бойынша жаңалық Өзбекстан

Өзбекстан билігі 12 жастан асқан балаларға вакцина салуды мақұлдады Өзбекстанда коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасы 12 жастан асқан балаларға  ерікті түрде салуға рұқсат беріле бастайды, - деп
29 қыркүйек 2021
© nuz.uz Ташкентте дзюдодан әлем чемпионы досының қолынан қаза тапты Атақты спортшы, дзюдодан және кураш деп аталатын ұлттық күрестен әлем чемпионы Камолиддин Расулов ​​Ташкентте қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
15 қыркүйек 2021
Mahalla телеарнасының кадры Өзбекстанда "цех" сөзін латын қарпімен жазуға қатысты дау шықты Өзбекстанда "цех" сөзінің латын қарпімен жазылу нұсқасына қатысты дау шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Podrobno.uz басылымына сілтеме
15 қыркүйек 2021
Видео кадры Өзбек тележүргізушісі тікелей эфирде есінен танып құлады "Ешлар" өзбек телеарнасының жүргізушісі тікелей эфир кезінде есінен танып құлады. Оқиға Ташкентте болған. Видеоны Uzbek MDK Telegram-арнасы
03 қыркүйек 2021
Фото: akorda.kz Тоқаев Өзбекстан президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеке өзінің және қазақстандықтардың атынан Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті және өзбек халқын ел Тәуелсіздігінің
01 қыркүйек 2021
© Reuters Өзбекстан ауған босқындарын қабылдаудан бас тартты Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі Өзбекстан "тәліптерден қашқан ауған халқына шекарасын ашуға" дайын деген ақпаратты жоққа шығарды, - деп
31 тамыз 2021
© pixabay.com Ақтөбе - Нүкіс әуерейсі қашан іске қосылатыны белгілі болды Нүкіс пен Ақтөбе арасындағы тұрақты рейстер 31 тамыздан бастап іске қосылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Uzbekistan Airways
28 тамыз 2021
© Reuters "Талибан" қай елдермен жақсы қарым-қатынаста екенін айтты "Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған ұйым - Еск.) саяси кеңсесінің өкілі Мұхаммед Наим Al-Mayadeen телеарнасына берген сұхбатында қозғалыс
25 тамыз 2021
Фото: podrobno.uz Өзбекстан Ауғанстаннан келген 150 босқынды қайтарды Өзбекстан "Талибан" қозғалысынан қауіпсіздігі туралы келісім алғаннан кейін (Қазақстанда террористік ұйым деп танылып, тыйым салынған) 150 Ауғанстан
21 тамыз 2021
Фото: 24.kg Бішкекте Ауғанстаннан келген босқындар наразылыққа шықты Бішкектегі БҰҰ ғимараты маңында Ауғанстаннан келген босқындардың наразылық шарасы өтті. Наразылық акциясына қатысушылар републикада ресми мәртебе
18 тамыз 2021
Фото ©REUTERS Ауғанстан президені Ашраф Ғани Өзбекстанда ма? Ел билігі жауап берді Ауғанстан президенті Ашраф Ғани мен басқа да ауған басшылары Өзбекстанға кетті деген ақпарат жалған. Бұл туралы сейсенбіде Өзбекстан Сыртқы
18 тамыз 2021
Фото ©REUTERS Өзбекстан "Талибан" қозғалысы өкілдерімен тығыз байланысы туралы айтты Өзбекстан Ауғанстандағы жағдайды мұқият қадағалап отырады және ел ішінде бірегей үкімет құру ниетін қолдайды. Бұл туралы республиканың Сыртқы
17 тамыз 2021
Иллюстрациялық фото: pixabay.com Өзбекстан Бас прокуратурасы Ауғанстан ұшақтары туралы хабарламаны өшіріп тастады Өзбекстанның Бас прокуратурасы Telegram-дағы ресми арнасынан 14 және 15 тамызда шекарадан өткен Ауғанстан әскери ұшақтары мен тікұшақтарына
17 тамыз 2021
Фото:instagram.com/topnewsuz/ Өзбекстанда ауған әскери ұшағы апатқа ұшырады - БАҚ Өзбекстанда ауған әскери ұшағы апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.
16 тамыз 2021
Ташкент, Өзбекстан, фото ©Shutterstock Консулдық өкілдері Өзбекстанға кірудің жаңа ережелерін айтты Қазақстандықтар Өзбекстанға кірудің жаңа ережелері туралы сұрап жатыр. Енді шекараны жерүсті пункт арқылы өткен кезінде шекарада экспресс-тест
12 тамыз 2021
Видеодан алынған Өзбекстанда Олимпиада жеңімпаздарына қандай көлік беріледі? Өзбекстанда жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне дайындық жүріп жатыр. UzNews өзбек спортшыларына қандай көлік
09 тамыз 2021
© Ернар Алмабек "Жеттіңіз, әка! Жақсы демалыс болсын!" Отбасылық тревел-блогерлер Өзбекстанға сапарлады Адамзат тарихынан аз да болса хабары бар саяхатшыны Өзбекстан туризмі несімен тартымды және басқа да жүздеген туристік бағыттардан несімен ерекшеленеді
09 тамыз 2021
Фото: pixabay.com Өзбекстан асханасы: турист қандай тағамның дәмін татуы керек Өзбекстанда гастрономиялық тәжірибені түбегейлі кеңейтуге болады. Бұл елде бір палаудың жүзден аса түрі бар. Сонымен қатар, мәнті, самса, қозы
02 тамыз 2021
Фото: pixabay Өзбекстанда шенеуніктерге қымбат көлік сатып алуға тыйым салынды Өзбекстанда билік органының басшылары 1 тамыздан бастап қызметтік көлік алуға 490 миллион сумнан (шамамен 46 мың доллар) артық тапсырыс бере
01 тамыз 2021
Үргенш, Өзбекстан Фото ©Shutterstock Қазақстаннан Өзбекстанға жаңа әуе рейсі ашылады Қазақстаннан Өзбекстанға жаңа халықаралық әуе рейсі шілденің соңында іске қосылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Primeminister.kz
28 шілде 2021

Қысқаша мәлімет

Орналасуы: Орталық Азияда орналасқан мемлекет
Астанасы: Ташкент
Ірі қалалары: Ташкент, Самарқанд, Наманган, Андижан
Жер көлемі: 448 978 мың шаршы шақырым
Телефон коды: +998
Қазақстанмен уақыт айырмашылығы: -1 сағат
Сағаттық белдеуі: (GMT+5)
Виза: визасыз
Тілі:өзбек
Валютасы: сум
Халқы: 2018 жылы 32,96 миллион адам
Діни сенімдері: ислам
Жол қозғалысы: оң жақты қозғалыс
Тоқ көзінің түрі: 220 В, F, C, 50 Гц

Өзбекстанның географиясы мен климаты

Өзбекстан өңірі жер бедері жөнінен солтүстік-батыс жазық және оңтүстік-шығыс таулы бөліктерге бөлінеді. Жазық жағын Қызылқұм шөлі, Үстірт, Тұран ойпаты, Әмудария атырауы алып жатыр. Таулы өлке Шатқал, Құрама, Ферғана, Алай, Зеравшан, Түркістан, т.б. жоталардан құралады, бұлардың аралықтарында Ферғана, Зеравшан, Шыршық-Ангрек, Қашқадария, Сурхандария, т.б. аңғарлар орналасқан. Жер қойнауы пайдалы қазындыларға бай. Қаратау-Нарын белдеуінен сирек металл, темір кен тасы, полиметалл, қорғасын-мырыш, Белтау-Құрамадан мыс (Қалмақыр, Сарычек кендері), Түркістан-Алайдан графит-никель-кобальт (Тасқазған) кен орындары ашылған. Өзбекстан аумағы Орталық Азиядағы ірі мұнайлы-газды аймақ саналады. Оңтүстік Ферғанада күкірт және озокерит (Шорсу), Гиссар жотасында карноллит, сильвинит, тас тұзы, Сұлтануиздат тауында фосфорит бары анықталды.

Климаты тым континенттік, қуаң. Жазы ыстық, шілденің орташа температурасы солтүстік-батыс бөлігінде 33-38 градус, оңтүстігінде 25-30 градус. Қысы жылы, қар жұқа түседі. Қаңтарда 6,3 градус, оңтүстігінде 3 градус болады. Жылдық жауын-шашынның мөлшері әр қилы, кей шөлді өңірлерде 100 мм, кей жерлерде 200-400 мм, тау бөктерлерінде 900 мм. Өзендерінің көпшілігі Арал теңізінің алабына жатады. Ірі өзендері - Әмудария, Сырдария, Зеравшан, Қашқадария. Жер суару және суландыру жүйесі өте жақсы дамыған. Жері негізінен сары және сары қоңыр топырақты; батыс және солтүстік жағы құм-шағылды келеді. Республика жерінің көпшілік бөлігінде қуаңшылыққа төзімді өсімдіктер мен жануарлар дүниесі тіршілік етеді.

Өзбекстанның экономикасы

Өзбекстан индустриалды-аграрлы мемлекет. 1913 жылы бүкіл фабрика, зауыт өндірісі жалпы өнімінің 85 пайызы мақта тазалау мен май айыру саласының үлесіне тиіп, ауыр индустрияның өндірісі 2% шамасында болған. Кеңес өкіметі жылдарында жаңа өндіріс салалары құрылып, ауыр индустрияның үлес салмағы артты. 1990 жылы ол бүкіл өнеркәсіп өндірісі көлемінің 44,4 пайызын құрады. Ташкент авиациялық-өндірістік бірлестігінде "Ил-76", "Ил-114", Ил-114 т." ұшақтары шығарылады. 1996 жылы Оңтүстік Кореялық "Daewoo" фирмасымен бірлесіп өндірістік қуаты жылына 200 мың жеңіл автомобильдік шығаруға жететін зауыт іске қосылды. Сонымен бірге автомобильдерді жабдықтауға арналған бұйымдар жасайтын кәсіпорындар құрылып, жүк автомобильдері мен автобустар шығаратын зауыттар салынды. Жеңіл өнеркәсіп орындары республикадағы өнеркәсіп өнімінің 20 пайызынан астам бөлігін өндіреді.

Жері табиғи ресурстарға бай. Бүкіл Орта Азиядағы газ конденсатының 74 пайызы Өзбекстанның үлесіне тиеді. Алтын қоры жөнінен ол әлемде 4, жез қоры жөнінен 11, уран қоры бойынша 7-8-орынды иеленеді. Мақта дақылын өсіру көрсеткіші бойынша әлемде 5-орында, оны экспортқа шығару жөнінен 2-орында. Ел аумағынан жалпы ұзындығы 4 мың шақырым құрайтын 9 ірі газ құбыры өтеді. Аса маңыздылары: Орта Азия - Орталық және Бұхара-Орал құбырлары. Жібек шикізатын, жүн, қаракөл елтірісі, жеміс-жидек, алтын, табиғи газды экспортқа шығарып, азық-түлік, шикізат, т.б. өнімдерді сырттан алады.

Өзбекстан мен Қазақстан арасында саяси-экономикалық, әскери, мәдени байланыстар орнаған. 1992 жылы екі ел арасында Достық, ынтымақтастық және өзара көмек, 1994 жылы Бірыңғай экономикалық кеңістік, 1998 жылы Мәңгілік достық туралы шартқа және экон. байланыстарды кеңейту туралы келісімге қол қойылды. 2004 жылы екі ел арасындағы шекара толық делимитацияланды.

Өзбекстан тарихы

Өзбекстан жерін адамдар ежелгі тас ғасырынан (палеолит) мекендей бастады. Олар аңшылық және терімшілікпен айналысты. Жаңа тас дәуірінде (неолит) егіншілік пен бақташылық пайда болды. Қола дәуірінің соңында алғашқы мемлекеттік бірлестіктер - Соғды, Хорезм тайпалық одақтары құрыла бастады. Б.з.б. IV-V ғасырларда ел аумағы Ахемен әулеті билеген парсы патшалығына бағынды. Бұл кезеңде өзбек жерін мекендеген халықтар мен олардың тарихы туралы Геродоттың жазбалары мен Бехистун сына жазуында айтылады. Б.з.б. 330-328 жылдары өлкеге Македонский шапқыншылық жасады. Грек-македон империясы ыдырағаннан кейін ел аумағында әр түрлі кезеңдерде Бактрия, Кушан, Қаңлы мемлекеттері өмір сүрді.
V ғасырдың ортасында құрылып, түріктердің қысымымен ыдырап кеткен ақ ғұндар (эфталит) мемлекетінің негізінде ел аумағы бір орталыққа біріге бастады. VI ғасырдың ортасында Алтай мен Жетісуда құрылған Түрік қағанаты құрамында болды. VII ғасырда ел аумағы Батыс түрік қағанатына бағынды. Осы кезеңде Ұлы Жібек жолы дамып, Самарқанд, Бұхара, т.б. қалалар ірі сауда орталықтарына айналды. Бірақ VII ғасырдың аяғында қағандық ыдырап, өлкені арабтар жаулап ала бастады. Халық жаппай ислам дінін қабылдай бастады. Араб мәдениетінің ықпалымен Мауераннахр аймағы ислам әлемінің аса ірі мәдени орталығына айналды.

IX ғасырдың басында Араб халифаты ыдырай бастады да, ел аумағында Самани мемлекеті құрылды. Мауераннахр мен Зеравшан өңірі барынша дамыды. X-XII ғасырларда ел аумағында Қарахан әулеті, Ғазнауи әулеті, Салжұқтар мемлекеті кезек-кезек билікке келді. XII ғасырдың II-жартысында Хорезм мемлекеті күшейіп, Бұхар мен Самарқандты бағындырды. XIII ғасырда өзбек жері Шыңғысхан империясы құрамына кіріп, ел аумағында Шағатай ұлысы құрылды. XIV ғасырдың II-жартысында Әмір Темір Мауераннахр жерінде қуатты империя құрды. Оның астанасы - Самарқанд қаласы ірі сауда орталығына айналды. Үндістанмен, Қытаймен, Иранмен және Шығыс Еуропамен арадағы тікелей сауда байланысы елдің экономикалық және мәдени өркендеуіне әсерін тигізді.

Өзбек мемлекетінің тарихи негізі қаланып, саясат, экономика, мәдениет, ғылым мен өнер саласында ірі табыстарға қол жетті. Әмір Темір өлгеннен кейін қуатты империя екіге бөлінді. Мауераннахрды Әмір Темірдің немересі Ұлықбек басқарды. Ұлықбек қолөнер мен сауданы дамытуға қолдау көрсетіп, ғылым мен мәдениетке жіті көңіл бөлді әрі аса көрнекті ағартушы-ғалым ретінде танылды. XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басында Орта Азияны Мұхаммед Шайбани ханның көшпелі өзбек тайпалары басып алды. Көшпелілердің жергілікті тұрғындармен сіңісуі нәтижесінде "Өзбек" этнонимі орныға бастады. Шайбани әулеті елдің шаруашылығын нығайтып, суландыру жүйесін жетілдіруге, ақша реформасын жүргізуге тырысты. Бірақ Сыр бойындағы қалалар үшін Қазақ хандығына, сондай-ақ қазіргі Иран, Ауғанстан аумағында құрылған мемлекеттік бірлестіктерге қарсы үздіксіз соғыстар Шайбани мемлекетінің ыдырауына алып келді. XVII ғасырдың басында Бұхар хандығы, Хиуа хандығы, XVIII ғасырдың басында Қоқан хандығы құрылды. Хандықтар арасындағы халықты күйзелткен үздіксіз соғыстарға қарамастан, өлкенің шаруашылық-мәдени тұрмысы әрі қарай дамыды, ирригациялық құрылыстар жетілдірілді, ауыл шаруашылығы жақсарып, жаңа қалалар бой көтерді.

XIX ғасырда Ұлыбритания мен Ресей Орта Азияға, оның ішінде Өзбекстанға да көз тігіп, қордалы шикізат пен пайдалы қазбалар көзін иеленуге ұмтылды. Қазақ жеріне мықтап орналасқан Ресей Бұхар, Хиуа және Қоқан хандықтарымен дипломатикалық байланыс орнатуға тырысты. Ресей басқыншылары Орта Азия жеріне басып кіріп, 1876 жылы Түркістан генерал-губернаторлығын (орталығы - Ташкент қаласы) құрды. Қоқан хандығы жойылып, оның аумағы Түркістан генерал-губернаторлығына берілді. Бұхар және Хиуа хандықтарының аумақтары қысқартылып, өздері Ресей боданына айналды. Мақта алқаптары ұлғайтылып, мақта тазалау заттары мен май айыру кәсіпорындары салынды. Орта Азия Ресейдің отарына, оның аграрлы шикізат базасына, өнеркәсіп бұйымдарын өткізу ауданына айналды.

XX ғасырдың басында орыс шаруаларын Орта Азияға қоныс аударту басталды. Экономикалық және әскери стратегиялық мақсатты көздеген патшалық Ресей Орта Азия, Орынбор-Ташкент темір жолдарын сала бастады. 1917 жылғы Ресейдегі төңкеріс елдің қоғамдық-саяси өміріне өзгерістер алып келді. "Шура-и-Ислам", "Шура-и-Улема" ұйымдары, "Жас Бұхаралықтар" қозғалысы пайда болды. Діни және түрікшілдік қозғалыстары күшейді. 1917 жылы 28 қарашада Қоқан қаласында құрылған Мұстафа Шоқай бастаған Түркістан автономиясын көп ұзамай большевиктер күшпен таратты. Ташкентте, т.б. ірі қалаларда жергілікті гарнизон солдаттары мен негізінен славян ұлты жұмысшыларын өз жақтарына шығарып алған большевиктер Кеңес үкіметін орнатты және 1918 жылы РКФСР құрамында Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын жариялады. Бірақ ірі қалалар мен әскери бөлімдер жоқ жерлердің барлығында жергілікті халықтың қолдауына сүйенген басмашылар қозғалысы күрт күшейді.

1920 жылы Ішкі Ресейдегі Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қызыл Армия бөлімдері басмашылар қозғалысын күшпен басты. Көп ұзамай Хиуа және Бұхар хандықтарында да Кеңес өкіметі күшпен орнатылып, халық толқулары Қызыл Армия тарапынан қатыгездікпен жанышталды. 1924-25 жылдары Орта Азия елдерінде ұлттық межелеу жүргізіліп, КСРО құрамында Өзбек КСР-і құрылды. 1937 жылы қабылданған Өзбек КСР-і Конституциясы КСРО тарағанша қолданыста болды. ІІ-дүниежүзілік соғысқа өзбек халқы да белсене араласты. 1991 жылы 31 тамызда өткен Өзбек КСР-і Жоғарғы Кеңесінің сессиясы елдің атауын Өзбекстан Республикасы деп өзгертіп, 1-қыркүйекте елдің тәуелсіздігі туралы Декларация қабылдады.

© pixabay.com

Қазақстандық туристер үшін Өзбекстан несімен тартымды?

Өзбекстандағы туризмге демалыс та, спорттық туризм де кіреді, мысалы, шыңға шығу және шаңғы тебу, білім беру мақсатында саяхат, мұндағы білімнің объектісі осы елдің бай археологиялық және діни тарихы болып табылады.

Ірі қалаларында саяхатшылар Кеңес өкіметінен қалған жөндеуді қажет ететін жатақханалар мен жаңа жекеменшік жақсы жабдықталған қонақүйлер арасында таңдау жасай алады. Соңғы жылдары елде B&B ("жатын орын мен таңғы ас") санатындағы жекеменшік пансионаттар көптеп ашыла бастады, олар әсіресе, Бұхара, Самарқанд, Хиуада орналасқан.

Ыстық су барлық жерде бар. Жекеменшік, шағын қонақүйлерде бойлерлер орналасқан. Қонақүй бағалары қолжетімді.

Өзбекстанға қалай жетуге болады?

Ташкент - Өзбестанның ең ірі, заманауи қалаларының бірі. Өзбекстанға Қазақстаннан автобус, пойыз, ұшақпен жетуге болады. Қазақстанның Түркістан қаласынан Түркістан-Тапшкент бағыты бойынша автобус қатынайды. Жол ұзақтығы - 7 сағат. Сонымен қатар, Ташкент қаласына Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары арқылы да жетуге болады. Алматы-Ташкент бағыты бойынша ұшақ, Нұр-Сұлтан Ташкент бағыты бойынша пойыз жүреді. Билеттерді алдын ала қамдағаныңыз жөн.

Өзбекстандағы көлік қозғалысы

Өзбекстанда Ташкент пен Наманган, Ферғана, Самарқанд, Бұхара, Карши, Термез, Үргеніш және Нөкіс арасында әуе қатынасы жолға қойылған. Темір жолдар Ташкентті Бұхарамен, Үргенішпен, Термезбен (бұл бағыттар Самарқанд арқылы өтеді) және Әндіжанмен (пойыз Тәжікстан арқылы өтеді) байланыстырады. Ташкент пен Самарқанд арасында ыңғайлы жедел пойыздар жүреді. Автобустар мен шағын автобустар Өзбекстан қалалары арасында тұрақты қатынайды. Пойыздар мен автобустарда жүру құны шамамен бірдей және әуе жолымен салыстырғанда төмен.

Өзбекстандағы қалалық байланыс автобустармен және тұрақты маршруттық таксилермен қамтылған, ал Орталық Азиядағы алғашқы метро Ташкентте жұмыс істейді. Бірақ қала ішінде қатынаудың ең жақсы тәсілі - такси. Сапар құны алдын-ала келісілуі керек және кез-келген жағдайда саудаласу қажет, өйткені жергілікті такси жүргізушілері көбіне артық төлем сұрайды. Көптеген өзбек автокөлік жүргізушілері жеке тасымалдаумен айналысады, олардың қызметтерін пайдалануға болады.

Сіз Өзбекстанда автокөлікті тек жүргізушісімен жалдай аласыз.

Өзбекстанда қайда баруға болады?

Өзбекстанның астанасы Ташкент - елдің солтүстік-шығыс бөлігінде Тянь-Шань бөктерінде орналасқан. Қазіргі Ташкенттің орнында ежелгі Шаш қаласы туралы алғашқы деректер сақталған, мұнда бірнеше рет жер сілкінісі болып, қаланың көптеген тарихи ескерткіштерін қиратқан. Көптеген көрікті жерлерін жоғалтқанына қарамастан, Ескі-Шахар деп аталатын Ташкенттің ескі қаласы әлі күнге дейін Өзбекстан астанасындағы ең керемет орын болып табылады. Мұнда сіз ортағасырлық шығыс сәулет өнерінің ерекше ескерткіштерін көре аласыз, мысалы: Көкелдаш медресесі, Барақ-хан медресесі, әл-Каффали Шаши кесенесі, Абдулқасым шейх медресесі, шейх Зайнудин кесенесі, Шейхантаур кесенесі, Қалдырғош би кесенесі және Жүніс хан кесенесі. Ташкентте тарихи ескерткіштерден басқа мұражайлар қызығушылық тудырады: Тимуридтердің мемлекеттік мұражайы, Өзбекстанның өнер мұражайы және қолданбалы өнер мұражайы.

Ташкенттен солтүстік-шығысқа қарай Батыс Тянь-Шаньның Шатқал жотасына кіретін Шымған таулары созылып жатыр. Бұл Өзбекстандағы ең танымал демалыс орындарының бірі: Шымған және Белдерсай тау-шаңғы кешендері, демалыс үйлері және климаттық курорттар бар. Шымған тауларының беткейлері ормандармен жабылған, олардың арасында сарқырамалары мен көлдер де бар. 100 шақырымдай жерде орналасқан Ташкенттен мұнда жету өте оңай. Бұл жерлер Батыс Тянь-Шаньдағы таулы ландшафттардың биоалуантүрлілігін қорғайтын Өгем-Шатқал ұлттық саябағының бөлігі болып табылады.

Ташкенттен батысқа қарай Қызылқұм шөлінің шетінде жасанды Айдаркөл көлі бар - бұл штаттағы екінші үлкен көл (3000 шаршы шақырым). Көл маңында жергілікті көшпенділердің киіз үй қалашықтары орналасқан, онда сіз жергілікті халықтың мәдениетімен танысып, ұлттық тағамдардан дәм тата аласыз. Лагерьлерден Қызылқұмға түйелермен экскурсиялар қарастырылған. Сонымен қатар, Айдаркөл көлі балық аулауға және суда жүзетін құстарды көруге өте қолайлы. Айдаркөл көлінің оңтүстігінде Нұратау жотасының солтүстік беткейінде Нұрата қорығы жатыр.

Ферғана аңғарындағы ең үлкен қала - Ферғана қаласы. Ферғана XIX ғасырдың екінші жартысында, алқап Ресей империясының құрамына кірген кезде құрылды. Қаланың көрікті жерлерінің қатарында оның көптеген саябақтары мен бақтарын, Х ғасырдың ұлы астрономы Ахмад Аль Ферганиге арналған ескерткішті және өлкетану мұражайын ерекше атап өтуге болады. Ферғана қаласынан солтүстікке қарай 15 шақырым - Орталық Азиядағы ежелгі қалалардың бірі - Маргилан. Ол шамамен 2000 жыл бұрын пайда болды. Маргилан Ұлы Жібек жолында тұрған және өзінің қолөнер шеберлерімен мақта және жібек тоқушыларымен танымал болған. Маргилан бүгінде өзінің жібек өндірісімен де танымал.

Қалада XVIII-XIX ғасырлардағы ғимараттар сақталған: Пір Сыддық кешені (XVIII ғ.), Қожа Мағыз кесенесі (XVIII ғ.), Шақар мешіті, Саид Ахмет-Қожа медресесі (XIX ғ.) және Торон Базар мешіті (XIX ғ.). Риштан ауылы Маргиланнан солтүстікке қарай 35 шақырым жерде орналасқан. Ауыл мұнда 1000 жылдан астам уақыттан бері шығарылып келе жатқан қыш бұйымдарымен танымал. Қыш қызыл саздың жергілікті сорттарынан және табиғи минералды бояғыштардан глазурь мен тау өсімдіктерінің күлінен жасалады.

Ферғана аңғарының батыс бөлігінде, Ферғана қаласынан батысқа қарай 88 шақырым жерде Қоқан қаласы орналасқан. Бұл жерлер алғаш рет біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырдағы қытай жылнамаларында айтылады, Қоқан қаласының өзі туралы алғашқы ескерту біздің дәуіріміздің X ғасырынан басталады. XII ғасырда моңғолдар қаланы қиратты. XVIII ғасырдың бірінші жартысында, оның маңында Қоқан хандары әулетінің негізін қалаушы Ескі-Қорған бекінісін қалаған кезде ғана жанданды.

Осы кезден бастап XIX ғасырдың аяғына дейін Қоқан Қоқан хандығының астанасы болды. Оның соңғы билеушісі Күдерханның сарайы - Орда, XIX ғасырдың басындағы Қоқан хандарының қабірі, XIX ғасырдың басындағы Жұма мешіті (Джами), Әмір медресесі мен Норбутаби медресесі (екеуі де XVIII ғасырдың аяғы) Қоқанның бұрынғы ұлылығын еске түсіреді.

Ферғана алқабының шығыс шетінде, Захриддин Бабыр дүниеге келген ежелгі Андижан қалалары қызықты - әскери жетекші, мемлекет қайраткері және Темірдің ұрпағы, ол Үндістанды жаулап алып, XVI ғасырда Моғолстан империясын құрды және Захриддин Бабырдың "Бабырбасы" өмірбаянында алғаш рет аталған Наманган.

Ферғана алқабының жұмсақ климаты мен көптеген минералды бұлақтары көптеген туристерді қызықтырады. Ферғана қаласынан 32 шақырым оңтүстікте, Алай жотасының бөктерінде 450 м биіктікте қан айналымы, жүйке жүйесі, буындар, гинекологиялық және урологиялық ауруларды емдеуге мамандандырылған "Чимион" бальнеологиялық курорты орналасқан. Алай жотасының солтүстік баурайында сәл жоғары биіктіктегі Хамзаабад таулы-климаттық курорты орналасқан. Наманганға жақын, Чартаксай өзенінің аңғарында йод-бромды минералды сулар негізінде жұмыс істейтін "Чартак" бальнеологиялық курорты бар, ал Шатқал жотасының тау жоталдарында көптеген демалыс аймақтары бар Падшаатасай өзенінің аңғары бар.

Самарқанд және оның айналасы саяхатшыларды қатты қызықтырады. Қаланы жаяу серуендеуге болады, экотуризмге де өте ыңғайлы Гиссар мен Түркістан жоталары, Матчин мен Фанн таулары қоршап тұр. Таудың беткейлері көптеген маршруттармен ерекшеленеді, олардың көпшілігі қорғалатын табиғи аумақтарды басып өтеді: Заравшан қорығы, Заамин ұлттық саябағы және Заамин қорығы.Қызылқұмның құмына саяхаттау туристер арасында өте танымал, әсіресе түйемен саяхаттайды. Экскурсия кезінде сіз шөлдің табиғатымен танысып, шөлді көшпенділердің киіз үйлеріне баруға болады, онда жергілікті тағамдар дайындалады және көшпелі тайпалардың мәдениеті туралы айтылады.

Өзбекстан асханасы

Өзбекстанда тамақтану кезінде шай қоса ішіледі, ал шай қайнату тек ер адамдарға жүктелген. Шай ас қорытуды жақсартады, сондықтан өзбектер оны тамақтану барысында ішеді.

Шайдың ең көп таралған түрі - көк шай, сондай-ақ, қара шай, мейіз шай, түрлі жеміс-жидек, емдік шөптерден қайнатылған шай түрлері де жетерлік.

Өзбекстанада алдымен дастарханға тәттілер, кептірілген жемістер, жаңғақ түрлері, жемістер мен көкөністер, содан кейін салқын тіскебасарлар, соңында дәстүрлі палау және басқа да негізгі тағамдар ұсынылады.

Өзбек дастарханында міндетті түрде ыстық күлше нандар қойылады. Оларды қыш пештерде пісіріп, үстіне түрлі дәмдеуіштер себеді. Дәстүрлі ұлттық тағамы - палау, әр өңірінде оны дайындау тәсілі әр түрлі, бірақ палауға қосылатын негізгі тағамдар бірдей, олар - ет, көбінесе қой еті, күріш, сәбіз, пияз, бұрыш, бөріқарақат және тмин дәні.

Әйгілі өзбек тәттілерін айтпай кету мүмкін емес: халва, "зангза" ірімшіктері, сұйық халва "халвайтар", майлы фигуралы печенье "куш-тили", қатпарлы тоқаштар "катлама", сары май шарлары "бихи-дулма" жаңғағымен толтырылған "bugirsak", "новат" балқытылған қант, "чак-чак" қантындағы жаңғақтар, "пашмак" карамельінен мақта кәмпиті және "нишолда" меренгісі. Үстелде әрдайым кептірілген жемістер мен жаңғақтар болады. Жемістер, жүзім, қауын, қарбыз да тіскебасар беріледі.

Сусындар арасында шайдан басқа Өзбекстанда компоттар ("жеміс-суви"), тосаптар ("суви"), шербеттер ("шарвати"), ашытылған сүтті сусындар ("айран") немесе йогурттар ("катык") танымал. Жергілікті алкогольдік сусындар ретінде құрғақ және фирмалық шараптар мен сыралар ұсынылады.

Өзбекстандағы қауіпсіздік

Жергілікті полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзудшылыққа өте қатал. Өзіңізбен әрдайым төлқұжатыңыз болу қажет: бұл полициямен қарым-қатынасты едәуір жеңілдетеді.

Саяхатқа шықпас бұрын халықаралық медициналық сақтандыру жасатқан жөн. Өзбекстанда маусым айынан қазан айына дейін Термез облысында іш сүзегімен, А және В гепатитімен, тырысқақпен, дизентериямен, дифтериямен, құтырумен, менингококкты менингитпен, сондай-ақ жеңіл безгекпен ауыру қаупі бар.

Ішу, тіс жуу немесе мұз жасау үшін тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдаланыңыз. Ет пен балықты алдын ала өңдеуден кейін ғана жеу керек, көкөністер - жақсылап жуылып, алдын ала өңделіп, жемістер қабығынан тазартылады.

Өзбестанға жазда барсаңыз, бүкіл денені жабатын жеңіл мақта киім кигеніңіз жөн.
Бас киім мен көзілдірікті ұмытпағаныңыз жөн.

© pixabay.com

Өзбестаннан қандай кәдесыйлар алуға болады?

Дүкендер дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін, түскі үзіліс 12: 00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Өзбекстанда сауда жасау үшін базарлар өте қолайлы. Олардың көпшілігінің бірнеше ғасырлық тарихы бар. Ескі базарлар ашық аспан астында орналасқан, ал қазіргі заманға сай жабық павильондар галереясы да бар. Сіз мұнда кәдесыйлар, зергерлік бұйымдар мен антиквариат сияқты тауарлардың алуан түрін сатып ала аласыз.
Базарларда саудаласу әдетке айналған. Базарға таңертең барған дұрыс.

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети