25 қазан 2019 12:54

Назарбаев теннис матчында жанкүйерлердің "толқынына" қосылды

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев Новак Джокович пен Рафаэль Надальдың матчын тамашалады. Ойын барысында Елбасы жанкүйерлердің "толқынына" қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Нұрсұлтан Назарбаев Новак Джокович пен Рафаэль Надальдың матчын тамашалады. Ойын барысында Елбасы жанкүйерлердің "толқынына" қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қайырымдылық матчы 24 қазанда "Барыс Арена" стадионында өтті. Ойынды Тұңғыш Президент арнайы орыннан тамашалады. Ойын кезіндегі суреттер мен видеолар @elbasy_nazarbayev ресми парақшасында жарияланған. 

Сонымен қатар, парақшада Елбасы ойын жанкүйерлерімен бірге "толқын" жасаған видеосы жарияланған. 

"Матч алдында Рафаэль Надаль Нұрсұлтан Назарбаевқа Испанияның бұрынғы каролі Хуан Карлос біріншінің сәлемін жолдады. Елбасы теннисшіге алғыс айтып, карольге сәлем жолдауды өтінген. Осы сәтте Рафаэль Надаль бұрынғы карольге хабарласып, телефон тұтқасын Назарбаевқа берді. Осылайша матч алдында Елбасы мен бұрынғы кароль телефон арқылы сөйлесті", - делінген жазбалардың бірінде. 

Айта кетейік, матчта Рафаэль Надаль жеңді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети