1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Теннис

Қазақстандық теннисші Бейжіңде әлемнің бірінші ракеткасымен ойнайды29 қыркүйек 2019, 15:19

Қазасқтанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева Бейжіңдегі турнирдің екінші айналымына өтті. Бұл жарыстың жүлде қоры - 7,4 миллион доллар, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші айналымда Путинцева ресейлік Анна Блинковамен кездесіп, 6:0, 6:1 есебімен ойсырата жеңді. Кездесу бір сағат он минутқа созылды. 

Айта кетейік, 24 жастағы Путинцева әлемнің 38-ші ракеткасы, ал 21 жастағы ресейлік қыз WTA рейтингінде 66-шы орында. Бұрындары қос қарсылас кездеспеген. 

Путинцеваның келесі қарсыласы - әлемнің бірінші ракеткасы австралиялық Эшли Барти. Бұл оның Бейжіңдегі осы турнирдегі бірінші ойыны.