Астана тұрғыны кене шаққаннан кейін иммуноглобулин тапшылығына шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кене Фото:depositphotos.com

Астана тұрғыны әлеуметтік желіде анасы кене шаққаннан кейін мемлекеттік ауруханадан кенеге қарсы иммуноглобулин ала алмағанын айтты. Әйелдің сөзінше, отбасы елордалық клиникаларды түгел аралап шыққан, бірақ препарат еш жерден табылмаған. Осы шағымдарға байланысты TengriHealth тілшісі Астанада иммуноглобулин тапшылығы бар-жоғын және кене шаққан жағдайда қазақстандықтар не істеуі керектігін анықтап көрді.


Астана тұрғыны әлеуметтік желіде анасы кене шаққаннан кейін мемлекеттік ауруханадан кенеге қарсы иммуноглобулин ала алмағанын айтты. Әйелдің сөзінше, отбасы елордалық клиникаларды түгел аралап шыққан, бірақ препарат еш жерден табылмаған. Осы шағымдарға байланысты TengriHealth тілшісі Астанада иммуноглобулин тапшылығы бар-жоғын және кене шаққан жағдайда қазақстандықтар не істеуі керектігін анықтап көрді.

"Салдары өте ауыр болуы мүмкін"

Жазба авторының айтуынша, анасын Бурабайда кене шаққан. Алдымен әйел травматологияға жүгінген, сол жерден оны кене энцефалитына қарсы иммуноглобулин егу үшін мемлекеттік клиникаға жіберген.

"Ал ондағылар "ешнәрсе істей алмаймыз" деп әрекетсіз қалған. Бұл расымен де солай ма? Кене шағуының салдары өте ауыр болуы мүмкін", - деп жазды зардап шегушінің қызы.

Оның сөзінше, отбасы препаратты бүкіл қаладан іздеп көрген, бірақ нәтиже болмаған.

"Себебі бұл препарат жекеменшік клиникаларға жеткізілмейді. Керісінше, инфекция жұқтырғандарды тіркеу үшін мемлекеттік мекемелерге берілуі тиіс. Кімнен көмек сұрарымды да білмеймін", - делінген жазбада.

Пікір қалдырушылар бұл мәселенің тек елордаға ғана қатысты емес екенін жаза бастады. Кейбіреулер иммуноглобулин мен вакцинаны жалпы Қазақстан бойынша табу қиын екенін айтады.

"СҚ-Фармация" мен Денсаулық сақтау басқармасы не дейді?

"СҚ-Фармация" баспасөз қызметі Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасы 2026 жылға "кене энцефалитына қарсы адам иммуноглобулинінің" 0,09 литріне тапсырыс бергенін хабарлады.

Компания өкілдері жылдық көлемнің барлығы наурызда жөнелтілгенін нақтылады.

"Қазір біз науқасқа препаратты беру үшін оның байланыс нөмірлерін іздестіріп жатырмыз", - деп толықтырды баспасөз қызметі.

Осы уақытта Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасы кенеге қарсы иммуноглобулиннің жеткілікті мөлшерде сатып алынатынын, алайда препаратқа деген қажеттілік аймаққа байланысты екенін растады.

Мәселен, Бурабайда кенеге кезігу қаупі жоғары, сондықтан онда дәрі-дәрмек көбірек жеткізіледі. Ал Астанада бұл көрсеткіш төмен.

"Иммуноглобулин егілмес бұрын, алдымен дәрігерлер науқасқа мұндай терапияның көрсетілімдері бар-жоғын анықтауы керек. Егер препарат шынымен қажет болса, бірақ адам жүгінген медициналық мекемеде ол жоқ болса, мамандар иммуноглобулинді басқа клиникадан тауып, науқасқа көмек көрсетуге тиіс", - деді ведомство өкілдері.

Сонымен қатар баспасөз қызметі кене энцефалитына қарсы вакциналардың бар-жоғына қатысты түсініктеме берді. Олардың мәліметінше, елорда аурудың табиғи ошағына жатпайтындықтан, қалада ТМККК шеңберінде жоспарлы вакцинация жүргізілмейді.

Сонымен қатар, қалалық денсаулық сақтау басқармасы кене шаққан жағдайда Астанадағы мына травматологиялық пункттерге жүгіну керектігін айтты:

  • № 1 немесе № 3 көпбейінді қалалық ауруханаға;
  • № 2 немесе № 3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына;
  • немесе инфекциялық стационардың қабылдау бөліміне (Қалалық инфекциялық орталық).

Қай өңірлер қауіпті саналады?

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәліметінше, Қазақстанда кене энцефалиты бойынша эндемиялық аймақтарға кіреді:

  • Алматы және оның маңы;
  • Алматы облысы;
  • Шығыс Қазақстан облысы;
  • Жетісу облысы;
  • Абай облысының Көкпекті ауданы;
  • Ақмола облысының Сандықтау ауданы;
  • Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы.

Кене шаққан кездегі іс-қимыл алгоритмі

Санитарлық қызметтер мәліметінше, кене шаққаннан кейін зардап шегуші травмпунктке, инфекциялық ауруханаға немесе тіркелген жері бойынша емханаға жүгінуі керек.

Онда дәрігерлер жәндікті алып тастап, содан кейін оны кене энцефалиты вирусын жұқтырған-жұқтырмағанын тексеру үшін Ұлттық сараптама орталығының филиалдарына зерттеуге жібереді.

Егер нәтижесі оң болса, науқасқа кенеге қарсы иммуноглобулинмен профилактикалық шұғыл ем жүргізіледі. Препарат кене шаққан сәттен бастап алғашқы үш күн ішінде тиімді.

Егер адам кенені өз бетінше алып тастаса және оны сараптамаға өткізбесе, иммуноглобулин міндетті түрде егіледі.

TengriEdu