04 қазан 2020 16:36

Ресейлік теннисші "Ролан Гарроста" келісілген матчқа қатысты деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Яна Сизикова. Фото: Eurosport.ru © Яна Сизикова. Фото: Eurosport.ru ©

Ресейлік теннисші Яна Сизикова Франция ашық біріншілігінің бірінші айналымында келісілген матчқа қатысты деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды "Р-Спорт".


Ресейлік теннисші Яна Сизикова Франция ашық біріншілігінің бірінші айналымында келісілген матчқа қатысты деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды "Р-Спорт".

Дереккөздің хабарлауынша, америкалық Мэдисон Бренглмен жұптасып өнер көрсететін ресейлік спортшыға теннистегі сыбайлас жемқорлық жағдайларымен айналысатын Tennis Integrity Unit тергеуінде айып тағылды.

Әйелдер арасындағы жұптық жарыстың бірінші айналымында Сизикова Мэдисон Брэнглмен бірге румындар Кристина-Андреа Миту мен Патрисия-Мария Цигке қарсы ойнаған. Румындар 7: 6, 6: 4 есебімен жеңіске жеткен. Tennis Integrity Unit Сизикованың екінші сетте екі рет жіберген қателігінен соң күдіктенген. Тергеушілер осы кезде букмекерлік кеңселердегі белсенділікті байқаған. Инсайдерлік ақпаратқа сәйкес, бәс мөлшері бірнеше жүз мың еуроға дейін жеткен.

25 жастағы Сизикова жекелей сында да, жұптық сында да үлкен жетістіктерге жеткен жоқ. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети