Дэвис Кубогының ширек финалында қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Александр Недовесов швейцарлық Роджер Федерер мен Станислас Вавринкиді ұтып кеті деп хабарлайды Vesti.kz.
Дэвис Кубогының ширек финалында қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Александр Недовесов швейцарлық Роджер Федерер мен Станислас Вавринкиді ұтып кеті деп хабарлайды Vesti.kz.
Голубев пен Недовесов алғашқы кездесуде тамаша ойын көрсетіп, бірінші сетті өз 6:4 есебімен аяқтады. Екінші партияда қазақстандық теннисшілер басымдық танытты - 7:5. Ал үшінші сет артықшылығы корт қожайындары Федерер мен Вавринканың еншісіне бұйырды - 6:4. Бірақ Голубев пен Недовесов олардың жарқырап көруіне бұдан кейін мүмкіндік бермеді, төртінші партия - тай-брейк 8:6 боп қазақстандықтардың артықшылығымен тәмамдалды. Матч жайлы мына арадан кеңірек оқи аласыздар.
Осылайша Қазақстан мен Швейцария құрамаларының текетіресі 2:1 есебімен түйінделіп, қазақстандық команданы алға шығарды. Еске сала кетелік, бірінші матчта Голубев әлемнің үшінші ракеткашысы Станислас Вавринканы күтпеген жерден ойсырата жеңген еді, ал Роджер Федерер Михаил Кукушкинді ұтып кетіп, ұпайды теңестірген.
Бұл текетірестің жеңімпазы ертең, 6 сәуірде анықталады, бетпе-бет ойында Станислас Ваваринка Михаил Кукушкинмен, сондай-ақ Роджер Федерер Андрей Голубевпен кездеседі.