Қазақстандағы кейбір жоғары оқу орындарына, атап айтқанда, педагогикалық мамандықтарға түсу тәртібі өзгереді. Реформа туралы премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Education Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандағы кейбір жоғары оқу орындарына, атап айтқанда, педагогикалық мамандықтарға түсу тәртібі өзгереді. Реформа туралы премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Education Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Балаеваның айтуынша, көпжылдық сәтті тәжірибе барысында ҰБТ жүйесі оқуға түсудің ашықтығын, қолжетімділігін және бірыңғай ережелерін қамтамасыз ететін құрал ретінде өзін дәлелдеді.
"Дегенмен уақыт өз талабын қояды. Білім беру трендтерінде, еңбек нарығында, құзыреттер мен талаптарда трансформация жүріп жатыр", — деді ол.
Шенеуніктің сөзінше, "қазіргі кемшіліктерді мойындап, түзеу" қажет. Сондай-ақ Балаеваның айтуынша, бүгінде жоғары оқу орындарының таланттарды өз бетінше іріктеу құқығы шектеулі. Бұл, ең алдымен, ол "адами капиталды дамытудың драйверлері" деп атаған педагогикалық жоғары оқу орындарына қатысты.
Осыған байланысты премьер-министрдің орынбасары бірқатар шараны қабылдау қажеттілігі туындағанын мәлімдеді.
"Педагогикалық жоғары оқу орындарына талапкерлерді іріктеу кезінде тестілеу жүйесін де, арнайы емтихандарды да қамтитын бағалаудың гибридті түрін қолдану орынды. Бұл ретте басты назарды тек пәндік білімге ғана емес, сонымен қатар ойлау қабілетін, талдау дағдыларын, оқуға дайындығын және т.б. бағалауды енгізуге аудару керек", - деді ол.
Аида Балаеваның сөзінше, бүгінде "педагог" - бұл жай ғана мамандық емес, ол үшін біліммен қатар сыныппен қарым-қатынас жасаудың когнитивті қасиеттері мен оқушылардың ерекше қабілеттерін анықтай білу маңызды.
"Келесі жылдан бастап педагогикалық мамандықтарға түсу кезінде ҰБТ нәтижелерімен қатар ауызша емтихан нәтижелері де ескерілетін болады. Ондағы басты критерий талапкердің сыни ойлау қабілеті мен коммуникациялық дағдыларын бағалау болмақ. Бұл процесте қазіргі уақытта халықаралық сарапшылармен бірлесіп әзірленіп жатқан Admissions Insight Test жаңа тест тапсырмаларына ерекше орын беріледі", - деді премьер-министрдің орынбасары.
Балаеваның айтуынша, дайындық бағдарламаларына (Foundation) шартты түрде қабылдау жүйесінен бас тарту қажет.
"Шартты түрде қабылданған студенттердің шамамен 50-60 пайызы оқу жылы ішінде төменгі шекті баллды жинай алмайтынын тәжірибе көрсетті. Бұл жерде талапкерлердің болашақ мамандықты саналы түрде таңдауы өте маңызды", - деді ол.
Вице-премьер бұл кезекті реформа емес, тестілеу арқылы іріктеу жүйесін, соның ішінде ҰБТ-ны жетілдіру басты рөл атқаратын "сапалы жаңа кезеңге көшу" екенін айтты.
Показать комментарии