04 сәуір 2014 22:37

Голубев Дэвис кубогында Қазақстанды алға шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет daviscup.com сайтынан Сурет daviscup.com сайтынан

Үлкен теннистен Дэвис кубогының ширек финалындағы Швейцария – Қазақстан кездесуін Станислас Вавринка мен Андрей Голубев ашып, біздің елдің намысын қорғайтын теннисші жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Үлкен теннистен Дэвис кубогының ширек финалындағы Швейцария – Қазақстан кездесуін Станислас Вавринка мен Андрей Голубев ашып, біздің елдің намысын қорғайтын теннисші жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ширек финалдағы Швейцария – Қазақстан кездесуінде Андрей Голубев әйгілі Станислас Вавринакны төрт сетте тізе бүктіріп, бүкіл әлемді тәнті қылды. Дәл қазір С.Вавринка әлемнің үшінші ракеткасы болып табылады. Ал А.Голубев бүкіләлемдік рейтингте 64-орында тұр.

Әйтсе де, Голубев әйгілі қарсыласын ұтып, Қазақстан құрамасын алға шығарды. Бірінші сет аса тартысты өтіп, жеңімпаз тек тай-брейкте анықталды. Мұнда Голубевтің айдарынан жел есіп, 7:5 есебімен басым түсті. Тай-брейкте ұтылғаны Вавринкаға қатты әсер етті. Ол екінші сетте ашуға булығып, білгенінен жаңылды. Тіпті өзін-өзі ұстай алмай, қолындағы ракеткасын жерге бір ұрып, майыстырып сындырды.

Екінші сетте Голубевтің жеңісімен аяқталды. Жергілікті жанкүйерлердің қолдауының арқасында Вавринка үшінші сетте басым түсіп, есеп айырмасын қысқартты. Бірақ одан әріге шамасы жетпеді. Шектен тыс шиеленісті өткен төртінші сетте тай-брейкке дейін созылып, тағы да Голубевтің айы оңынан туды.

Жалпы, бұл кездесуде Australian Open турнирінің жеңімпазы, яғни С.Вавринка 70 рет қателесті. Ал Голубев 45 рет қана жаза басты.

Осылай Диас Досқараев басқаратын Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен алға шықты. Қазір кортта үлкен теннистің даңқты, жарық жұлдызы Роджер Федерер мен Михаил Кукушкин ойнап жатыр.

Дэвис кубогы. Ширек финал
Швейцария – Қазақстан – 0:1
Станислас Вавринка – Андрей Голубев – 6:7 (5:7), 2:6, 6:3, 6:7 (5:7).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети