсіп, аспаптар жасау мен кеме жөндеу. Минералдық тыңайтқыштар, күкірт қышқылы, бензол, формалин, антисептиктер, жуушы құралдар, т.б. өндіріледі. Құрылыс материалдары, целлюлоза және қағаз шығаратын кәсіпорындар жұмыс істейді.

Тағам өнеркәсібінің негізгі салалары - ет-сүт және балық, кондитерлік өнімдерді өндіру. Қолданбалы өнер: былғары, металл бұйымдар, тоқыма бұйымдарын жасау кең тараған. Ауыл шаруашылығында етті-сүтті ірі қара мал мен етті шошқалар өсіруге маманданған. Құс, бал арасын, қымбат терілі аңдар өсіру шаруашылығы дамыған. Дәнді дақылдардан қара бидай, бидай, қара сұлы, тех. (зығыр) және азықтық дақылдар өсіріледі. Картоп пен көкөніс өсіру жақсы дамыған.

Халықаралық сарапшылар шетелдік инвестицияларды тартудың ең маңызды салаларын анықтады. Бұл - көлік және логистика, заманауи компьютерлік технологиялар, бизнес секторы, сонымен қатар машина жасау және ағаш пен целлюлоза өңдеу. Бүгінгі таңда елдің жалпы ішкі өнімі шамамен 21 миллиард еуроны құрайды. Сонымен бірге жан басына шаққанда жылына шамамен 16000 еуроны құрайды.

Эстония тарихы

Қазіргі Эстония территориясындағы алғашқы қоныстар шамамен 10 000 жыл бұрын, мұздықтар шегінген кезде пайда болды. Х-ХІІ ғасырларға қарай ерте феодалдық қоғамның құрылымы құрылды, онда ақсақалдар мен әскери отрядтардың жетекшілері жерлердің басында тұрды.

XIII ғасырдан лив, эст және латыштарға қарсы крест жорықтарының басталуы. Эстония XIII ғасырдың басында қарсылас тевтондық және даттық крест жорықтарының шабуылымен христиан әлеміне енді.

1228 жылы Эстонияның жаулап алушыларға қарсы тұруы үш онжылдыққа созылды. Оңтүстік Эстония Тевтоникалық орден, содан кейін Ливон орденінің қолына түсті.

Шведтер мен орыстар арасында болған Солтүстік соғыстан кейін Ништадт бітімі бойынша 1721 жылы Эстония Ресейдің құрамына өтті. 1917 жылы қазан айының соңында елде Кеңес өкіметі орнағанымен көп ұзамай ішкі және сыртқы күштердің қысымымен құлатылды. 1940 жылы шілдеде Эстонияға кеңес әскерлері енгізіліп, Эстон КСР-і құрылды. 1944 жылы Эстонияны Қызыл Армия Кеңес Одағына қайтарып алды. 1990 жылдан Эстония Республикасы деп аталады. 1991 жылы республиканың тәуелсіздігі жарияланды. 2004 жылы Эстония Еуропалық Одаққа толық мүше болды.

Қазақстандық туристер үшін Эстония қаншалықты тартымды?

Эстония мемлекеті жыл сайын туристтерді Балтық жағалауына ғажайып демалыс пен бай экскурсиясымен және минералды бұлақтарда емделу мүмкіндігімен қызықтырады Эстонияда сіз кез-келген талғамға сай қарапайым хостелдерден бастап, люксстік қонақүйлерге дейін таба аласыз.

Таллин қонақүйлеріндегі бағалар хостелда тәулігіне 20 еуродан басталады және 5 жұлдызды люкс үшін 800 еуроға тұрады. Тартудағы үш жұлдызды стандартты пәтерде түнеу құны 50 еуродан басталса, Нарвада - 40 еуро, Пэрнуде - 30 еуро тұрады.

Сіз Хаапсалу спа-қонақүйлерінде тәулігіне 75-85 еуроға демалып, түней аласыз.

Эстонияға қалай жетуге болады?

Қазақстан мен Эстония арасында тікелей байланыс жоқ, бірақ сіз Мәскеу, Минск, Киев, Варшава бағыттарымен Таллинге рейстер жасай аласыз. Мәскеуден Таллинге пойызбен немесе автобуспен жетуге болады, ол біршама арзан, бірақ ұзағырақ. Таллин әуежайы қала орталығынан небәрі 4 шақырым жерде орналасқан және оған 10 минутта жетуге болады. Таллинде теміржол вокзалы ескі қаланың кіреберісіне жақын жерде орналасқан. Сонымен қатар, сіз Эстонияға теңіз арқылы жете аласыз. Елдің басты порты Таллинде орналасқандықтан, мұнда Балтық теңізімен Литва, Латвия, Финляндия және Швецияға баратын порттар тоқтап, дамылдайды.

Эстониядағы көлік қозғалысы

Эстония қалалрының көбісінде қоғамдық көлік ретінде автобустар жүреді, Таллинде троллейбустар мен трамвайлар да бар. Билеттер дүңгіршектерде (1 еуро) және жүргізушілерден (2 еуро) сатылады, қайта пайдалануға болатын электронды карталарды (3 еуродан) сатып алып, оларды қажетті мөлшерге толтырған тиімді. Айтпақшы, Таллин тұрғындарының өздері қоғамдық көліктерді тегін пайдаланады.

Эстонияда туристерге жиі такси қажет емес: көрікті жерлердің көпшілігі бір-біріне жақын орналасқан. Дегенмен, сіз әрдайым көшеде көлікті ұстай аласыз немесе телефон арқылы шақыра аласыз, бір бағыттың орташа құны - 2 еуро, әр км үшін - 0,50-1 еуро, түнде - екі есе көп.

Велосипедтер мамандандырылған салондарда және ірі қонақүйлерде жалға беріледі. Жалға алудың бірінші сағаты 1,60 еуро тұрады, әр келесі - 1,40 еуродан, күніне - 10 еуродан (міндетті салым - 100 еуро) болады. Егер сіз туристік агенттікте веложолдардың егжей-тегжейлері туралы брошюраны алсаңыз, сапарыңы жеңіл болары анық.

Эстонияда қайда баруға болады?

Астанасы - Таллин қаласы, еуропалық стильдегі жайлы және әдемі, эстондықтар да өздерін жайбарақат сезінеді. Мұнда туристер баяу серуендеп, көптеген көрнекті жерлерді: алаңдар, бекіністер, сарайлар мен мұражайларды мұқият зерттеп көре алады. Ортағасырлық сәулет өнерінің ең жақсы үлгілері Ескі қалада, ең танымал жағажайлар - Хаберсти мен Пирита аудандарында орналасқан.

Эстония - тарихи, мәдени ескерткіштерге бай Еуропа елдерінің бірі. Осымемлекетке саяхаттаушыларға мынадай тарихи-мәдени ескерткіштерді көруге кеңес береміз:
1. Таллин қаласындағы Тумпея қамалы
2. Таллиндегі Александр Невский соборы
3. Эстонияның солтүстігіндегі Раквере бекінісі
4. Таллиндегі Кадриорг сарайы
5. Лахема ұлттық паркі
6. Таллиндегі Олевисттік шіркеу
7. Тарту қаласындағы Күмбезді шіркеу
8. Таллиндегі ашық аспан астындағы мұражай

Келесі іріқаласы Тарту - Эстонияның мәдени астанасы деп аталады. Солтүстік Еуропадағы ең көне университеттердің бірі Тарту университеті осында орналасқан. Ең әдемі мейрамханалар мен антиквариат дүкендері, әдеттегідей, мәдени орталықтардың жанында, ескі орталықта шоғырланған.
Эстонияда Балтық теңізінде бірнеше жақсы жағажай курорттары бар. Айтпақшы, Эстониядағы жағажай маусымы әдетте мамыр айының ортасында басталып, қыркүйектің ортасына дейін жалғасады. Эстониядағы ең танымал жағажай курорттары - Парну, Нарва-Йесуу, Хаапсалу, Тоиль және Курессааре. Пейпси көлінің жағасында да жағажайлар бар.

Бірақ туристер Эстонияға Балтық теңізінде жүзіп қана қоймай, жергілікті көрнекті жерлерді көруге келеді. Эстонияда бірнеше тамаша курорттар бар. Олардың ішіндегі ең танымалдары - Парну, Варска, Курессааре, Пюхайярве және Вимси.

Нарвада жүйке жүйесі, жүрек, қан тамырлары, сүйектер, буындар және тыныс алу мүшелерінің ауруларына мамандандырылған санаторийлер бар. Медициналық мекемелерде Хаапсалу бұлшықеттер, тірек-қимыл жүйесі және ас қорыту жолдарының ауруларымен, дерматологиялық ақауларды түзетумен айналысады.

Парнуда сіз қысым көтерілу, демікпе және тыныс алу жүйесінің басқа ауруларынан арыласыз. Эстониядағы ең ірі медициналық орталықтардың тізіміне Солтүстік-Эстония облыстық ауруханасы,Тарту университетінің клиникасы және басқа жеке және мемлекеттік мекемелер кіреді.

Эстония асханасы

Эстондық тағамдар өте қарапайым, дәстүрлі десе болады. Бірақ қазір Эстония тағамдары ең танымал халықаралық тағамдарды қамтиды. Дегенмен, Эстонияда ең көп кездесетін өнімдер қара нан, шошқа еті, картоп, балық және сүт өнімдері болып табылады.

Эстониядағы туристерге Эстонияның келесі дәстүрлі тағамдарын міндетті түрде ішуге кеңес беріледі, олар: сыра сорпасы, бұршақ сорпасы, тұшпара мен ет қосылған сорпа, қара пудинг, сірке суындағы балтық майшабағы, майшортан, ақжелкен, салаки тағамы, мульги ботқасы.

Эстонияда дәстүрлі алкогольсіз сусын - арша жидектері қосылған ашытқы қосылған кали сусыны Эстониядағы алкогольді ішімдіктерге келетін болсақ, бұл, әрине, сыра мен арақ. Эстондықтар XV ғасырда арақ жасай бастады, бірақ ол әлі күнге дейін қолданылуы жағынан сырамен бәсекелесе алмайды.

Эстониядағы қауіпсіздік

Эстонияда қылмыс деңгейі өте төмен. Шетелдік туристерге қатысты кейде Эстонияда қалта ұрлығы мен тонау жасалады. Сондықтан біз Эстониядағы туристерге заттарды мұқият қадағалап, қараңғы түскеннен кейін саябақтар мен жарықтар аз көшеде жүрмеуге кеңес береміз.

Эстонияға кіру үшін арнайы егулер қажет емес, бірақ медициналық сақтандыру қажет.

Эстониядан қандай кәдесыйлар алуға болады?

Эстониядан келген туристер әдетте қолөнер, темір құмыра, ағаштан жасалған сыра тостағандарын, қара эстондық шоколад, марципан, эстондық дәстүрлі киімдегі қуыршақтар, янтарь және Vana Tallinn ликерін әкеледі. Ең дәмді сувенирлер - марципан мүсіншелері, даршын қосылған қуырылған бадам және Кеңес заманынан бері танымал Калев шоколады.

Эстония дүкендерінің көпшілігі 9:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді, сенбі - қысқа жұмыс күні, жексенбі - демалыс күні. Ірі сауда орталықтары аптаның соңына дейін жұмыс істейді. Сатылымдар қыста (католиктік Рождестводан ақпанға дейін) және жазда (шілде айының ортасынан тамыздың ортасына дейін) өткізіледі. Көңіл көтеретін жеңілдіктер Стокманн әмбебап дүкенінде өткізіледі.

Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети