07 желтоқсан 2021 16:45

Instagram-да жаңа функциялар пайда болады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram желісі интернетте жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған функциялар ұсынды. Олардың кейбіреулерін келесі жылы іске қосу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желі басшысы Адам Моссеридің айтуынша, Instagram осы бағытта бұрыннан жұмыс істеп келеді.

"Осы жұмыс аясында жастардың Instagram-да қауіпсіздігін арттыруына көмектесетін жаңа құралдар мен функцияларды жариялаймыз", - деді компания басшысы.

Осылайша, ата-аналар мен олардың қамқоршылары жасөспірімдердің қосымшада қанша уақыт өткізетінін көре алады, уақыт шектеулерін белгілей алады. Сонымен қатар, компания АҚШ, Ұлыбритания, Ирландия, Канада, Жаңа Зеландия және Аустралияда бұрын жарияланған "үзіліс жаса" хабарламасын іске қосады.

Сондай-ақ, жасөспірімдер хабарлама арқылы ата-аналарына қолданушылар туралы шағымдана, кейін олар сол желі қолданушыларымен байланыса алады. Компания қолданушыларға өздеріне жазылмаған жасөспірімдерді белгілеуге тыйым салады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети