Михаил Кукушкин "Челленджер" турнирінің финалында жеңіліп қалды

11 Тамыз 2014, 11:40
0

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин АҚШ-та өтіп жатқан "Челленджер" турнирінің жекелей сынындағы финалдық кездесуде жеңіліп қалды, - деп хабарлайды  Vesti.kz.

Финалдық ойында турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші кипрлік Маркос Багдатисқа 6:7, 4:6 есебімен жеңіліп қалды. Ойын небәрі 45 минутқа жалғасқан. АҚШ-та өткен бұл турнирдің жалпы сыйақы қоры - 100 мың доллар. 

Еске салайық, "Челенджер" турнирінің бірінші айналымында Михаил жапониялық Ясутаку Учияманы 6:2, 6:3 есебімен, екінші айналымда ұлыбританиялық Джеймс Уордты 6:3, 6:4 есебімен, ширек финалда үндіс Сомдева Девварманды 7:5, 4:6, 6:2 есебімен ұтса, жартылай финалда отандасымыз Уильямс Ричардты 6:2, 6:2 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Михаил Кукушкин "Уимблдон" турнирінен кейін АТР рейтингінде 52-орынға көтерілген еді. Қазақстандық теннисші ол турнирдің екі кезеңінен сәтті өтіп, үшінші айналымында Рафаэль Надальға жеңілді.

 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай