15 мамыр 2020 17:38

Эстонияда COVID-19-дың тарауы тоқтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Эстонияның қоғамдық істер министрі Танел Кийк ел бойынша коронавирус инфекциясының тарауы тоқтағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Lenta.ru


Эстонияның қоғамдық істер министрі Танел Кийк ел бойынша коронавирус инфекциясының тарауы тоқтағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Lenta.ru

Министрдің айтуынша, қазір Эстония тек екінші толқынмен және инфекцияның ошақтары бойынша жұмыс істеп жатыр. 

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының индикаторларына қарасақ Эстонияда қазір эпидемиологиялық жағдай бәсеңдеген", - дейді Танел Кийк. 

Кийктің сөзінше, Эстония мұндай нәтижеге уақытында қабылданған карантин режимінің арқасында жеткен. Министр карантин режимісіз ең аз дегенде 20 мың адам COVID-19 жұқтырып, мың адам қайтыс болар еді. 

Еске салайық, бұған дейін 27 сәуірде Мавритания дүние жүзінде коронавирусты жеңгенін хабарлаған алғашқы ел атанды. Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда, соңғы күндері COVID-19-дан қайтыс болғандар жоқ, тестілеулер де коронавирус жұқтырғандарды таппаған. Одан бөлек, 7 мамырда Исландия коронавирусты жеңгенін хабарлады. Елдегі COVID-19 жұқтырған науқастардың 97 пайызы айығып шыққан. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети