07 мамыр 2020 10:19

Тағы бір мемлекет коронавирусты жеңгенін хабарлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Исландия коронавирусты жеңгенін хабарлады. Елдегі COVID-19 жұқтырған науқастардың 97 пайызы айығып шыққан, - деп хабарлайды РИА Новости


Исландия коронавирусты жеңгенін хабарлады. Елдегі COVID-19 жұқтырған науқастардың 97 пайызы айығып шыққан, - деп хабарлайды РИА Новости

Жалғасы

"1799 адамның коронавирус тестінің нәтижесі оң болған. Оның 1750-і аурудан айығып шықты. Өкінішке қарай, 10 адам коронавирус құрбаны болды", - делінген хабарламада. 

Бүгінде Исландияда коронавирус жұқтырған 39 адам бар. Оның үшеуі ауруханада, алайда олардың жағдайы тәуір. Исландия билігі 4 мамырда 16 наурызда енгізілген шектеу шараларын алып тастады. 

Еске салайық, бұған дейін Мавритания дүние жүзінде коронавирусты жеңгенін хабарлаған алғашқы ел атанды. Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда, соңғы күндері COVID-19-дан қайтыс болғандар жоқ, тестілеулер де коронавирус жұқтырғандарды таппаған. 

Елдегі эпидемия кезінде 17 адам вирустан айығып, бір адам қайтыс болған. Мавританияда коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі 13 наурызда тіркелген. Сол кезде елде шекара жабылып, жиналыс өткізуге тыйым салынған. Сондай-ақ, мектептер, мейрамханалар мен базарлар жұмысын тоқтатқан. Билік түнде комендант сағатын енгізген.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети