12 қазан 2021 16:40

Mail.ru Group атауын өзгертеді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Mail.ru Group ресейлік интернет-холдингінің атауы өзгереді, енді бірнеше жоба, оның ішінде "Одноклассники" мен "ВКонтакте" жай ғана VК деп аталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Mail.ru Group ресейлік интернет-холдингінің атауы өзгереді, енді бірнеше жоба, оның ішінде "Одноклассники" мен "ВКонтакте" жай ғана VК деп аталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

VK компаниясының бас директоры Борис Добродеевтің айтуынша, бір брендке айналдыру арқылы қолданушыларға барлық мүмкіндіктер қарастырылады.

"VK - бүкіл компания үшін бір бренд. Mail.ru Group-тан айырмашылығы тек корпоративті деңгейде ғана емес, сонымен қатар, пайдаланушыларға өзге де қызметтер ұсынылатын болады. Компанияның бірыңғай бренді біздің экожүйе ұсынатын барлық мүмкіндіктерді көрсетеді: байланыс пен ойындар, білім беру (мектептен кәсіпке дейін), дәрі-дәрмектер мен азық-түлік жеткізу, такси, интернет-дүкендер және тағы басқалар", - деді Добродеев.

Кейбір жобалар мен қызметтер болашақта VK алатыны айтылды. Соның ішінде:

  • VK Music (бұрынғы Boom);
  • VK Work (бұрынғы Worki);
  • VК хабарландырулары (бұрынғы Юла);
  • VК арқылы танысу (бұрынғы Lovina).

Компанияның бренд-директоры Виолетта Силенина, бұл өзгерістер VК-ның сәйкестендіру дизайнына да әсер еткенін айтты. Оның айтуынша, жаңа монограмма геометриялық жағынан өзгертілген және теңестірілген.

Компанияның жұмыс тобы Saffron Brand Consultants халықаралық консалтингтік компаниясымен бірге жаңа архитектура, позиция мен сәйкестік құрды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети