Қазақстандық Ярослава Шведова Әйелдер теннис ассоциациясының (WTA) жаңартылған рейтингінде алты сатыға жоғарылады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық Ярослава Шведова Әйелдер теннис ассоциациясының (WTA) жаңартылған рейтингінде алты сатыға жоғарылады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Өткен аптада Ярослава Шведова Хертогенбоста (Голландия) өткен турнирде ширек финалға дейін шықты. Нәтижесінде ол 70-ші орынға көтерілді. Ал Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс екі сатыға төмендеді, яғни ол 34-ші орында тұр. Қазақстандық тағы бір теннисші қыз Юлия Путинцева 93-ші орнын сақтап қалды.
Еске сала кетейік, осыған дейін Шведованың әлемнің 10-шы ракеткасын жеңгені хабарланған болатын. Андреа Петковичпен өткен кездесу 5:0 есебімен қазақстандықтың пайдасына шешілді. 27 жастағы неміс қызы ойынды жалғастырудан бас тартты.