“Көшірме“. Еңбек министрлігі мүгедектікті белгілеу кезіндегі заңбұзушылықтар туралы хабарлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тексеру Фото:depositphotos.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектікті белгілеудің негізділігін, еңбекке қабілеттілікті жоғалту дәрежесін айқындау және әлеуметтік қолдау шараларын тағайындау кезінде құжаттарды қолдан жасау белгілері бар 167 деректі анықтады, деп хабарлайды TengriHealth Еңбекминнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектікті белгілеудің негізділігін, еңбекке қабілеттілікті жоғалту дәрежесін айқындау және әлеуметтік қолдау шараларын тағайындау кезінде құжаттарды қолдан жасау белгілері бар 167 деректі анықтады, деп хабарлайды TengriHealth Еңбекминнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Не болды?

Еңбек министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті аумақтық департаменттермен бірлесіп, медициналық-әлеуметтік сараптамаға түсетін медициналық құжаттарды тексерді.

Мамандар жүйелік сипаттағы заңбұзушылықтарды анықтады. Жекелеген жағдайларда дәрігерлер бір үлгідегі, қайталанатын медициналық қорытындыларды пайдаланған.

Атап айтқанда, сарапшылар мынаны анықтады:

  • әртүрлі пациенттерге бірдей мазмұндағы құжаттардың "көшірме" тәсілімен рәсімделгені;
  • зертханалық талдау нәтижелері, анамнез бен мамандардың қорытындылары толық сәйкес келетін жағдайлар - мұндай құжаттарда тек пациенттердің жеке деректері мен тексеру күндері өзгертілген.

Кімдер үшін әлеуметтік төлемдер тоқтатылды?

Анықталған барлық факті бойынша тиісті шаралар қабылдана бастады. Аумақтық департаменттерге бақылау қайта куәландыруын жүргізу тапсырылды - бүгінде олардың 73-і орындалды.

"Күмәнді жағдайлар бойынша әлеуметтік төлемдер уақытша тоқтатылды, ал заңбұзушылықтар расталған жағдайда мүгедектік тағайындау туралы бұрын қабылданған шешімдер заңнамаға сәйкес қайта қаралады", - делінген хабарламада.

Барлық материал құқық қорғау органдарына жолданды. Министрліктегілер деректерді талдау және мүгедектікті заңсыз рәсімдеудің жолын кесу жалғасатынын атап өтті - бұл жұмыс тұрақты бақылауда.

Бұған дейін Түркістан облысында жекеменшік емханалар жүздеген миллион теңгеге жалған консультациялар мен стоматологиялық қызметтерді рәсімдегені хабарланған болатын. Оның ішінде лицензиясыз қабылдаулар мен жоқ емделушілерді "емдеу" деректері де бар.

Тағы оқыңыз: Алматыда тексерілмеген жабдықтарды пайдаланғаны үшін ауруханаға айыппұл салынды

“Көзді ашу және суды жұту мүмкін болмайды“: үй жағдайында маринадталған көкөністер несімен қауіпті?

TengriEdu