04 маусым 2021 09:08

Сабина Алтынбекова әлемдегі ең әдемі 100 адам рейтингіне ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Instagram / @altynbekova_20 Фото Instagram / @altynbekova_20

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова The 100 Most Beautiful Faces of 2021 - "2021 жылдың ең әдемі 100 адамы" тізіміне ұсынылды. Спортшы тізімге ену үшін Марго Робби, Скарлетт Йоханссон және Селена Гомеспен жарысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова The 100 Most Beautiful Faces of 2021 - "2021 жылдың ең әдемі 100 адамы" тізіміне ұсынылды. Спортшы тізімге ену үшін Марго Робби, Скарлетт Йоханссон және Селена Гомеспен жарысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сабина Алтынбекова 2021 жылғы ең әдемі жүз адамның тізіміне ұсынылды. Құттықтаймыз! Оны қолдау үшін лүпіл басып, пікір қалдырыңыздар", - деп хабарлайды TC Candler ойын-сауық сайтының Instagram-дағы парақшасында.

Сабинадан бөлек, үміткерлер тізімінде Скарлетт Йоханссон, Марго Робби, Эмма Уотсон, Зендая, Галь Гадот және басқа да атақты адамдар бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TC Candler (@tccandler)

Жыл сайынғы "Жылдың ең әдемі 100 адамы" тізімін тәуелсіз Independent Critics сұлулық сыншылары жасайды. Рейтинг TC Candler ойын-сауық сайтында жарияланады. 

Бұған дейін қазақстандық әнші, Ninety One тобының солисі Азамат Ашмақын (ACE) The 100 Most Beautiful Faces (Ең әдемі 100 адам) байқауының номинанттар тізіміне енгені хабарланған болатын.

Еске салайық, "2018 жылдың ең әдемі 100 адамы" байқауының номинанттары қатарына қазақстандық модель Айя Шалқар да кірген. 

Одан бұрын Димаш Құдайберген ерлер арасында "2017 жылдың ең әдемі 100 адамы" тізіміне енген еді. Youtube желісіндегі TC Candler арнасы Димашты 76-орынға қойған болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети